ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің мерейтойы - Ыстамбулдағы "STRANGER" шоуы

Димаш Құдайбергеннің мерейтойы – Ыстамбулдағы «STRANGER» шоуы

Dimash World Димаш Құдайбергеннің мерейтойы - Ыстамбулдағы "STRANGER" шоуы

Димаш Құдайбергеннің мерейтойы – Ыстамбулдағы «STRANGER» шоуы

Димаштың әрбір жеке концерті – барлық қалалардағы қойылымдарымен есте қаларлық үлкен мереке, бірегей шоулар…
Дәл осындай Димаштың, оның отбасының, достарының, әріптестерінің және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жанкүйерлерінің  ерекше кездесуі 24 мамырда Ыстамбұлдағы үлкен «Бешикташ» стадионында өтті.

Бұл кеште «Stranger» шоу бағдарламасы туған күн иесінің қонақтары мен достарының қойылымдарымен әсерлене түсті. Өнер иесін құттықтауға Түркия, Қазақстан және АҚШ-тан әлемге әйгілі музыканттар келді.

Димаштың жеке концертінің арнайы қонағы, әнші, композитор, гитарист, тек шығармашылық қана емес, қайырымдылық қызметімен де кеңінен танымал және халық сүйген түрік халықтық хард-рогын жаңғыртқан музыкант Халук Левент қабылдаушы ел атынан қазақ өнерпазын түрік жерінде қарсы алып, Димашқа гитара да сыйға тартты.

Рокер Халук пен классикалық вокалист Димаш сахнадан акустикалық гитараның сүйемелдеуімен түріктің ең танымал «Gesi Bağlari» әнін орындады.

Концерттің тағы бір қонағы атақты диджей Бурак Йетер болды. Ол Димашпен былтыр Түркиядағы «Weekend» әнінің премьерасы өткен алғашқы концертінен бері бірге жұмыс істеп келеді. Бұл жарқын, жеңіл шығарма бүгін тағы да орындалып, көрерменнің ерекше ықыласына ие болды.

Бурак Димашқа өткен жылы арнайы қонақ ретінде қатысқан оның жұлдызды шоуының символы болып табылатын «ғарыш» күртесін сыйлады.

Концерттің тағы бір арнайы қонағы қазақстандық композитор, Димаштың досы Ренат Гайсин да болды. «Қайран Елім» әнін Димаш маэстро Гайсиннің сүйемелдеуімен пианинода және Олжас Құрманбектің сүйемелдеуіндегі қобыздың қоңыр үнімен орындап, әртістердің адам тағдыры жайындағы терең толғаныстарын аша түсті.

Осы мерейтойлық кеште Димаш алғаш рет Лос-Анджелестен келген қонақ, композитор, продюсер, көптеген танымал музыкалық туындылардың авторы Нейтан Вангпен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

Бүгін Димаш композитордың сүйемелдеуімен ұлы Джеки Чанның «Авангард» фильмінің саундтрегін алғаш рет сахнада орындады. Димаш 2020 жылы фильмнің соңғы нүктесін қоятын әні ретінде «Happy» композициясын жазды. Димаш пен Нейтанның өнер көрсетуі көрермендер үшін үлкен тосын сый болды. Көрермендер қытай тіліндегі виртуоздық фортепиано мен бір қарағанды жеңіл болып көрінетін вокалдық дауысты ерекше әсермен қабылдады.

Шоу-бағдарламада Димаштың құрметті досы, композитор Игорь Крутойдың туындылары ерекше орын алады. «Olimpico» атты айбынды кантата мен «Ave Maria» шебер вокализациясы үлкен алаңның аркасының астында өте әдемі және кең көлемде шырқалды. Димаш пен Игорь Яковлевичтің шығармашылық тандемін бейнелейтін классикалық дыбысты ұлттық қазақылықпен үйлестіретін «Stranger» туындысы шоудың титулдық әні болып табылады. барша жанкүйерлердің ерекше сүйіспеншілігімен Ал, жанкүйерлердің ерекше сүйіспеншілігіне ие болған «Любовь Уставших Лебедей» әнін сол кеште бүкіл көрермен болып қайта шырқады.

Ал концерттегі көрермендерге келер болсақ, олардың телефондары мен фонарьларының жарығынан пайда болған көріністен қуаныштың жасы тамды. Dears отбасы екенін Димаш талай рет айтқан болатын. Ал бүгін үлкен стадионда нағыз бір үлкен отбасының туған күні өтті!

Dears туған күн иесімен бірге қосылып фан-зонада «Golden», «Give Me Your Love», «Be With Me», «Fly Away» әндерін бірге шырқап, биледі, көңіл көтерді. Ал, «Together» әнін бірге орындағаннан кейін жас музыкант, жазушы Әбілмансұр Құдайберген: «Маған шабыт бергеніңіз үшін және музыкаға қатыстының барлығын  үйретіп жатқаныңыз көп рахмет», – деп ағасына алғысын білдіріп, құттықтау сөз айтты.

«Be With Me» әнін орындаған Димаш сахнаның артына өтпек болған сәтте күтпеген жерден оның ұстазы Марат Әйтімов сахнаға үлкен тортпен шығып, ұжым мен концертті ұйымдастырушылардың атынан туған күн иесін 30 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Димаш ұстазына және бүгін оның арманын жүзеге асырған жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Концерт барысында әртістің жанкүйерлері Димаштың бұрыннан хит болған «Battle Of Memory» және «Sos D’un Terrien En Détresse» қойылымдарын, концерттерін және өміріндегі кейбір оқиғаларды еске алды. «Stranger» мен «Дүрдараздағы» ұлттық аспаптардың әрбір үніне шабыттанып, тәнті болды.

Димаштың «Ұмытылмас күн», ең көлемді туындысы «The Story Of One Sky», сондай-ақ жақында жарық көрген «Smoke» и «When I`Ve Got You» туындылары да бүгін ерекше стильде орындалды.

Және, тағы да, нағыз үлкен бір отбасыға айналған Dears концерт бойы сүйікті әндеріне қосылып, бірге ән шырқады.

Ал сөзін көпшілік жатқа білетін «Махаббат бер Маған» қойылымында барша көрермен өнерпаздың орнына хормен ән шырқады. Ал сол сәтте Димаш  көрермендер арасынан өзіне табыс етілген Қазақстанның туын мақтанышпен ұстап тұрды.

«DimashAli» шығармашылық орталығы концертті өткізуге көмектескен RAMS компаниясы мен Yıldızlar компаниясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиевке, Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулы Аманқұл Нұриддинге және Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулы Қуат Қанафеевке шексіз алғысын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады

23 маусымда Димаш Құдайбергеннің чилилік 17 жанкүйері Қазақстанның әнұранын орындады. Бұл әсерлі орындау Чили мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу...

Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао қаласында туризм, сауда, экономика және мәдениет салаларын біріктіретін халықаралық сыра фестивалі 34-ші рет өтуде. Бұл...

Димаш жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі: екі мәдениеттің бірлігі және домбыра күні

13 шілдеде Мадридте қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Испанияның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Германия мен Швейцариядан да жанкүйерлер...

Аңызға арналған ән: Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа «Аңыз» атты фильмі прокатқа шықты. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "This Love"...

Димаш Сербиядағы EXIT фестивалінде хедлайнер ретінде өнер көрсетті

10 шілдеде Сербияда нағыз энергетикалық жарылыс болды: Нови Садта 20 ғасырда әлемді өзгерткен тапқыр - ​​Никола Тесланың туған күнін...