ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне орай...

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне орай бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізді

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне орай бірқатар қайырымдылық акцияларын...

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне орай бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізді

Қытайлық Dears жанкүйерлер тобы Димаш Құдайбергеннің алдағы туған күніне орай оның гуманитарлық қызметін қолдау мақсатында Халықаралық көші-қон ұйымы қорына 2000 АҚШ долларынан астам көлемде қайырымдылық қаржы аударды.

Сонымен қатар, әншінің қытайлық жанкүйерлері Димаштың 32 жасқа толуына орай RHR Shanghai Adoption Home қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған 26 760 юань (шамамен 3950 АҚШ доллары) көлемінде көмек көрсетті.

RHR Shanghai Adoption Home — Шанхай қаласында орналасқан қаңғыбас әрі қатыгездікке ұшыраған мысықтар мен иттерді құтқарумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Ол 2012 жылы құрылған. Ұйым RHR («Құтқару, емдеу және жаңа үй табу») қағидатын насихаттайды. Құрылған күннен бастап бұл орталық 4000-нан астам жануарды құтқарып, олардың 2000-ға жуығына жаңа иелерін табуға мүмкіндік жасаған. Ал 250-ден астам жануар ұйым қамқорлығында қалып, өздерінің жаңа иелерін күтуде.

Ұйымның жұмысы негізінен құрылтайшының жеке қаражаты, жартылай жұмыс істейтін еріктілердің көмегі және қайырымдылық қаржылар арқылы жүзеге асырылады. Ұйым қайырымдылық күнтізбелерін сату, брендтермен бірлескен арнайы әлеуметтік өнімдер шығару арқылы қаражат жинайды. Сонымен қатар, «Махаббат пен мейірім күні» және «Мысық жүрегінің мейірімі» секілді жануарларды асырап алуға арналған офлайн іс-шаралар ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...