ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond...

Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстан астанасы туралы баяндап берді

Dimash World Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстан...

Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстан астанасы туралы баяндап берді

«Voice Beyond Horizon» шоуы қатысушыларды шабыт іздеу мақсатында үш түрлі бағытқа аттандырды. Музыканттарды Назарбаев Университеті, қала бойынша экскурсия немесе Қызғылт көлге сапар күтіп тұрды. Өз жүрек қалауларына сүйене отырып, қатысушылар сапар бағытын таңдап, жолға шықты.


Қытайлық вокалист Цай Чэнъюй үлкен қаланың ырғағын сезіну үшін өзіне серік ретінде гидпен тең дәрежеде туған елін таныстыра алатын қазақстандық қатысушы Нуржас Садырбаевты таңдады.

Бағдарламаның осы бөлімінде көрермендерге мыңжылдық көшпелі дәстүрлер мен заманауи қаланың үйлесім тапқан символы – Бәйтерек мұнарасы туралы аңыз баяндалды. 97 метр биіктіктен саяхатшылар Ақорда резиденциясын, Хан Шатыр кешені мен Пекин және Мәскеу мұнараларын, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең биік ғимараттардың бірі – Абу-Даби мұнарасын тамашалады.

Астанадағы сапар барысында музыканттардың назары Астана Операға түсті. Бұл – неоклассицизм негізін ұлттық қазақы нақыштармен шебер ұштастырған, Орталық Азиядағы ең ірі әрі техникалық жағынан әсем жабдықталған өнер ордаларының бірі. Сонымен қатар қатысушылар қытайлық мамандар салып жатқан жаңа жеңіл рельсті метрополитенмен де танысты.

Сербиялық Принц Чжан Синьюй, Ла Даньчжу және малайзиялық Джерил Ли сынды бойжеткендермен бірге ерекше су айдынына бет алды. Қатысушылар көлдің неге қызғылт түске боялатыны және суықта не себепті ағаратынына қызығушылық танытты.

Мақтадай бұлттар, шексіз кеңістікті бейнелейтін жылқы табыны мен көлдегі аппақ аққулар Қазақстан қонақтарын тәнті етіп, оларға ұмытылмас әсер сыйлады.

Ең жас қатысушы, италиялық студент Джулия Фальконе қырғызстандық Нур Чолпонмен бірге Орталық Азиядағы жетекші халықаралық білім беру орталығының тыныс-тіршілігімен танысу үшін сол жаққа бет алды. Жобаның атқарушы продюсері Димаш Құдайберген студенттік кезеңін еске алып, олармен бірге Назарбаев университетіне барды.

Қонақтарды түрлі мамандық студенттерінен құралған флешмобпен хор орындап қарсы алды. Джулия мен Нур университеттің би ұжымы орындаған қазақтың халық биіне қосылып, вокалистермен әртүрлі мәдениеттер музыкасын талқылап, бірге ән шырқады.

Сондай-ақ қонақтарға 2013 жылы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйлеп, «Бір белдеу – бір жол» бастамасының басталғанын жариялаған мәжіліс залы көрсетілді.

Астана әншілерге айрықша шығармашылық әсер сыйлап, сол алған әсерлерін жақын арада орындалатын музыкалық туындылардың мазмұндық және эмоциялық негізіне айналдыруға мүмкіндік берді… Келесі бейсенбі күні өтетін шоудың финалында дуэттік байқау қорытындылары жарияланып, жоба жеңімпазы анықталады.

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...