ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Алматыда Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кеші өтті

Алматыда Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кеші өтті

Dimash World Алматыда Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кеші өтті

Алматыда Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кеші өтті

26 мамырда Алматыда ерекше іс-шара өтті. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен фан-кездесуі және Қазақстанның танымал әртістерінің қатысуымен өткен шығармашылық кеші болды. «Almaty Arena» стадионында әртісті туған күнімен құттықтауға қазақстандықтар мен әлемнің 40 шақты елінен оңтүстік астананың қонақтары – 10 мыңға жуық көрермен келді.

Кештің бірінші бөлімі көп дауысты көрермендер орындауындағы «Happy Birthday to you» ұжымдық хорымен басталды.
Концерттің әсерлі сәті – Димаш сахнадан тікелей телефон арқылы хабарласқан Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың құттықтауы болды.

Кездесу форматы әншінің шығармашылығы мен өнеріне қатысты түрлі өзекті тақырыптарды талқылаудан тұрды. Сондай-ақ, жүргізушілер Димашты шағын интерактивтерге қатыстырып, тест сұрақтарына жауап беруді ұсынды.

Шарада ең көп талқыланған тақырыптардың бірі – Димаштың «Тау ішінде» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны болды. Әртіс өзінің сүйікті, танымал әніне қайта оралып, оған комедиялық форматта бейнебаян түсіруге шабыттандырған оқиғасымен бөлісті.

Бейнебаянның тақырыбын талқылау финалында Димаш жариялаған ең қызықты бейнероликке арналған челлендждің қорытындысы шығарылды. Ең көп қаралған бейнебаяндардың ішінде @aqmonshaq_nurtaza және @andrea_kudaibergen аккаунттарындағы роликтер – ең креативті болып таңдалды.

Жеңімпаз сыйлық ретінде өз таңдауы бойынша Димаштың кез-келген (Барселона, Берлин, Лондон, Рига) концертіне билет ұтып алды. Сыйлыққа ұшу және жатын-орын ақысы кіреді.

Фан-кездесуден аз уақыт бұрын Димаш Instagram парақшасында Dears өзіне қандай сұрақтар қойғысы келетіні туралы қызығушылық танытып, әншінің командасы сұрақтарға арналған арнайы Google формасын ашқан болатын. Іс-шарада жер шары бейнесіндегі DQ фан-бокс Димашқа арналған сұрақтардың кездейсоқ таңдауын ұсынды.

Бір сұрақ Димаштың актер ретіндегі мансабына қатысты болды. Бұл сұраққа әнші: актерлық қырымды дамытуға тырысамын, алайда музыкант ретіндегі өз жолымды ары қарай дамыта түсуге ерекше назар аударамын,- деп жауап берді.
Музыкадағы жасанды интеллекттің рөлі туралы сұраққа Димаш: музыка – менің жаным, ал қалғанының бәрі онымен салыстырғанда маңызды емес, – деп жауап берді.

Әңгіме барысында Димаш алдағы іс-шаралардың біраз сырымен бөлісті. Өнер иесі келесі жылы «Singer» жобасын шығаратын әйгілі Hunan телеарнасымен бірлесе отырып, халықаралық вокалдық байқау – жаңа шоу дайындап жатқанын, онда Димаш аты аңызға айналған әлем музыканттарымен бірге продюсер және қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысатынын айтты.

2024 жылы 13 және 14 қыркүйекте Астанада Димаштың жеке концерті кезінде түсірілген «Stranger» музыкалық фильмі 27 мамырда Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі. Өнерпаз фан-кездесуде барлығын премьераға шақырып, сиқырлы кристалдарды іздеп уақыт пен кеңістікті кезіп жүрген басты кейіпкердің тарихымен бөлісті.

Кеш қонақтарының бірі – Атырау облысы, Алмалы ауылының тұрғыны, 11 жастағы Иса Бекболат есімді бала. Ол жақында Атырау қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында «Балқадиша» әнін орындады. Бұл видео әлеуметтік желіде трендке айналған болатын. Димаш өскелең ұрпақты үнемі қолдап келе жатқан тұлға ретінде жас спортшыны фан-митингке шақырды. Фан-кездесуде Иса сол әнін орындап, Димашпен әңгімелесіп, одан ақжарма тілектер естіп, әр түрлі сыйлықтар мен домбыра сыйға алды.

Қолдау және қайырымдылық тақырыбы Димаштың БҰҰ ізгі ниетті елшісі ретіндегі миссиясын талқылау кезінде де көтерілді. Димаш Астанада үш күннен кейін өтетін Astana International Forum атты іс-шарада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен тағы кездесуді жоспарлап отырғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Димаштың жанкүйерлері үшін жаңалық – «Stranger» турының аясындағы жаңа концерті туралы хабарландыру болды. Жарнамалық бейнероликтің көрсетілімінде көрермендер өздерін Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden стадионында жүргендей күй кешті.
Концерттің өтетін күні 27 мамырда белгілі болады.

Кештің концерттік бөлімінде Димаштың достары мен әріптестері оның репертуарындағы әндерін орындап, түрлі қолйылымдар қойды.

Концерттің ашылу салтанатында Дастан Оразбеков өзінің тамаша даусымен көрермендерді тәнті етсе, DQ шоу-балет «Жалын» әнімен өнер көрсетті.
Әнші Ернар Амандық пен Ақбота Нұр «Махаббат бер маған» композициясын орындаса, Әміре «Аққуым» әнімен тамаша интерпретация жасады.

Зарина Алтынбаева «Ave Maria» және жас вокалист САДРАДДИН Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

«КешЮ» триосы DQ шоу-балетімен бірге «Be with me» әнінің жаңа нұсқасымен көрермендерді тәнті етсе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев «Дайдидау» композициясын орындады.

Финалда барлық шақырылған әртістер «Любовь уставших лебедей» әнін Димашпен бірге орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Димаш өнер көрсетпес бұрын оның анасы Светлана Айтбаева кенже ұлы Мансұр мен домбырашылар Темірлан мен Ернаттың сүйемелдеуімен «Ата-ана» әнін орындады.

Би тобымен сахнаға қайта оралған Димаш «Дүрдараз», «Weekend» және «Give Me Your Love» әндерін орындап, тамаша өнер көрсетті.

Осы кеште премьералар алғаш рет сахнада көрсетілді. Олар:
Көрермендердің көңілінен шыққан «Тау ішінде» және Димаштың пианинода сүйемелдеуімен орындаған «Love’s Not Over Yet».

Құрметті достар! Бүгін тағы да концерттік атмосфераны сезінуге болады. Кинотеатрларда «Stranger» музыкалық фильмі көрсетіле бастайды. Фильм тамаша көңіл-күй сыйласын!

Соңғы жаңалықтар

Будапештте Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің алдағы концертіне арналған баспасөз конференциясы өтті

17 желтоқсанда Будапешт қаласында Virtuosos Talent Show және Broadway Events Hungary ұйымдарының бастамасымен үш бірегей өнер иесін, атап айтқанда:...

Димаш Құдайберген Халықаралық мигранттар күніне арналған құттықтауын жолдады

18 желтоқсанда, Халықаралық мигранттар күніне орай, БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі – Халықаралық көші-қон ұйымының Жаһандық елшісі Димаш Құдайберген әлемдік...

Димаштың Чилидегі жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық акциясына қатысты

Қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің Чилидегі Dimash Latin Dears Chile фан-клубы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға көмек көрсетуге бағытталған...

Димаш Құдайбергеннің италиялық жанкүйерлері аутизмі бар балаларды қолдауға қаражат жинады

Италияда Димаш Құдайбергенге арналған мақала жарияланғаннан кейін аутизмі бар балалар мен жастарды қолдауға бағытталған қайырымдылық бастама қолға алынды. «Димаш...

Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

«STRANGER» концерттік бағдарламасы Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жүректерді біріктірді:
Алматы – Ереван – Анталья...