ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Dears Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Білім Оазисі: Димаштың жанкүйерлері Малайзиядағы ауылдық мектепте кітапхана ашты

Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына орай Малайзиядағы әншінің фан-клубы жергілікті ауыл мектебінің оқушыларына арналған кітапхана сыйға тартты. Жоба «Білім оазисі» деп аталды. Жобаның мақсаты – мектеп оқушылары мен жергілікті тұрғындардың оқу ортасын жақсарту үшін жаңа кітапхананы қажетті кітаптармен, оқу құралдарымен және құрал-жабдықтармен жабдықтау болатын.

Малайзия Білім министрлігімен бірлесіп және Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен фан-клуб мүшелері мен олардың достары жаңа кітапхананың ашылуына демеушілік жасады. Кітапханаға кітаптар, оқу құралдары, жиһаздар мен жабдықтар, соның ішінде SMART-теледидар мен проектор да сыйға тартылды. Көптілді, атап айтсақ, малай, неміс, испан, орыс, жапон, ағылшын, қытай, араб, корей және француз тілдеріндегі кітаптар мен оқу материалдарына ерекше көңіл бөлінеді.

Жоба 48 демеушінің қолдауы мен Малайзияның түкпір-түкпірінен келген және 4 күн бойы кітапхананы бояуға, жөндеуге және жабдықтауға жұмсаған 12 еріктінің қатысуының арқасында жүзеге асты. «SK Malinsau» мектебі, Ранау, жақын маңдағы 8 ауылдағы 6 мен 12 жас аралығындағы 250-ге жуық оқушыға арналған білім беру мекемесі және жергілікті қауымдастықты біріктіруде маңызды рөл атқарады.

Тапсыру рәсімі 2024 жылдың 20 мамырында мектеп жиналысы кезінде өтті. Dimash Malaysian Dears фан-клубының әкімшісі Сяидатул Сабила Азва Мохд Али фан-клуб мүшелері, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен мектеп әкімшілігінің көмекшісі Амат Копонгқа кітапхананы табыс етті.

Сяйдатул Сабила Азва және Білім Оазисі жобасының менеджері Адлина Шатира Зайнудин: «Бұл білім берудегі және ауылдық қауымдастықтарды дамытуда мағынасы зор жобалардың бірі болып табылады. Біз Димаш Құдайбергеннің бойындағы қайырымдылық қасиетін ерекше бағалаймыз. Сол себепті, жасөспіріп балалардың санасының дамуына үлес қосқымыз келеді. Осы игі іске үлес қосқан барлық демеушілерге, қолдаушыларға және стратегиялық серіктестерге шынайы алғысымызды білдіреміз», – деп өз пікірін білдірді.

Ал, SK Malinsau әкімшілігінің студенттерімен жұмысы жөніндегі көмекшісі Амат Копонг: «Біз Dimash Malaysian Dears дәл біздің мектебімізді таңдағанына қуаныштымыз. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі оқушыларға үлкен әсер етіп, олардың білімін жетілдіріп, оқуға қолайлы жағдай туғызады», – деді.

Мектеп директоры Джамайн бин Абдул Халин былай деп қосты: «SK Malinsau атынан мен Димаштың жанкүйерлерінің осындай мәнді де мағыналы сыйлығы үшін үлкен алғысымызды білдіремін. Осындай орталықтың пайда болуымен студенттердің оқуға деген қызығушылығы артып, бұл біздің «Мейірімді және ақылды балалар» ұранымызды толықтай растайтынына сенімдімін”, – деп түйіндеді сөзін.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...

Virtuosos жобасының жас музыканттары Димаштың «Өмір» әнінің аспаптық нұсқасын жазды

Димаш Құдайберген екі жыл қатарынан қазылар алқасының мүшесі болған «Virtuosos» жас музыканттар байқауының көрнекті қатысушыларының камералық оркестрі Димаштың «Өмір»...

Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсетті

21 маусымда Қытайда 27th Shanghai International Film Festival (27-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің) жабылу салтанаты өтті. https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=-jNQcsFYk9Y&fbclid=PAQ0xDSwLGHNxleHRuA2FlbQIxMAABp3TvfUOSPoqFJvZEz-WNKpD8-pm5KWjblslkTOyytTJzKrKCA9z10E1as0-E_aem_TIaXtkG49OXCDZHcpOSf2w Шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш...

Димаш Құдайберген Қытайдағы «人民日报 People’s Daily» басылымына сұхбат берді

  19 маусымда Қытайдың ең беделді басылымдарының бірі «人民日报 People's Daily» / «Жэньминь жибао» қысқаша бейне сұхбатын жариялады. Онда Димаш...