ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Ақтөбеде «Baqytty Bala–2025» фестиваль-байқауы басталды

Ақтөбеде «Baqytty Bala–2025» фестиваль-байқауы басталды

Dimash World Ақтөбеде «Baqytty Bala–2025» фестиваль-байқауы басталды

Ақтөбеде «Baqytty Bala–2025» фестиваль-байқауы басталды

Қазақстанның Ақтөбе қаласында «Baqytty Bala–2025» VI ашық балалар вокал фестивалі-байқауы өз жұмысын бастады.

19 тамыз күні «Green Land» демалыс саябағында танысу кеші өтті. 6 елден келген 19 қатысушы Ақтөбе филармониясының әртістері Станислав Бахмутов пен Меруерт Қуантаеваның көмегімен бір-бірін танып, қарым-қатынастары жаңа достыққа ұласып, музыкалық көңіл-күйлерімен алмасып, мерекенің ыстық атмосферасына бөленді.

20 тамызда екінші танысу кешінде жеребе тартылып, келесі кезеңдерге қатысушылардың өнер көрсетулерінің реттік нөмірлері анықталды.

Шараны Ақтөбе филармониясының әртістері Аслан Махмұт пен Ольга Калашникова жүргізді. Балалар өз нөмірлерін қызықты сәтті қызықты аттракционға айналдырған иллюзионист Жеңіс Гусейновтың қолынан алды.

Бірінші нөмірді қала өкілі ақтөбелік Мөлдір Әбдірова берді.

Қатысушылар DimashNews редакциясымен өз әсерлерімен бөлісті.

Тирасполь қаласынан келген Молдова өкілі, әйгілі «Славян базары» фестивалі аясында өткен ХХІІІ Халықаралық «Витебск» балалар музыкалық байқауының «қола» иегері Лев Смертин «Baqytty Bala» байқауы туралы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы білгенімен бөлісті:

«Біз Димашты, оның ата-анасын және осы байқауды ұзақ уақыттан бері бақылап келеміз. Димаштың туған жеріне келіп, фестивальге қатысу менің арманым еді. Мен Димаш туралы бірнеше жыл бұрын білдім. Ол туралы, оның әдемі даусы туралы көп жерлерде жазылып жүрді. Байқаудың бірінші кезеңінде мен молдаван әнін және Димаштың «S.O.S D’un Terrien en detresse» композициясын орындаймын».

Осы байқаудың Беларусь елінде өткен бірінші жүлдесінің иегері, Алматы облысынан келген Мирас Нағашыбай Витебсктегі жеңіске деген сезімімен және Ақтөбедегі жарыстан не күткені туралы бөлісті:

«Осындай ауқымды байқауда жеңіске жету мен үшін үлкен мәртебе. Димаш ағамыздың қолдауы әрқайсымыз үшін ерекше мақтаныш. Осымен тоқтап қалмай, жаңа биіктерге ұмтылуға ниеттемін.

Бұл байқау туралы директорым айқан еді. Өтініш беріп, бағымды сынап көруді ұсынды: «Егер өтіп кетсек, бұл бізге берілген мүмкіндік»,- деген болатын.

Жарыстың Димаш ағаның туған жері Ақтөбеде өтіп жатқанына ерекше қуаныштымын. Мұндағы өнер орталығы шынымен де әсерлі. Маған Ақтөбе қатты ұнайды, бұл жер жанға жайлы қала.

Ертең Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кітабын» және Scorpions тобының «Maybe I, Maybe you» шығармасын орындаймын.

Мен барлық балаларға керемет әндер орындайтын шабыт пен сәттілік және мықты денсаулық тілеймін».

 

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...