ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем "Аманат" қазақ күйінің антологиясы: бабалар мұрасын қалай сақтау керек

«Аманат» қазақ күйінің антологиясы: бабалар мұрасын қалай сақтау керек

Әлем "Аманат" қазақ күйінің антологиясы: бабалар мұрасын қалай сақтау керек

«Аманат» қазақ күйінің антологиясы: бабалар мұрасын қалай сақтау керек

2021 жылдың ақпан айында «Аманат» қазақ күйінің антологиясы» атты бірегей басылымның тұсаукесері өтті. Ал маусым айында жинақты құрастырушылар өз жұмыстарын АҚШ-қа ұсынды. Жоба авторы Света Бабагүл DimashNews-пен ауқымды еңбектің құрылу тарихымен бөлісті.

Болашақ ұрпақ алдындағы парыз

Қазақ мәдениетінің жарқын құндылықтарының бірі – күйлерге арналған жинақ жасау идеясы осыдан сегіз жыл бұрын белгілі қазақстандық домбырашы Айтжан Тоқтағанмен кездесу кезінде «Сауап» қоғамдық қорында туындаған болатын.

Әңгіме музыка және қазақ халық өнері туралы болды. Осы кездесуден бірнеше жыл бұрын «Мың күй, мың ән» жинағы жарық көрді. Сол кезде Света Бабагүл Айтжан Тоқтағаннан жинаққа неліктен мың күй ғана кіргенін сұрады, себебі мәдениеттанушы Ақселеу Сейдімбектің мәліметі бойынша олардың саны 6-7 мыңға жуық болған.

Айтжан Тоқтағановтың айтуынша, жинаққа тек қазақстандық мұрағаттардан табылған күйлер ғана енген. Кейбірі жоғалды, тағы басқалары өзге елдердің мұрағаттарында сақталды.

«Сол уақытта менің еңсем түсіп кетті. XXI ғасырда барлық күйлерді барынша жоғары мөлшерде жинап, цифрландыру қиын ба деген сұрақ басымнан шықпады? Айтжан Тоқтаған маған бұл үлкен зерттеу жұмысы, бүкіл ведомство айналысуы тиіс екенін ескертсе де, мен бәрібір байқап көруді жөн көрдім. Өйткені, мүмкін емес ештеңе жоқ, бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз», – деп бөлісті Света.

Света Бабагул кездесудегі әңгімеден кейін жұмысты нақты бастауға шешім қабылдады және кейінірек жобаның бірлескен авторы болған зерттеуші Мүслім Хасеновке жүгінді. Жоспарды жүзеге асыру үшін әртүрлі мұрағаттарға жүгінуге тура келді.

Жай ғана жинақ емес

Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан 300 күй алынды, тағы 200-і Жаулыбай Иманалиев пен Қытайдан келген Ардаби Мәулеттің жеке мұрағаттарынан сатып алынды. Осылайша, «Сауап» қоғамдық қоры бұрын сапалы түрде жарияланбаған 500 шығарманы жинай алды.

Света Бабагүл жобамен жұмыс барысында бұл жай ғана жинақ емес, шығарма авторларының өмірбаяны, күй туралы әңгімелер мен аңыздар жазылатын толыққанды ғылыми еңбек болады деп шешті.

«Біз кітаппен жұмыс істеген кезде, ондаған жылдар бойы өзекті болып келетін сапалы жұмыс жасау маңызды болды. Оны қолға алған адам мұнда әр кезеңде қажырлы еңбек жатқанын бірден түсінуі үшін», – дейді Света Бабагүл.

Сондай-ақ «Сауап» қоры жинақтың тарихта сақталғанын қалағандықтан, оны үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарып, бүкіл әлемге тарату туралы шешім қабылданды.

Басылымның теориялық бөлігін Жанғали Жүзбай мен Пернебек Шегебаев сынды жазушыларға сеніп тапсырды. Сонымен қатар күйлердің ескі жазбалары жаңартылып, цифрландырылып, реставрацияланды.

Жинақта жұмыс сегіз жылға созылды және әр кезең, материал жинаудан бастап авторлық құқық мәселелерін шешуге дейінгі жұмыстарға көп уақыт пен күш қажет болды. Жобаны жасаушылар олардың өткен және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін қозғағанын айтады, өйткені материалдық емес құндылықтар үшін де біреу жауап беруі керек.

Жинақ авторларының жұмысы барысында «Аманат» ғылыми-ағартушылық еңбектердің тұтас бір топтамасын құрайды деген идея келді. «Қазақ күйінің антологиясы» оның бірінші бөлігі болады, ал екінші бөлігі – қазақ эпосының ерекше түрлеріне – жыр-дастан, терме-толғауға арналады.

«Екінші бөлім бойынша жұмыс бір жарым жылдан бері жалғасып келеді, – деп түсіндіреді Света Бабагул, – және бұл жоба бұрынғыға қарағанда әлдеқайда күрделі. Алайда біз оны келесі жылы шығарамыз деп үміттенеміз».

АҚШ-тағы «Қазақ күйінің антологиясы»

Күйлерге арналған жобаны дәріптеу аясында «Сауап» қоғамдық қоры өзінің жинағын АҚШ-та таныстырды.

11 маусымда «Аманатты» Нью-Йоркте, 15 маусымда – Бостонда және 18 маусымда – Сан-Францискода ұсынды. Ал 22 маусымда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жинақ АҚШ астанасында таныстырылды. Іс-шараны Қазақстан елшілігі, «Каспий саясаты орталығы» (Caspian Policy Center) және «Сауап» қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тұсаукесерге «Сауап» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев, «Аманат» жобасының авторының бірі Мүслім Хасенов, ал модератор ретінде АҚШ-тың сыртқы саясат жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы, Елші Сьюзан М. Эллиотт қатысты.

Тұсаукесер қазақ халық аспаптары -домбыра, сыбызғы және қобызда орындалған күйлердің шағын концерті түрінде өтті. Музыканттардың орындауы алдында Мүслім Хасенов аспаптарға қысқаша сипаттама беріп, әр күйдің мағынасын түсіндірді.

Мүслім бұл жинақтың алғашқы шетелдік тұсаукесері екенін, оның даналары АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк, Бостон және Сан-Францискодағы ірі кітапханаларына, соның ішінде АҚШ Конгресінің кітапханасына берілгенін атап өтті.

Іс-шара американдық қоғамдастықтың қызығушылығын тудырды, қатысушылар атқарылған жұмысты жоғары бағалап, сұрақтар қойды. Мүслім атап өткендей, қонақтар арасында Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері көп болды. АҚШ-қа сапар барысында Қор қызметкерлері американдықтардың қазақ тілін белсенді меңгеріп, домбыра ойнауды меңгеріп жатқанына назар аударды.

«Осындай үлкен жобалар жүзеге асса – бұл үлкен жеңіс. Бізде әдемі күйлер өте көп, оларды жастар, өкінішке орай, тыңдамайды. Дәл қазір біз ұлттық мәдениетіміздің маңызды бөлігін жоғалтып жатырмыз және бұған жол бермеу үшін бәрін жасауымыз керек», – деді Света Бабагүл.

«Сауап» қоғамдық қорының ресми аккаунттары: https://www.facebook.com/amanatsauap.kz/ https://www.instagram.com/amanat_sauap.kz/

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері: көру қабілеті нашар жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

27 наурызда Астанада көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетуге арналған қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері өтті. Ш.Шаяхметов...

Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие болды

25 наурызда Димаш Құдайбергеннің шығармасы Чили мен Эквадордың радио-парадтарында 1-ші орынды иеленді. Чилидегі Radio Hoy радиостанциясында «When I’ve got...

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

«Қош келдің, Наурыз!» - деген тамаша атаумен алғашқы рет Балтық жағалауы елдері, оның ішінде Латвияда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып,...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды

Димаш Құдайбергеннің «When I’ve Got You» атты жаңа композициясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиодан шырқалып, өз жалғасын табуда. Сондай-ақ, жақында Сербия,...