ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Baqytty Bala-2025» фестивалінде байқауға қатысушылардың сайысы мен қазылар алқасының...

«Baqytty Bala-2025» фестивалінде байқауға қатысушылардың сайысы мен қазылар алқасының баспасөз конференциясы өтті

Dimash World «Baqytty Bala-2025» фестивалінде байқауға қатысушылардың сайысы мен қазылар алқасының баспасөз конференциясы өтті

«Baqytty Bala-2025» фестивалінде байқауға қатысушылардың сайысы мен қазылар алқасының баспасөз конференциясы өтті

21 тамызда Ақтөбеде 6 елден жиналған журналистер мен қатысушылардың сұрақтарына жауап беру үшін «Өнер орталығы» концерт залында «Baqytty Bala–2025» 6-ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының ұйымдастырушылары мен қазылар алқасының мүшелері баспасөз конференциясына жиналды.

Баспасөз мәслихатын қазылар алқасының төрағасы баритон, «Новая опера» театрының және Евгений Колобов атындағы Үлкен театрдың солисті (Мәскеу), Бүкілресейлік конкурстардың лауреаты, «Meistersänger» атағының иегері Борис Александрович Стаценко ашты.

Шетелдік қонақтарды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер (Алматы) Қарлығаш Исақызы Әжиева ерекше құттықтады. Және ол қатысушыларға сахнада өнерлерін көрсетіп қана қоймай, осы сайыстағы достықтың ары қарай да жалғасуын тіледі.

Байқаудың жас ерекшелігі туралы сұраққа Қарлығаш Исақызы былай деп жауап берді.

«Тәжірибелі адам ретінде айтарым: бұл байқауда көрсетілген дәл осындай жас ерекшелік керемет табылған ақыл дер едім. Өйткені 7 жастағы балалардың да және 14 жастағы жасөспірімдердің де бір байқауға қатысуы ақылға сыймайтын дүние еді. Қазіргі балалар әр түрлі тілде көп музыка тыңдайды. Бүгін сіздер үшін өз артықшылықтарыңызды, өнеріңіз бен біліміңізді және жан-жақтылығыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік беріліп отыр».

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі Светлана Ермекқызы Айтбаева байқауды дайындауға көп күш салған Ақтөбе облысының басшылығына, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«Біз «Baqytty Bala» сайысын жыл сайын өткіземіз, бұл шын мәнінде өте әдемі мереке. Барлығыңызды осында көргеніме өте қуаныштымын. Қатысушыларға келетін болсақ, олардың өте жоғары деңгейде өнер көрсететініне сенімдімін, басқаша болуы мүмкін емес», – деп Светлана Ермекқызы жас вокалшыларды қолдады.

Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған алты деңгейлі үлкен стадион салынып жатқаны және сол жерде Димаш Құдайбергеннің концертін өткізу мүмкіндігі туралы сұрағанымызда, Светлана Ермекқызы Димаштың туған жерін сағынатынын, осында келуді армандайтынын, мүмкін болса, әрине, концерт ұйымдастырылатынын баса айтты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Ғ.Жұбанова (Ақтөбе) атындағы облыстық филармония жанындағы «Дауыс» вокалдық тобының көркемдік жетекшісі Аллаберген Башбайұлы Жақсабаев академиялық деңгейдегі вокалист ретінде эстрада әншілерінің өнерін туралы:

«Мен шығармашылық жолымды 14 жасымда вокалдық-аспаптық ансамбльдің жетекшісі ретінде бастадым. Эстрадалық әндерді ерекше ықыласпен шырқап келемін. Жақында ғана өнер көрсеткен едім, тіпті қаласаңыз, «Поклонимся великим тем годам» («Ол керемет жылдарға тағзым етейік») әнін дәл қазір орындап бере аламын. Мен неміс, итальян, орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқаймын»,- деп Аллаберген Башбайұлы өз ойымен бөлісті.

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Дина Аманғазықызы Ниязова байқаудың облыс үшін маңызына тоқталып, Ақтөбе облысы басшылығының тамаша ұйымдастыруына назар аударды.

Сондай-ақ барлық қатысушыларды біріктіретін сәтті де ашып көрсетті: «Шындығында, бұл әр қатысушы үшін үлкен, өте үлкен мектеп. Өзің мен басқа бір жандармен тілі, жас ерекшелігі қаншалықты ұқсас болмаса да, рухани жақындықты сезіну ерекше сезім. Бәрімізді саясаттан, кез келген қақтығыстардан тыс біріктіре алатын үлкен дүние – өнер. Бұл ең маңыздысы».

«Baqytty Bala-2025» фестивалінің негізгі байқау күні де 21 тамызда өтті. Қатысушылар әрқайсысы екі композициядан – ана тілінде және әлемдік хиттерді орындады.

«Өнер орталығы» кезеңінен қатысушылардың ана тілінде жазылған шығармаларын: молдаван тіліндегі «Чокырлия», қырғыз тіліндегі «Айкол Манас» және орыс тіліндегі «С любимыми не расставайтесь» және т.б. әндерді орындады.

Қатысушылар, сондай-ақ, шет тілінде ән айтып, әлемге әйгілі «I Who Have Nothing», «I put a spell on you», «Lady marmalade», «Maybe I Maybe You», «I surrender» композицияларын орындады.

Әрине, көптеген қатысушылар бала кезден таныс қазақ тілінде «Құсни-Қорлан», «Әлия», «Күлдір-күлдір кісінетіп» және тағы басқа әндерді орындады.

Кейбір қатысушылар өздерінің кумирлері – Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы әндерді таңдады. Осылайша Азамат Орынғали «Jamaica», Лев Смертин мен Әлихан Нұрлыбек «S.O.S D’un Terrien en detresse» әндерін орындады.

23 тамызда «Өнер орталығы» концерт залында Гала-концертте байқау жеңімпаздары анықталады. Концерт 16:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...