ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері «SOS Қазақстан балалар ауылдарына» музыкалық аспаптар...

Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері «SOS Қазақстан балалар ауылдарына» музыкалық аспаптар сыйлады

Dears Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері «SOS Қазақстан балалар ауылдарына» музыкалық аспаптар сыйлады

Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері «SOS Қазақстан балалар ауылдарына» музыкалық аспаптар сыйлады

2023 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінде Димаш Құдайбергеннің Британдық жанкүйерлерімен кездесу өтті. «Dimash Qudaibergen UK and Worldwide FC» фан-клубының Dears кездесуінде музыкалық аспаптарды сатып алуға SOS Қазақстанның балалар ауылдарының қайырымдылық ұйымына 1 миллион теңге сомасына чек тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі ұйымдастырған кездесу алдағы Халықаралық ана тілі күнін мерекелеуге арналды. Оған Димаштың Британдық жанкүйерлері мен Лондондағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Кездесуде «Dimash Qudaibergen UK and Worldwide FC» фан-клубының мүшелері SOS ұйымының өкілдеріне 1 млн.теңге сомасына чек табыс етті. Жиналған қаражат балалар ауылдарындағы дарынды балаларға арналған музыкалық аспаптарды сатып алуға, оларды кейіннен оқыту үшін, атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі аспабы домбыраға жұмсалады.

Осы қайырымдылық акцияға жауап ретінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі М. Ілиясов пен SOS Қазақстанның балалар ауылдарының Ұлттық директоры Г. Асанова алғыс жолдауларымен сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Dears іс – шарасына жиналғандар әлемнің түрлі тілдерінде қазақ авторларының өлеңдерін оқуды ұйымдастырды, сонымен қатар танымал «Балапан» балалар телеарнасының жүргізушісі Miss Kaussar қазақ тілінің экспресс-сабағына қатысты.

Іс-шара соңында қатысушылар Димаштың қазақ тіліндегі «Махаббат бер маған» және «Ұмытылмас күн» әндерін орындады.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың екі радиостанциясында Димаштың Together әні шырқалды

26 наурызда Мексиканың екі радиостанциясының эфирінде Димаш Құдайбергеннің Together атты жаңа синглы шырқалды. Композиция «Oye 89.7» және «Radio Sinaloa»...

Димаштың Together жаңа синглы алғаш рет АҚШ радиосында шырқалды

22 наурыз күні таңертең KMRD-LP.FM радиосында, Димаштың жаңа «Together» композициясы музыкалық платформаларда шыққаннан бірнеше сағат өткен соң, оның алғашқы...

Димаш қазақстандық «Тикетон» сыйлығын екі номинацияда жеңіп алды

2023 жылғы 10 наурызда мәдениет, өнер және спорт саласындағы жыл сайынғы «Тикетон» сыйлығы дауыс беруді қорытындысын шығарды. Димаш Құдайберген...

Димаштың «Zhalyn» әні алғаш рет АҚШ Channel R радиосында шырқалды

Наурыз айында Димаш Құдайбергеннің «Zhalyn» композициясы алғаш рет Сиэтлдегі танымал Channel R Radio радиосында шырқалды. Бұл американдық радиостанцияның эфирінде...

Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» музыкалық бейнебаянының көрсетілімі өтті

7 наурызда Лондонда Crystal Palace International Film Festival аясында «Бір аспан тарихы» бейнебаянының көрсетілімі өтті. West Norwood Picturehouse залында...