ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі...

Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі кездесуі өтті

Dears Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі кездесуі өтті

Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі кездесуі өтті

Димаш Құдайбергеннің Стамбулдағы мерейтойлық концерті қарсаңында Dears-тың дәстүрлі кездесуіне 41 елден әншінің жанкүйерлері жиналды.

Іс-шара бағдарламасы бауырлас екі ел – Түркия мен Қазақстанды байланыстырды. Музыканттардың өнері, жазу, би, сән, ағаштан аспаптар жасау өнері – бәрі де екі елдің мәдениетінде сүйіспеншілік пен құрметке ие болды.

Мерекелік кеште Сердар Шенгүл, Седат Солакоглу, Кан Өзмелек сияқты музыканттар өнер көрсетті.

Көрермендер түріктің дәстүрлі халық билерін де, қазақтың домбыра аспабы өнерін де жылы қабылдады.

Чилиден келген Андреа домбыра тартып, алған әсерімен бөлісті:

«Бұл кеш менің Dears-қа арналған алғашқы кешім болды. Маған әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлермен кездесу өте керемет әсер сыйлады. Барлық Dears-тың бір арада жиналғанын көру таңқаларлық керемет жәйт болды. Ал, маған Димаштың жанкүйерлері үшін домбыра тарту өте ұнады».

Сондай-ақ, концертке алыс елдерден жанкүйерлер де ұшып келді. Нью-Йорктік Таня Янг 2018 жылдан бері әншінің жанкүйері екенін айтып, Димашты туған күнімен төмендегіше құттықтады:

«Мен Димашты Құдай берген таланты мен даралығы үшін жақсы көремін. Ол біздің әлемімізді өзінің махаббатымен, музыкасымен және адамгершілігімен сұлуландыра түседі. Оның керемет дауысы жер шарының түкпір-түкпіріне жетіп, әрбір жанның жүрегін жаулап алуын тілеймін!».

Ал, Димаштың Оңтүстік Африкадан келген жанкүйері Ивонна өзінің Dears отбасында 8 жыл бойы болғанын және Ыстамбұлдағы концертке оның сегізінші рет қатысқанын айттып өтті.

«Біз оны кедергілер мен шекараларды еңсерген жас жігіт, ерекше тұлға ретінде бағалаймыз! Ол шын мәнінде сүйіспеншілікке толы жүрегі бар, махаббат, бейбітшілік, бірлік және мейірімділік құндылықтарын сақтай алған феноменальды әртіс», – деп өз пікірімен бөлісті Ивонна.

Димаштың жанкүйерлері бір-бірімен өнерлерін ортаға салды – қазақстандық Dear Рашид Әбдіжаппаров пее Dear Арай өздерінің нөмірлерімен қуантса, чилилік Маргарита Лобос халық биін орындап, ал чилилік Андреа домбырада ойнады. Димаштың «Ұмытылмас күн» атты баршаның сүйіктісіне айналған әнін мексикалық Dear Лео Кантро орындады. Лоренаның Fashion Show жобасы кешке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Pre-party-дың арнайы қонақтары Димаштың ұстазы Марат Әйтімов, актер әрі әнші Нұрлан Өнербаев және Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар болды.

2019 жылдан бері Димаштың жанкүйері болып келе жатқан британдық Джилл Бичем кездесуден алған әсерімен былайша бөлісті:

«Мен Ыстамбұлда өткен pre-party-ге қатысып, Димаштың ұстазы Марат мырзамен кездестім, сонымен қатар Света ханым мен Қанат мырзаны, оның ата-анасын көру бақытына ие болдым. Олардың барлық адамдарға деген сүйіспеншілігін сезініп, ерекше әсерде болдым».

Үш жыл бұрын Габриэльдің ұлы Димаштың музыкасымен таныстырған Лас-Вегастық Нэнси бұл концерттен не күтетінін білмейтінін, бірақ Димаштың ұмытылмас әсер қалдыратынына сенімді екенін түртіп айтқан болатын.

Достар! Димаштың мерейтойлық концертіне қош келдіңіздер! Стамбулдағы «Бешикташ» стадионында кездескенше!

Соңғы жаңалықтар

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады

23 маусымда Димаш Құдайбергеннің чилилік 17 жанкүйері Қазақстанның әнұранын орындады. Бұл әсерлі орындау Чили мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу...

Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао қаласында туризм, сауда, экономика және мәдениет салаларын біріктіретін халықаралық сыра фестивалі 34-ші рет өтуде. Бұл...

Димаш жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі: екі мәдениеттің бірлігі және домбыра күні

13 шілдеде Мадридте қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Испанияның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Германия мен Швейцариядан да жанкүйерлер...

Аңызға арналған ән: Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа «Аңыз» атты фильмі прокатқа шықты. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "This Love"...

Димаш Сербиядағы EXIT фестивалінде хедлайнер ретінде өнер көрсетті

10 шілдеде Сербияда нағыз энергетикалық жарылыс болды: Нови Садта 20 ғасырда әлемді өзгерткен тапқыр - ​​Никола Тесланың туған күнін...