ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің атымен жүзеге асырылып жатқан табиғатты қорғау бастамаларына...

Димаш Құдайбергеннің атымен жүзеге асырылып жатқан табиғатты қорғау бастамаларына Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears өкілдері қолдау көрсетуде

Dears Димаш Құдайбергеннің атымен жүзеге асырылып жатқан табиғатты қорғау бастамаларына Солтүстік және Оңтүстік...

Димаш Құдайбергеннің атымен жүзеге асырылып жатқан табиғатты қорғау бастамаларына Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears өкілдері қолдау көрсетуде

2026 жылдың мамыр-маусым айларында Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears сүйікті өнерпаздарының туған күніне тарту ретінде ормандарды қалпына келтіру бағытындағы бастамаларға қатысты.

Димаштың La Era Dimash және Dimash Argentina фан-клубтары бірігіп, 24 мамыр күні Димаштың 32 жасқа толған туған күніне сәйкес 32 ағаш отырғызуға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Қазақстандық өнерпаздың «Together for Dimash» стримингтік тобының жанкүйерлері Халықаралық көші-қон ұйымы – БҰҰ-ның көші-қон агенттігінің қорына 1097 доллар көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл игі бастама Димаш Құдайбергеннің Жаһандық ізгі ниет елшісі ретіндегі қызметіне құрмет білдіру мақсатында жүзеге асырылып, жанкүйерлер қашықтыққа қарамастан өнерпаздың көпшілікті біріктіретін рухани күшке ие екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Аргентина, Уругвай және Мексика елдеріндегі топ мүшелері Коррентосо өзені маңындағы ормандарды қалпына келтіру мақсатында «Патагония достары» қауымдастығына 82 ағаш сыйға тартты. Бұл науқан маусым айы бойы жалғасады.

«Димаш өз әндері арқылы бізге шексіз махаббатын сыйлайды, ал біз оған қайырымдылық жасап, көмекке мұқтаж жандарды қолдау арқылы жауап береміз. Біз Димашқа деген сүйіспеншілігімізді ізгі істер арқылы көрсетеміз», – деп алыс құрлықтағы жанкүйерлері жылы лебіздері мен құттықтауларын жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

24 қарашада Чили астанасында Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы бұл кеште Сантьягоның ең ірі...

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....