ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш...

Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Үш икона» концерті өтті

Dimash World Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Үш...

Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Үш икона» концерті өтті

18 сәуір күні Будапешттегі MVM Dome аренасында бір сахнада опера мен рок, романс пен фолк, скрипка, рояль, виолончель, гитара – дауыстар, аспаптар, жанрлар мен буындар бір нәзік музыкалық симфонияда тоғысты.

Кештің басты кейіпкерлері – әртүрлі шығармашылық әлемнің аңыз тұлғалары, музыкаға деген ортақ махаббат біріктірген Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген болды. Денсаулығына байланысты бүгін сахнаға шыға алмаған виолончелист Хаузер әр көрерменнің жүрегінде болды. Ол өз орындауындағы жаңа бейнежазбалармен бөлісіп, жанкүйерлеріне онлайн үндеу жолдады.


Атақты испан опера әншісі әрі дирижері Пласидо Доминго концертте өнер сүйер қауымға кеңінен таныс шығармаларды орындады.

Маэстро Умберто Джорданоның «Андре Шенье» операсынан терең монолог – атақты «Nemico della patria» / «Отанның жауы» ариясын ұсынды. Испан сарсуэласы «Quiero desterrar de tu pecho el temor» / «Сенің жүрегіңдегі қорқынышты сейілткім келеді» және «No Puede Ser» / «Болуы мүмкін емес» арияларымен көрерменді тәнті етті.

Испанның танымал копла жанрындағы «La morena de mi copla» / «Менің әнімдегі қараторы қыз» және әйгілі бродвей мюзиклдерінен «Some Enchanted Evening» / «Сиқырлы кештердің бірінде» мен «On the Street Where You Live» / «Сен тұратын көшеде» әндері Пласидо Домингоның орындауында романтикалық көңіл күйге бөлеп, көктемнің гүлденуін күттірді.

Қазақстандық әнші, композитор әрі продюсер Димаш Құдайберген жеке орындау үшін әртүрлі стильдегі шығармаларды таңдады: еуропалық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ тілінде лирикалық «Махаббат бер маған» композициясы, шынайы сезім туралы авторлық «Ұмытылмас күн» әні және толық контраст ретінде, мыңдаған жарқын ұшқын шашқан қуатты «Дүрдараз» – XIX ғасырдағы Ешнияз салдың халыққа кең тараған туындысы орындалды.

Ұлттық коллаборациялар Димаштың композитор Игорь Крутойдың «Stranger» әнін орындауы кезінде жалғасын тапты, сол сәтте Budafok Dohnányi Orchestra оркестрінің дирижері Петер Пейцик көне қазақ аспабы қобызды қолына алды. Маэстро Димаштың «Show Must Go On» мәңгілік классикасын орындауы кезінде виолончельде жеке партия да орындады.

Кештің басты екі жұлдызы – Димаш пен маэстро Доминго көрерменге ортақ сый ретінде «O Sole Mio» / «Менің күнім» әнін тарту етті. 1898 жылы жазылған бұл әлемге әйгілі туынды неаполитан музыкасының шыңы саналады. Осы шуақты дуэтте қос өнерпаз бір-бірінің шеберлігін толықтырып, жарқырай түсті.

Әлемге әйгілі виолончелист Хаузер жуырда жазылған шығармалардың бейнежазбаларымен бөлісті. Үлкен экрандарда оның виолончельдегі орындауы «The Gladiator» / «Гладиатор» және «Pirates of the Caribbean» / «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдеріндегі әсерлі сәттерді еске салды, ал Астор Пьяццолланың жаңа танго стиліндегі «Libertango» композициясы тыңдармандарды Италияның құмарлық пен романтикаға толы әлеміне жетеледі.

Концерт қонақтары қатарында жас өнерпаздар да, әлемге танымал музыканттар да болды. Пласидо Домингоның ұлы – әнші, композитор әрі продюсер Пласидо Доминго кіші испан тіліндегі классикалық әндерден құралған «Latin Medley» попуррисін ұсынып, әкесімен бірге латынамерикалық музыканың классикасы «Adoro» / «Сүйемін» балладасын орындады.

Украина-америкалық сопрано Елена Дудочкина «Somewhere Over the Rainbow» / «Кемпірқосақтың ар жағында» әніндегі нәзік вокалымен көрерменді ертегілер әлеміне жетеледі. Ол Пласидо Домингомен бірге Франц Легардың «Көңілді жесір» опереттасындағы әйгілі Ганна мен Данилоның вальс-дуэті «Lippen Schweigen» / «Еріндер үнсіз» шығармасын орындады.

Бүгін Будапешт сахнасында виолончельдің жанды үні венгр музыканты, Ференц Лист атындағы Музыкалық академияның түлегі Бенце Банковидің орындауында шырқалды. Ол стильдері әртүрлі болғанымен, қуаты мен экспрессиясы бірдей «Game of Thrones» / «Тақтар ойыны» және «Nadir’s Aria» / «Надир ариясын» әсерлі түрде жеткізді.

Бүгін сахнада өнер көрсеткен жас музыканттардың бірі – 2018 жылғы Virtuosos байқауының жеңімпазы, венгр пианисі Сома Балаж-Пири болды. Сома «Swan Lake» / «Аққу көлі» шығармасын орындаған сәтте орыс балетінің мәдени мұрасы мен әлемдік өнер классикасы арена кеңістігіне толқын-толқын болып тарады.

Фортепианодағы шебер орындалған партия Димаш Құдайбергеннің «SOS d’un terrien en détresse» / «Үмітін үзген жер тұрғынының SOS-ы» шығармасымен үндесіп, оның өнерін толықтыра түсті. Ал «Autumn Strong» / «Мұңды күз» дуэтінде вокалдық және аспаптық партиялар тұтас бір үйлесімге айналып, ойды алыстағы жоғалған бақытқа жетеледі…

Бұл композицияда дауыс пен рояльға электрогитара қосылды – жас қазақстандық мультиаспапшы Мансұр Құдайберген осы және концерт барысында орындалған көптеген шығармаларда түрлі аспаптарда ойнап, музыкалық партияларды орындады.

Ерекше концерттің шарықтау шегі Димаш Құдайберген мен украиналық опера әншісі Виктория Булееваның дуэті болды. Өнерпаздар «Phantom of the Opera» / «Опера елесі» мюзикліндегі ең танымал партияны үлгілі деңгейде орындап, көрерменді тәнті етті.

«Besame Mucho» / «Мені қатты сүй» – концерт финалында музыканың біріктіруші күші ретінде әлемге әйгілі шығарма Пласидо Доминго, Димаш Құдайберген, Елена Дудочкина және Пласидо Доминго кіші орындауындағы квартетпен ұсынылды. Уақытқа бағынбайтын классика Будапештте жиналған мыңдаған жанкүйерге әрбір нота мен әрбір күлкі арқылы шынайы бірлік сыйлады…

Алайда… қоштасар сәт те жетті… Арена күмбезі астында қайтадан «Show Must Go On» әні шырқалып, музыканың мәңгілігін айқындап, жаңа кездесуге деген үмітті жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Будапешттегі музыкалық шоқжұлдыз: Венгрия астанасында Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Үш икона» концерті өтті

18 сәуір күні Будапешттегі MVM Dome аренасында бір сахнада опера мен рок, романс пен фолк, скрипка, рояль, виолончель, гитара...

Астана – көкжиекке бағытталған сапардың соңғы аялдамасы: Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстан астанасы туралы баяндап берді

«Voice Beyond Horizon» шоуы қатысушыларды шабыт іздеу мақсатында үш түрлі бағытқа аттандырды. Музыканттарды Назарбаев Университеті, қала бойынша экскурсия немесе...

Будапешттегі оперетта театрындағы түсірілімдер — Димаш Құдайберген Венгрия астанасындағы бірегей концертке дайындықты бастады

18 сәуір күні Будапешт қаласында басты орындаушылар ретінде Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген өнер көрсететін ерекше концерт өтеді. Аталған...

Бельгияда Димаш Кудайберген шығармашылығына арналған радиобағдарлама эфирге шығады

Бельгиядағы MCS Radio Aywaille радиосында Димаш Кудайберген шығармашылығына арналған арнайы бағдарлама қайтадан өтеді. Эфир 30 сәуір күні Орталық Еуропа уақыты...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Наурыз мейрамын Прагада атап өтті

2026 жылдың 12 сәуірінде Прага қаласындағы Панкрац саябағында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырылып, оған Димаш Құдайбергеннің чехиялық фан-клубы қатысты....