ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың Барселона мен Мехикодағы жеке концерттері қарсаңындағы әншінің Испания...

Димаштың Барселона мен Мехикодағы жеке концерттері қарсаңындағы әншінің Испания мен Латын Америкасынан келген жанкүйерлерінің өткізген іс-шаралары

Dimash World Димаштың Барселона мен Мехикодағы жеке концерттері қарсаңындағы әншінің Испания мен Латын Америкасынан...

Димаштың Барселона мен Мехикодағы жеке концерттері қарсаңындағы әншінің Испания мен Латын Америкасынан келген жанкүйерлерінің өткізген іс-шаралары

Димаш Құдайбергеннің Испания мен Мексикадағы жеке концерттері қарсаңында испан тілді жанкүйерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қазақ өнерпазы туралы жазып, түрлі шаралар ұйымдастыруда.

10 тамызда аргентиналық FM Patagonia Andina радиостанциясындағы Mundo Track бағдарламасында Қазақстан туралы арнайы шығарылым өтті. Осындай іс-шара – елдің мәдени байлығын насихаттау үшін әртүрлі радиостанциялармен ынтымақтастықты қамтамасыз еткен Аргентиналық Димаштың жанкүйерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында өтті.

Бағдарламада Арал теңізі мен Бәйтерек сияқты Қазақстанның көрнекті жерлері талқыланып, домбыра сияқты дәстүрлі аспаптар сахнаның сәнін келтірді. Трансляция мәдени ақпаратты Димаштың музыкасымен үйлестіре отырып, тыңдаушыларды Қазақстанның байлығына жақындата түсетін бірегей кеңістік құрды.

Трансляцияға Мәдени орталық және Қазақстанның Аргентинадағы Құрметті консулдығының өкілі Ирина Вагнер қатысты. Ол қазақ тілінде презентация жасап, көрермендерге осынау ғажайып елді таныстырып, сондай-ақ, Димаштың «Menıń Qazaqstanym» әнін бірге тыңдауға шақырды.

Аргентиналық фан-клубтардың радиостанциялармен жұмысы туралы алдыңғы DimashNews мақаласынан оқи аласыздар.

«Dimash Music Challenge» – Димаштың әртістік қабілетін өз жанкүйерлерімен бөлісуге құрылған музыкалық ойыннан тұратын қызықты жоба. Испаниялық Dear компаниясы болып құрылған жанкүйерлерге арналған бұл жеке жоба 10 тілде қолжетімді.

Ойын барысында Димаштың әнінің қысқаша аудио фрагментін тыңдап, 4 нұсқаның ішінен әннің атын таңдап, жауап бергеннен кейін YouTube ресми арнасынан әртістің орындауындағы үзіндіні тамашалай аласыздар.

Ойын сонымен қатар әртістің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына және концерттік билеттерді сату платформаларына бағыттайды.

«Dimash Music Challenge» челленджіне қосылсаңыздар болады https://www.dimashmusicchallenge.com/

Мексикалық Dears-тың бастамасымен 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де NewsMx TV арнасынан Димаш Құдайбергеннің Мексикаға алдағы сапарына арналған тікелей эфирде бағдарлама көрсетіледі.
Трансляцияға сілтеме https://www.facebook.com/share/1AuEXdhTez/

Сондай-ақ, мексикалық фан-клубтар Димаштың Мехикодағы алғашқы концертіне флешмоб ұйымдастырып жатыр. Ол жерде ұялы телефон шамдары мен түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып, концерттің басында стадионда Қазақстан туының, ал шоу соңында Мексика туының суретін жасауды жоспарлап отыр.

Димаштың концерттеріне билеттер https://en.dimashnews.com/events-schedule/

Бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық әртіс туралы испан тіліндегі мақалаларын жариялау өз жалғасын табуда. Pressenza халықаралық баспасөз агенттігі Чили басылымының редакциясы дайындаған «Құдайберген, Доминго және Каррерас – Үш тенордың семиотикалық қайта конфигурациясы: уақыт антиподтарындағы сындарлы мозаика» мақаласын ұсынады.

Эсседе «MyWay» композициясымен «Виртуоздар» шоуының финалындағы «жаңа» Үш тенордың өнері талданады. Негізгі тезис – бұл жай ғана бірлестік емес, ХХ ғасырдағы музыкалық дәстүрді ХХІ ғасырдың авангардымен тоғыстыратын сындарлы мозаика. Димаш Құдайберген өзінің кумирі Лучано Павароттидің орнын алып, бұл қойылымды музыка тарихындағы маңызды белес дәрежесіне көтеретін дәстүр мен эстафетаның өтуін бейнелейді деген пікір бар.

– Пласидо Домингоның өзі айтқандай (El País, 2024 жылы келтіргендей): «Ол болашақ. Димаштың дауысы – әлем естуі керек ерекше дүние». Дәстүрдің діңгегінен алынған бұл тұжырым – жаңа ұрпақты мәңгілікке жетелейтін, тарихтағы орнын заңдастыратын шешім.

Түпнұсқа тенорлардың тағы бірі Хосе Каррерас та испандық басылымға (ABC Música, 2024 жылы келтіргендей) «Димаштың дауысы – феномен. Ол лиризмнің болашағы» деп жаңа ұрпаққа таңданысын білдірді.

Толық мақаланы төмендегі сілтеме бойынша өтіп оқи аласыздар:
https://www.pressenza.com/es/2025/08/la-reconfiguracion-semiotica-de-los-tres-tenores-un-mosaico-constructivo-en-las-antipodas-temporales/

 

Соңғы жаңалықтар

Польша мектебінде Қазақстан мәдениеті мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған кездесу өтті

2026 жылғы 1 маусымда Слупск қаласындағы №2 бастауыш мектепте білім беру және мәдениетаралық ынтымақтастық бастамалары аясында Қазақстан Республикасының мәдениетін...

Димаштың словакиялық жанкүйерлері мұқтаж жандарға көмектесу үшін 2000 еуро аударды

Димаш Құдайбергеннің словакиялық жанкүйерлер клубының мүшелері ауыр өмірлік жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін 2000 еуро көлемінде қаражат жинап, қайырымдылық...

Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

13 маусым күні сағат 20:00-де Almaty Theatre сахнасында тәуелсіз театрлық жоба – «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді. Қойылым махаббат,...

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері қазақ тіліндегі халықаралық жобаны таныстырды

Димаш Құдайбергеннің латынамерикалық жанкүйерлері алты елдің өнерпаз жанкүйерлерін біріктірген «Omir» атты халықаралық шығармашылық жобаны ұсынды. https://www.youtube.com/watch?v=SpR1N68y-HY Бастамаға Коста-Рика, Мексика, Боливия, Аргентина,...

Димаш Құдайбергеннің әндері Венгриядағы iTunes музыкалық чартының ТОП-5 қатарына енді

Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында Венгриядағы Dears iTunes платформасында өнерпазға кең ауқымды қолдау көрсетті. Нәтижесінде...