ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «TAU ISHINDE & DEARS»: Димаш Құдайбергеннің поляк жанкүйерлері өнер...

«TAU ISHINDE & DEARS»: Димаш Құдайбергеннің поляк жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне арнап тосынсый әзірледі

Dimash World «TAU ISHINDE & DEARS»: Димаш Құдайбергеннің поляк жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне...

«TAU ISHINDE & DEARS»: Димаш Құдайбергеннің поляк жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне арнап тосынсый әзірледі

Димаш Құдайбергеннің поляк жанкүйерлер клубы әншінің 32 жасқа толуына орай кең ауқымды әрі поляк халқына тән ерекше шығармашылық фантазиямен «TAU ISHINDE & DEARS» атты музыкалық тарту дайындады.

Димаштың туған күні қарсаңында осы мерекелік жобаға арнайы әзірленген бейнероликтің премьерасы өтті.

Аталған жоба эмоция мен қуанышқа және әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарын өзінің талантымен әрі музыкалық харизмасымен шабыттандырып жүрген өнер иесіне деген зор сүйіспеншілікке толы болды.

«Біз барлық Dears қауымын осы ерекше тосынсыйға қатысуға шақырдық. DiVoices хорымен бірлесе отырып, негізгі идеясы “Туған күнге кеттік!” деген ұранға құрылған көңілді бейнеролик дайындадық.

Дайындық жұмыстары жарқын, креативті, кей тұста әсерлі әрі ең бастысы – ерекше жылылық пен зор ықыласқа толы болды. Әрбір қатысушы бұл жобаға жүрегінің бір бөлшегін арнады.

Бұл жолы біз ерекше шешім қабылдап, қазақ әнін орындадық. Осы арқылы мәдениеттерімізді символикалық тұрғыдан тоғыстырып, Димаштың туған жеріне деген құрметімізді білдіруді мақсат еттік.

Әсіресе, шығарманы төрт дауысты хор үлгісінде орындағанымыз біз үшін үлкен жетістік болды. Бұл тек музыкалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар тіл мен мемлекетке шекара қоймайтын музыка өнерінің құдіретін бірге сезінуге мүмкіндік берген тамаша шығармашылық сапарға айналды.

Қорытынды нәтиже біз үшін жай ғана бейнероликтен әлдеқайда маңызды дүние болды. Бұл – поляктық Dears қауымының сүйікті өнер иесіне арналған шынайы музыкалық сыйы. Біздің тосынсыйымыз Димаштың жүзіне күлкі сыйлап, оған деген ықыласымыз бен сүйіспеншілігімізді сезіндіре алады деп үміттенеміз. Өйткені музыка, расында да, араларын мыңдаған шақырым бөліп тұрса да, адамдарды жақындастыра алады», – деп бөлісті Dears сүйікті өнер иесіне арналған тосынсыйы жайында.

Соңғы жаңалықтар

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...