ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Мадридте Димаш Құдайберген мен оның Испаниядағы жанкүйерлері туралы деректі...

Мадридте Димаш Құдайберген мен оның Испаниядағы жанкүйерлері туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Dears Мадридте Димаш Құдайберген мен оның Испаниядағы жанкүйерлері туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

Мадридте Димаш Құдайберген мен оның Испаниядағы жанкүйерлері туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

30 мамыр күні Мадрид қаласында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның испандық жанкүйерлер қауымдастығына арналған «Al Compás de Su Voz» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Жоба әртістің Испаниядағы фан-клубы мен La Gran Voz Kazaja қауымдастығының бірлескен бастамасымен жүзеге асырылды. Фильмнің режиссері — жас испан кинематографисі Давид Кольянтес Родригес.

Көрсетілім Palacio de Hielo кинотеатрында өтіп, 130-дан астам көрермен жинады. Қонақтар қатарында Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің өкілдері, елші Данат Мұсаев бастаған дипломатиялық корпус мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, сондай-ақ жас қазақстандық әнші Жанель Әли болды. Бұған дейін 15 жастағы орындаушы Барселонадағы концерт барысында Димашпен бірге бір сахнада өнер көрсеткен еді. Фильмде финалдық титрларында сүйемелдеумен, оның орындауындағы Te prometo әні шырқалады.

Бұл деректі фильм Испанияда алғаш рет тек әртістің өзіне ғана емес, оның жанкүйерлер қауымдастығына — Dears өкілдеріне арналған киножоба ретінде жарық көрді. Сюжет желісінің негізінде фан-қоғамдастықтың бес мүшесінің оқиғалары жатыр, олар Димаш шығармашылығымен алғаш танысқан сәттері мен фандомның өз өмірлеріндегі маңызы туралы әңгімелейді.

Фильмді түсіру барысында режиссер Испанияның түрлі өңірлерін аралап, картина кейіпкерлерімен кездесіп, қазақстандық әншінің халықаралық жанкүйерлер қауымдастығы феноменін зерттеді.

Жоба авторларының айтуынша, фильмнің басты мақсаты — әлемге «Димаш қозғалысы» деп аталатын құбылысты, яғни әртістің әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарына тигізіп отырған мәдени және эмоциялық ықпалын көрсету.

Премьералық көрсетілім аяқталғаннан кейін қонақтар мен жанкүйерлер мерекелік кешке жиналып, әсерлерімен бөлісіп, фильмнің жарыққа шығуын атап өтті.

Жақын арада деректі фильм Испаниядағы бірқатар ұлттық кинофестивальдерде көрсетіледі. Фестивальдік прокат аяқталған соң, туындыны ашық онлайн-платформаларда жариялау жоспарлануда. Халықаралық аудитория үшін ағылшын, қазақ, орыс және қытай тілдерінде субтитрлер дайындалады.

Фильм авторлары картина тек Димаштың жанкүйерлерінің ғана емес, қазақстандық әртістің шығармашылығын енді танып жатқан көрермендердің де ықыласына бөленеді деп үміт білдірді

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...

Димаш Шахтерлер күніне арналған мерекелік концертке қатысу үшін Қарағанды қаласына келді

28 тамызда Димаш пен оның командасы ауқымды жобаға қатысу үшін Қарағандыға келді. Бүгінде репетициялар қызу жүріп жатыр. Ал ертең Димаш...

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Мексикадағы Димаштың жанкүйерлері креативті акциясы арқылы тағы да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара...