ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетті

23 мамыр күні Ыстамбұл қаласындағы Ататүрік халықаралық әуежайы аумағында орналасқан Türk Telekom бас сахнасының маңына көрермендер концерт басталмай тұрып-ақ көптеп жиналды. Осы кеште VIII Этноспорт мәдениеті фестивалі аясында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.


Әншінің түркиялық фан-клуб өкілдері, өзге елдерден арнайы келген жанкүйерлер, Dears қауымдастықтарының жейделері арқылы ерекшеленген тыңдармандар мен жергілікті көрермендер салқын ауа райына қарамастан концерт алаңына жиналды. Көпшіліктің үміті ақталды: Димаш пен оның командасы «Golden» композициясымен сахнаға шығып, алғашқы ноталардан-ақ ерекше атмосфера сыйлады.

«Smoke», «Give me love», «Weekend» секілді ырғақты әндер мен «Olimpico», «Stranger», «Ave Maria» сияқты кең тынысты шығармалармен үйлесім тауып отырды. Ал «Любовь уставших лебедей» әні орындалған сәтте көрермендер дәстүрлі түрде қосылып ән шырқап, біртұтас хорға айналды.

Фестивальдің этномәдени бағытына сәйкес, концерт бағдарламасында қазақ тілінде «Ұмытылмас күн», «Махаббат бер маған», «Тау ішінде», «Дүрдараз», «Let it be» әндері де орындалды.

Сонымен қатар, домбыра, қобыз және сыбызғы қазақтың мақтанышына айналған ұлттық аспаптарының үні тек «Адай» күйінде ғана емес, концерт бағдарламасындағы көптеген шығармаларда кеңінен қолданылды.

Аспапта орындаушы музыканттар да концерт бағдарламасын шебер толықтырды. Домбырашылардың «Temirlan & Ernat» дуэті «Бастау», MJ трибьюті мен «Алем» композицияларын орындады.

Димаштың концертінде алғаш рет жеке нөмірлерімен Олжас Құрманбек пен Санжай Әлмішев өнер көрсетті. Олжас қобызда өзінің авторлық «Elements» шығармасы мен «Гладиатор» фильмінің саундтрегін орындаса, Санжай сыбызғымен «Япурай» туындысын ұсынды.

Концерт жылы әрі рухани әсерге толы атмосферада өтті. Көрермендер Димашпен бірге ән шырқап, оның түрік және қазақ тілдеріндегі вокалдық импровизацияларын қайталап отырды. Әнші бірнеше мәрте залға шығып, тыңдармандармен жақын байланыс орнатты. Бұл кеш тек шығармашылық концерт қана емес, ортақ мерекеге де ұласты. Себебі концерт аяқталғаннан кейін Қазақстан уақыты бойынша 24 мамыр басталып, Димаш өзінің 32 жасқа толған туған күнін қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...