ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Туризм ARNAU TOUR: Ресей астанасы - Мәскеуде

ARNAU TOUR: Ресей астанасы – Мәскеуде

Әлем Туризм ARNAU TOUR: Ресей астанасы - Мәскеуде

ARNAU TOUR: Ресей астанасы – Мәскеуде

Мәскеу – мыңдаған жарық шамдардың, қарама-қайшылықтар мен оқиғалардың әдемі қаласы. Ресейдің жүрегі болып саналатын шаһардың әр көшесі – біреуге үлкен арман болса әрі сонау бір тарихтың жаңғырығы іспетті. Мәскеу – Еуропаның және бүкіл әлемнің ірі мәдени орталығы. Мұнда көптеген театрлар, концерт залдары, мұражайлар мен көрме кешендері бар. Дәл осы таңғажайып қалада 9 наурызд күніДимаш Құдайбергеннің «ArnauTour» аясындағы үздік концерттерінің бірі өтеді.

Мәскеудің негізі қаланған күн оның алғашқы жылнамаларының беті болып саналады, дәлірек айтсақ, 1147 жыл. Қазіргі Ресей астананың негізін қалаушы – Киевтің Ұлы князі Юрий Долгорукий. Әрине, Мәскеудің іргесі Киев князьінің келуінен әлдеқайда бұрынырақ қалағаны анық. Алайда, ол туралы ешқандай дерек жоқтың қасы.

Мәскеу бүгінде таңғажайып қалалардың қатарында, көптеген ерекше нысандары, ескерткіштері мен назар аударарлық орындары бар. Шаһар көшелері кешегі дәуірлердің шынайы көрінісінен сыр тартады, мұнда заманауи тіреуіштер мен кеңестік ғимараттар белгілі аймақтарға жақын орналасқан.

Мәскеуге алғаш рет аяқ басқандар алдымен әйгілі Қызыл алаңды аралағаны жөн. Өйткені, мұнда ғасырлық тарихтың құндылықтары – қаланың негізгі нысандары орналасқан. Қызыл алаңның айналасында Кремль сарайы, Мәскеу мемлекеттік университеті, көптеген соборлар, ескерткіштер мен мұражайлар бар. Мұндағы әрбір нысан – нағыз сәулет туындысы, оларды назарға алмау мүмкін емес.

Алаңның басты және белгілі көрнекті орындарының бірі – Ленин кесенесі. Кесенеге барғысы келетін туристердің ағыны жыл бойы толастамайды.

Сондай-ақ, үлкен қаланың атмосферасы мен энергиясын толықтай сезіну үшін аты танымал Арбатта серуендеген абзал. Бір кездері орыстың ұлы ойшылдары Л.Толстой, М.Горький, С.Есенин және басқа да тұлғалар бос уақыттарын өткізуді ұнатқан көптеген таңғажайып жерлер бар.

Мәскеуде әртүрлі талғамға сай жабдықталған үлкенді-кішілі, заманауи және тарихи мұражайлар мен галереялар орын тепкен. Әрқайсысының өзіндік қызықты және ерекше коллекциясы жетерлік. Мәселен, әлемге әйгілі Третьяков галереясын тамашалап көріңіз.

Астаналық атақты парктердің бірі – Воробьевы Горы туристер үшін өте тартымды болады деп білеміз. Онда мәдениеттен спортқа дейінгі әртүрлі шараларды жиі өтеді. Сонымен қатар Sparrow Hills-те керемет палуба орналасқан, оның биігінен әдемі мегаполистің барлық көрінісін көруге болады.

Жалпы, Мәскеуде біздің сүйікті көрермендеріміз өздеріне көптеген қызықты дүниелерді таба алады. Таңқаларлығы, тәуліктің кез-келген уақытында да, қала бір секундқа да тыным таппайды, ұйықтамайды.

Концерттен кейін сіз өзіңізді дәмді кешкі асқа немесе кофе орталығына апара аласыз – Megasport Arena жанында, 9 наурыз күні Димаш концерт беретін жерде көптеген кафелер мен мейрамханалар бар. Онда әншінің шығармашылығының жанкүйерлері орыстың да, басқа ұлттардың да тағамдарының дәмін тата алады.

Жалпы, Ресей астанасында концерттен бөлек, көптеген мәдени шаралар мен ойын-сауықтар өтеді, олардың әрқайсысы керемет әсер сыйлайтынына сенімдіміз.

 

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясын жеңіп алды

Димаш мәдениет, өнер және спорт саласындағы жыл сайынғы "Тикетон" қазақстандық сыйлығының лауреаты атанды. 21 номинация бойынша көшбасшылар ашық ғаламторда...

Аргентиналық Dears Димаш Құдайбергенге арналған ойындар жасады

La Era Dimash радиосының қызметкерлері әнші шығармашылығының жанкүйерлеріне карантин уақытын көңілді өткізуге көмектесетін веб-ойындар сериясын шығарды. https://youtu.be/sqanoCqrnJo Шағын ойын жасау идеясын...

Сақталған мұра

Нұр-Сұлтанда "Аманат" Қазақ күйлері антологиясы" атты бірегей басылым таныстырылды. Оны құрастырушылар халық аспаптық музыкасының басты жанрларының бірінің 500-ден астам...

Индонезиялық Dears табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды

Димаштың DIDFC Индонезиялық фан-клубы Dompet Dhuafa гуманитарлық ұйымымен бірлесе отырып, табиғи апат кезінде зардап шеккендерді қолдау үшін бірқатар бастамалар...

Dears Димаштың бүкіл әлем бойынша фан-клубтарының логотиптері бар заттарды Ақтөбе мұражайына тапсырды

Ақтөбелік Dears Димаштың әлемдік фан-клубтарының логотиптері бейнеленген заттарды Ақтөбе қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырды, деп хабарлайды DimashNews KazInform-ға сілтеме...