ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Асқар Ілиясов ШЫҰ кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясында...

Асқар Ілиясов ШЫҰ кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті

Басты жаңалық Асқар Ілиясов ШЫҰ кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті

Асқар Ілиясов ШЫҰ кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті

Бүгін Мумбайда, Үндістанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалі аяқталды. «Үздік ер адам рөлі» санатында «Паралимпиец» фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық актер Асқар Ілиясов жеңіске жетті.

Фильмнің сюжеті бойынша бала кезінен Олимпиада алтынын жеңіп алуды армандаған жас және болашағы зор шаңғышы Мақсат жан түршігерлік апат салдарынан аяғынан айырылады. Жарақаттан кейінгі депрессиядан шығуға Паралимпиадаға қатысу мүмкіндігі көмектеседі.

DimashNews редакциясының марапатты алғаннан кейінгі сезімдері туралы сұрағына Асқар былай жауап берді:

«Мен бақыттымын. Менің жеңіске жеткенімді айтқан кезде… Шынымды айтсам, тіпті көзіме жас келді. Фильмде өте көп жұмыс жасалды. Бұл менің алғашқы жеке сыйлығым және жұмыстың бағаланғаны маған қатты әсер етті. Фестивальде мен көптеген адамдармен және Димашпен таныстым. Сіз жұмыс істейсіз, барлық күшіңізді саласыз. Еңбегіңіздің бағаланғанын көргенде жұмсалған күштің зая кетпегенін түсінесіз.
«Паралимпиец» фильмі мені басқа қырымнан көрсетті, өйткені бұл өзіңді жайлылық аймағынан шығарып, шынымен не істей алатынымды көрсететін жұмыс болды. Біздің басты миссиямыз: паралимпиадашылар туралы айтқымыз келді. Олармен бірге бір түсірілім алаңында тату команда болып жұмыс істедік. Жалпы, фильм адам рухының салтанаты туралы, оның артында күш бар екенін жеткізгісі келді. Біз паралимпиадашылардың рухын көрсеткіміз келді. Дебютанттардың жас командасына қарамастан – режиссер, продюсер, оператор, фильм жеңіске жетті, өйткені әрқайсымыз актерлік ойын, сценарий, визуалды сурет және т.б арқылы не айтқымыз келгенін жеткіздік. Бұндай туынды адамдардың бір идеямен бірлескен кезде пайда болады. Бұл біздің немерелеріміз көретін, өшпес із қалдыратын фильм».

Фильмнің режиссері Алдияр Байракимов былай дейді:

Мен Аскардың «Үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын, өйткені оның кейіпкерін саусақпен санарлық актерлер ойнай алар еді, өйткені рөл өте күрделі, үлкен актерлік диапазонды, психологиялық және физиялогиялық дайындықты қажет етеді. Лайықты жеңіс. Мен үшін «Паралимпиец» фильмі мені және оған қатысқандардың барлығын шыдамдылыққа тексерген ерекше жоба, бірақ барлық қиындықтарға қарамастан және бұл жобадағы көптеген адамдар дебютант болғанына қарамастан, фильм сәтті болды. Оны әлемнің әр түкпіріндегі көрермендер жақсы көреді, оқиғаны түсінеді және кейіпкерлерге жанашырлық танытады. Ең бастысы, көрермендер көргеннен кейін паралимпиадалық спортқа деген көзқарастарын өзгертеді, өздерінің тұрмыстық проблемалары туралы алаңдамайды, ынталандырады және шабыттандырады. «Паралимпиец» фильмі менің және барлық түсірілім командасының жүрегінде мәңгі қалады».

Асқар Ілиясовты және жобаның барлық командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Біз осы мотивациялық фильмді көруге кеңес береміз, содан кейін өмірге деген көзқарасыңыз өзгеріп,кез-келген өмірлік жағдайларға қарамастан биіктерге ұмтылатыныңызға сенімдіміз.

 

Режиссері – Алдияр Байракимов.
Сценарий – Алдияр Байракимов, Венера Каиржанова, Роман Жуков
Оператор – Азамат Жанабеков
Композитор – Адилжан Толукпаев
Тректердің дыбыстық продюсері – Ерлан Бекчурин
Суретші – Алия Одинаева
Монтаждау – Алдияр Байракимов
Продюсер – Адлет Ибраһим

Соңғы жаңалықтар

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...

Димаштың «When I’ve Got You» әні алғаш рет АҚШ-тың радиосында орындалды

Сәуірдің 6-сы күні американдық Channel Radio R радиосында Димаш Құдайбергеннің «When I've Got You» әні алғаш рет шырқалды. Бұл...