ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

Dimash World Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның інісі, аспапшы Мансұр Құдайберген жоба үшін арнайы жазылған «Самғау» әнін көрермен назарына ұсынды.

Концерттік бағдарламаны қытайлық музыка сарапшысы Ли Юйгань ашты. Ол танымал «新贵妃醉酒» («Мас болған ханым») композициясының жаңа нұсқасын орындады. Өз өнер туындысының алдында маэстро былай деді:

«Мен әрдайым музыка Каспий теңізінің толқындары секілді шекараларды еңсеріп, алыс таулармен үндесе алатынына сеніп келемін. Бүгін мен әуен арқылы теңіз бен таулар арасындағы сұхбатты байланыстырғым келіп тұр. Ұлы Жібек жолының шынайылығы мен махаббаты толқындардың үнімен аңғарларға тарай берсін».

Қытайдан келген екі қатысушы — опера әншісі Цай Чэнъюй және халық вокалисті Ла Даньчжу өздерін жаңа қырынан сынап көру мақсатында рэп элементтері бар кроссовер форматында өнер көрсетті. Олар «山河图» («Таулар мен өзендер картасы») әнін таңдауға Бозжыра шатқалына жасаған сапардың ерекше әсер еткенін атап өтті. Ұлы табиғи көріністер олардың бойындағы бұрын жасырын болып қалған еркіндік сезімін ашқандай әсер қалдырған.

«Nel blu, dipinto di blu», көпшілікке «Volare» («Көгілдір аспанда қалықтау») атауымен танымал туындысында Джулия Фальконе мен Нұр Чолпон Италия мен Қырғызстан мәдениеттерін тоғыстырған ерекше атмосфера қалыптастырды. Шығармадағы қырғыз тіліндегі шумақ бұл мәдени ықпалдастықты одан әрі тереңдетті. Әннің сөздерін Нұр Чолпон өзі жазып, онда Ақтау өңірінің табиғатын сипаттау арқылы қонақжай Қазақстанға құрмет білдірді.

Серб тіліндегі «Tamo daleko» («Алыста») және қазақ тіліндегі «Самал тау» әндері Нұржас Садырбаев пен Принцтің дуэттік орындауында үндестік тапты. Орындаушылардың ер адамға тән қуатты дауыстары екі халықтың тарихи тағдырындағы ауыр кезеңдерді еске түсіріп, оларды біріктірген ортақ қайғы мен сезімді жеткізді.

Принц пен Нұржас дуэтінің өнер көрсетуінен кейін Димаш Құдайберген былай деп атап өтті:

Сіздердің дауыстарыңыз Қазақстан мен Сербияның кеңдігі мен айбындылығын толықтай көрсете алатындай нық әрі қуатты. Осындай қысқа уақыт ішінде көрермен алдында ауқымды туындыны батыл орындау — үлкен ерлік пен жауапкершіліктің белгісі. Алдағы уақытта араларыңыздан бірі Қазақстанның, екіншісі Сербияның мақтанышына айналарына сенімдімін. Осы туындыларыңызды әлемге танытып, өздеріңіздің әсем дауыстарыңызбен баршамызды тәнті етіп жүре беріңіздер».

Фольклорлық мұраларды жинақтау мақсатындағы сапар барысында Малайзиядан келген қатысушы Джерил Ли мен қытайлық әнші Чжан Синью көптеген қызықты адамдармен танысып, олардың өмірлік оқиғаларын тыңдап, сол әсерлерді ән арқылы жеткізуді мақсат еткен еді. Орындаушылар гофэн және rhythm-and-blues элементтері тоғысқан «鱼儿说» («Балықтың сыры») атты лирикалық туындыны орындап, тыңдармандардың жүрегін ерекше әсерге бөледі.

Концерттің ерекше нөмірлерінің бірі Димаш Құдайбергеннің өзі орындаған авторлық «Самғау» әні болды. Ақын Жарасхан Нұрбайдың сөзіне жазылған туындыға, Димаштың айтуынша, мол жан тебіренісі мен ішкі сезімдері арқау болған. Мансұр Құдайберген электрогитара партияларын орындап, композицияның қуатты энергетикалық мазмұнын күшейте түсті. Ән арқылы ағайынды өнерпаздар туған жерге деген терең сүйіспеншіліктерін білдіріп, барша тыңдарманды армандарына батыл қадам жасауға шақырды.

Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасынан көріңіздер:

Дуэттер арасындағы алғашқы сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қытайдан келген Цай Чэнъюй мен Ла Даньчжу иеленді. Италия мен Қырғызстан өнерпаздары Джулия мен Нұрдан құралған дуэт екінші орын алды. Ал Сербия мен Қазақстан өкілдері үздік үштікті түйіндеді.

Шоудың келесі кезеңі Қазақстанның ең ірі қаласы — Алматыда өтеді. Алты елден келген сегіз әнші Тянь-Шань тауларының баурайындағы «алмалы қаласына» жетіп, қарлы шыңдар аясындағы дала сахнасында көкжиектерден асқан музыкаға деген құштарлықтарын паш етпек…

Соңғы жаңалықтар

Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстан астанасы туралы баяндап берді

«Voice Beyond Horizon» шоуы қатысушыларды шабыт іздеу мақсатында үш түрлі бағытқа аттандырды. Музыканттарды Назарбаев Университеті, қала бойынша экскурсия немесе...

Будапешттегі оперетта театрындағы түсірілімдер — Димаш Құдайберген Венгрия астанасындағы бірегей концертке дайындықты бастады

18 сәуір күні Будапешт қаласында басты орындаушылар ретінде Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген өнер көрсететін ерекше концерт өтеді. Аталған...

Бельгияда Димаш Кудайберген шығармашылығына арналған радиобағдарлама эфирге шығады

Бельгиядағы MCS Radio Aywaille радиосында Димаш Кудайберген шығармашылығына арналған арнайы бағдарлама қайтадан өтеді. Эфир 30 сәуір күні Орталық Еуропа уақыты...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Наурыз мейрамын Прагада атап өтті

2026 жылдың 12 сәуірінде Прага қаласындағы Панкрац саябағында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырылып, оған Димаш Құдайбергеннің чехиялық фан-клубы қатысты....

Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

2026 жылдың 11 сәуірінде Қытайдың Макао қаласындағы Venetian Macao Arena алаңында «2026 Weibo Gala 微博文化交流之夜» атты салтанатты кештің ашылуында...