ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Ақтөбеде Baqytty Bala байқауының басталуына орай баспасөз конференциясы өтті

Ақтөбеде Baqytty Bala байқауының басталуына орай баспасөз конференциясы өтті

Басты жаңалық Ақтөбеде Baqytty Bala байқауының басталуына орай баспасөз конференциясы өтті

Ақтөбеде Baqytty Bala байқауының басталуына орай баспасөз конференциясы өтті

Baqytty Bala балалар вокалдық байқауының III маусымының 1 кезеңі басталды. Баспасөз мәслихатында қазылар алқасының мүшелері мен фестиваль ұйымдастырушылары БАҚ сұрақтарына жауап берді.

Baqytty Bala 2021 баспасөз конференциясыЖурналистермен кездесу 9 тамызда Ақтөбе қаласының «Өнер орталығы» концерт залында өтті.

Журналистердің сауалдарына «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, байқаудың қоюшы режиссері Анна Обоянская, сондай-ақ Марат Әйтімов, Николай Текелиев, Светлана Айтбаева, Клара Төленбаева және Сильвия Андрианалариманга жауап берді.

Baqytty Bala басқа фестивальдерден немен ерекшеленеді деген сұраққа Қанат Айтбаев былай жауап берді:

«Baqytty Bala» – тек бір-бірімен бақталас, бәсекелес болатын фестиваль емес, бұл өмірде және шығармашылықта дос табуға мүмкіндік беретін байқау. Кеше балалармен танысқаннан кейін біз олардың бір-бірімен тіл табысып, достық байналыс орнағанын көрдік. Өзара әзілдеп, ойнап, барлығы бірге көңіл көтеріп жүрген қатысушыларға қарап біздің басты мақсатымыз орындалды деп батыл айта аламыз. Өйткені, мұндай байқаулар мен фестивальдар жүректе тек жағымды эмоциялармен қалуы керек».

Фестиваль режиссері Анна Обоянская жыл сайын байқауға вокалдық шеберлігі өте жоғары балалар қатысатынын атап өтті:

«Қатысушыларға қарап менің кеудемді қуаныш, мақтаныш кернейді. Барлық үш маусымның қатысушылары шынымен де жоғары деңгейдегі вокалистер. Біз балаларымыздың болашақтағы жетістіктерін байқаймыз, өйткені олардың барлығы өз елінің деңгейінде де, халықаралық деңгейде де үлкен конкурстардың лауреаттары атанып жүр».

Қазылар алқасының мүшелері барлық қатысушыларды қызықтыратын сұрақтардың біріне жауап берді. Балалардың өнері қалай бағаланады және неге ерекше назар аударылады?

«Қазір әншілерден кем түспейтін еш кем музыкалық дарыны бар балалардың толқыны келді. Олар сахнада өздерін кәдімгі кәсіби әртіс секілді ұстап, өнер көрсетеді. Дайындықты көзім шалып қалып, мен бүгін оларға қалай баға беремін деп деген ой келді. Бұл ең қиын да, қобалжитын сәт. Дегенмен қазылар алқасы ретінде мен бірінші кезекте әуенді орындаудағы интонациялық тазалыққа назар аударамын. Сондай-ақ әдемілік, әртістік қабілет, сахналық бейне, киім-кешек те маңызды. Барлық балалар өте жақсы және өте дарынды. Бізге өте қиын болады», – деп жауап берді Светлана Айтбаева.

Эстетика докторы Николай Текелиев бәріне, тіптімаңызды емес нәрселерге деназар аударатынын айтты:

«Бұл вокалдық байқау болғандықтан, бірінші кезекте, әрине, вокалдық шеберлік келеді. Бірақ мен өнерінен басқаға да ерекше назар аударамын: бала қалай киінді, репертуары қандай, сахнаға қалай шығып, орындап болған соң сахнадан қалай шыққанына дейін қараймын. Қатысушыларға үнемі айтатын сөзім: «Сендердің өнер көрсетулерің сахна сыртынан басталып, сахна сыртында аяқталады». Сондықтан сахнаға лайықты болып шығып, одан лайықты кету керек. Репертуар да маңызды. Өзге тілдегі ән болатын болса, конкурсанттан оның мағынасын сұрап аламын. Ән орындаушының жасына сай келуі керек . Бала махаббат жалынынан жанып барамын деп ән айтып тұрса, бұл көңілге қонымсыз. Маған ұнамайды».

Өзбек әншісі Сильвия Андрианалариманга байқауға қатысушылардың даралығын бәрінен бұрын бағалайтынын атап өтті:

«Біреуді қайталап, өзгеге еліктеудің қажеті жоқ, әркім өзін ғана көрсете алу керек. Өзінің харизмасы мен даралығын көрсете білуі шарт. Егер қатысушы өгеге елтіп кеткен болса, мен оны бірден сеземін».

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...