ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Әйгілі Rolling Stone журналы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

Әйгілі Rolling Stone журналы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

Dimash World Әйгілі Rolling Stone журналы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

Әйгілі Rolling Stone журналы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

17 ақпанда ең танымал басылымдардың бірі ROLLING STONE қазақстандық музыкант туралы материал жариялады: «Димаш Құдайберген DIAFA 2024 сыйлығына музыка саласындағы жаһандық ықпалы үшін ие болды».

Мақала авторы 2024 жылдың қараша айында Дубайда өткен беделді халықаралық Arab Festivals Awards (DIAFA) марапаттау рәсімі туралы баяндап, оның лауреаттары арасында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болғаны туралы:

«DIAFA-да Димаштың марапаты үлкен маңызға ие. Ол осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы Орталық Азия әртісі болғандықтан Әлемдік көшбасшылардың көрнекті тізіміне енді. Әр түрлі саладағы 25 журналистен тұратын комитет өткізетін қатаң іріктеуімен танымал DIAFA өз салалары мен қауымдастықтарының дамуына айтарлықтай үлес қосқан адамдарды атап өтті.
Салтанатты рәсім барысында Димаш өзінің жалғасып жатқан әлемдік турының титулдық әні «Stranger» әнін орындады. Оның классикалық, поп – және дәстүрлі қазақ элементтері біріктірілген қойылымы көрермендерді баурап алды. Жүргізушілер оны мәдени және музыкалық шекаралардан өту қабілетіне баса назар аудара отырып, «шекараны білмейтін дауысы бар ерекше талант» ретінде ұсынды.
Оның DIAFA-ға қатысуы оның музыкасы тілдік және мәдени кедергілерді еңсеру арқылы бүкіл әлемде резонанс тудыратынын көрсетеді. 14-тен астам тілде сөйлеп, бүкіл Еуропа мен Азия бойынша залдарды толық жинай отырып, Димаш өз Қазақстаннан тыс жерлерде өз Отанының мәдениетін таныстыруды жалғастыруда».

ROLLING STONE – музыка мен поп-мәдениетке арналған американдық журнал. 1967 жылы Сан-Францискода негізі қаланған.

Димаштың БАӘ-дегі жұмысына арналған мақала ROLLING STONE MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) басылымында жарияланды, ол Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың жиырмадан астам елін қамтиды.

Мақаланы мына жерден оқи аласыз: https://mena.rollingstone.com/music/dimash-qudaibergen-honored-at-diafa-2024-for-global-impact-in-music/

Сондай-ақ, ақпан айында SPIN атты Американдық музыкалық журналында Димаш туралы: «Димаш Құдайберген: Париждегі музыка, өнер және сән салтанаты» атты мақала шықты.

Басылым Димаштың Париждегі Alpange музыкалық салонына эксклюзивті сапары туралы жеке тоқталып, онда қазақстандық музыкант Француз пианисті Ван Туанмен бірге «SOS d’un Terrien en Détresse» композициясы мен Димаштың алдағы «Love’s Not Over Yet» премьерасының анонсы туралы аттады.

Мақала Yahoo Entertainment порталында жарияланған: https://www.yahoo.com/entertainment/dimash-qudaibergen-parisian-triumph-music-165458700.html

Бұрын L’officiel Monaco өзінің «Өнер және мәдениет» деп аталатын айдарында Димаш туралы: «Димаш Парижде: Lanvin-дегі сән рандевуы» деп аталатын мақала жазған болатын.

Басылым Димаштың Парижге жасаған шығармашылық іссапары туралы сипаттайды:

«Lanvin ательесіне сапар Димаштың 5 қарашада президент Эммануэль Макрон, бұрынғы президент Николя Саркози және Карл Бруни қатысқан аудиторияға ән айтқан кездегі көрнекті қойылымынан кейін болды. Дипломатиялық кездесу аясында өткен бұл іс-шара Димаштың айрықша шеберлігі мен байсалдылығы үшін президенттік делегация тарапынан жоғары бағаланды. Оның осындай беделді жерлерде назар аударарлық қабілеті оның әлемдік аренадағы мәдени елші ретіндегі өсіп келе жатқан беделін көрсетеді».

Дереккөз: https://www.lofficielmonaco.com/art-and-culture/dimash-in-paris-a-fashion-rendezvous-with-lanvin

Соңғы жаңалықтар

Мадридте Димаштың Love’s not over yet жаңа әнінің құрметіне билборд орнатылды

Наурыздың 18-і күні Мадридте, халық көп жүретін Legazpi метро станцияларының бірінде Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet жаңа әні...

Димаштың перулық жанкүйерлері әншінің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянының премьерасына арнап билборд ұйымдастырды

Перудің Лима қаласында Димаштың жанкүйерлері оның “Love's Not Over yet” жаңа әнінің премьерасын атап өтті. Мерекенің басты шарасы композицияға...

«Құрақтың құдіреті»: әлем әйелдерін шабыттандырған қолөнерші Аселина Батырдың хикаясы

Аселина Батыр құрақ көрпе жасайтын қолөнерші ғана емес, ол рух пен күрестің және қайта жаңғырудың символы. Аурудың азабын бастан...

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті – билеттердің ерте сатылымына тіркелу басталды

Құрметті достар! Бүгін, 14 наурызда Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концертіне билеттерді ертерек сатып алуға тіркелу басталды. Билеттерді алдын ала сатып...

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін ‘STRANGER’ жеке концерті

"ДимашАли" шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа концертін жариялайды. 2025 жылы 12 қарашада Лондондағы OVO ARENA WEMBLEY-де «STRANGER» шоуы өтеді. Димаш өзінің...