ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Dears Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Манхэттеннің қақ ортасындағы Таймс-скверде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мерекелік LED-экрандар тағы да іске қосылды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі әншінің жанкүйерлері бірнеше жыл қатарынан Нью-Йорктің дәл жүрегінде осындай ерекше құттықтау іс-шараларын ұйымдастырып келеді.

Биыл америкалық Dears қауымдастығы жаңбырлы ауа райына қарамастан, Димаштың 32 жасқа толуын атап өту үшін бас қосты.

Жанкүйерлер Таймс-скверге жиналып, мерекелік экрандарды тамашалап, ерекше сәттің қуанышын бірге бөлісті.

Сонымен қатар, Димаш ізгі ниет елшісі болып табылатын Халықаралық көші-қон ұйымының (ІОМ) қайырымдылық бастамасына US Dears қосылды. Бұған дейін өнерпаз гуманитарлық миссия аясында Бангладешке барып, мәжбүрлі қоныс аударушылар лагерінде болып, қолдауға мұқтаж жандармен кездескен еді.

Dears қауымдастығы Димаштың шығармашылығы мен қоғамдық қызметі арқылы насихаттап жүрген мейірімділік, өзара қолдау және бірлік идеяларын қолдауды жалғастырып келеді.

Нұрай Аймақ

Соңғы жаңалықтар

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...