ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері SOS Балалар ауылы Астанада халықаралық мерекелік...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері SOS Балалар ауылы Астанада халықаралық мерекелік шара ұйымдастырды

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері SOS Балалар ауылы Астанада халықаралық мерекелік шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері SOS Балалар ауылы Астанада халықаралық мерекелік шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің 32 жылдығына орай Канада, Германия, АҚШ, Франция, Латвия, Мексика, Аргентина, Сербия, Перу және Қазақстаннан жиналған Dears жанкүйерлері бір арнаға тоғысты. Олардың басын қосқан Димаштың музыкасы, жан жылуы және адамдарға, әсіресе балаларға деген махаббаты арқылы насихаттайтын адами құндылықтары.

Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears жанкүйерлерінің жүрегінде туындап, сол сүйіспеншілікті өздерінің істері арқылы жүзеге асыруды мақсат етті. Басты ниет — SOS Балалар ауылы Астана тәрбиеленушілеріне қуаныш, мейірім мен шаттық сыйлау болды.

Игі бастама аясында 21 және 23 мамыр күндері ерекше екі іс-шара ұйымдастырылды. Олар үлкен ықыласпен және жауапкершілікпен өткізілді. Халықаралық жанкүйерлердің бастамасы, белсенді топтың үйлестіру жұмысы және Астанадағы қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы балаларға ұмытылмас сәттер сыйлады. Бұл күндер күлкіге, құшақтасуға, ойындарға және шынайы эмоцияларға толы болды. Сонымен қатар, бір баланың туған күні аталып өтіп, бір түлекке өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтау сөз айтылды.

Ойын-сауық бағдарламаларымен қатар, балаларға олардың әл-ауқаты мен дамуына бағытталған сыйлықтар мен қолдау көрсетілді. Жоба аясында SOS Балалар ауылы Астана аумағына жайлы әрі жылы орта қалыптастыру мақсатында беседка мен кітап сөрелері сыйға тартылды. Сондай-ақ демеушілердің бірі балалардың білім алуына және болашақта дамуына көмектесетін ноутбуктер табыстады.

Алайда материалдық сыйлықтардан да маңыздысы — екі күн бойы сезілген махаббат, бірлік пен отбасы атмосферасы болды. Әрбір күлкі, әрбір көзқарас пен қамқорлық белгісі әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears жанкүйерлерін біріктіретін шынайы рухты айқын көрсетті.

«Canada Dimash, Dimash Serbia, Astana Dimash Dears және DQ Peru World фан-клубтарына, сондай-ақ бұл жобаны шын жүректен қолдаған барлық анонимді Dears жанкүйерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бастаманың демеушілерінің бірі — Daididau мейрамханасына балаларға дәмді тағам ұсынып, мейірім мен қамқорлыққа толы жылы атмосфера сыйлағаны үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Сондай-ақ балалардың жанынан табылып, осы тамаша шараның жүзеге асуына үлес қосқан мұғалімдерге, еріктілерге және барлық қолдау білдірушілерге алғыс айтамыз.

Қымбатты Димаш, туған күнің құтты болсын! Бізді ізгі махаббат, мейірім және адамгершілікпен бөлісуге шабыттандырғаның үшін рақмет.
Біз сені жақсы көреміз!», – деп Dears World Wide өздерінің жүрекжарды сезімдері мен алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

24 қарашада Чили астанасында Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы бұл кеште Сантьягоның ең ірі...

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....