ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

Dears Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

24 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласындағы әйгілі «Бешикташ» стадионында Димаштың 30 жасқа толу туған күнін тойлауға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ауқымды шараны дайындауға концерт өтетін елдің фан-клубы белсене қатысады.

Бұл жолы да түрік фан-клубы алғашқы күннен бастап қызу жұмысын бастап кетті. Dears 41 тілге аударылған концертке шақыртуларды дайындап, концертке байланысты ақпараттарды әлеуметтік желілерде жариялап және 77 елдің 243 аккаунтқа жіберілген болатын.

«Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергеннің 30 жылдық мерейтойын біздің қиялымыздан да асатындай керемет тосын сыйларға толы мерекеге айналдыруға және «бәріміз бір аспан астында бірігеміз» деген ұғымның қалыптасуына үлесімізді қосып, жүрегіміздегі махаббатымызды бүкіл әлемге паш етуге дайынбыз ба?», – деген қобалжуға толы сұрақтар әртістің жеке концерттері алдында алыстан келетін қонақтарға көмектесу үшін танымал мессенджерлерде құрылған топтарда толастар емес.

Концертке келуді жоспарлап отырған әртүрлі тілде сөйлесетін Dears чаттарда жергілікті фан-клуб өз елі туралы ақпарат беріп, басқа елдерден келген адамдарға тұру, саяхат және экскурсиялық сапарлар мәселелерін шешуге көмектеседі.

Әншінің жанкүйерлері Димашты Ыстамбұл әуежайында күтіп алып, 26 ақпан күні баспасөз мәслихатына қатысты. Баспасөз мәслихатында тұсауы кесілген «When I’ve you» жаңа музыкалық бейнебаянының «вампир» тақырыбына сәйкес Dears-тың стильдендірілген қара плащтар мен әдемі маскарад маскалары іс-шараға ерекше атмосферасын сыйлады.

Дәл қазір концертке дайындық қызу жүріп жатыр. Түрік фан-клубы алдағы шоуға арналған материалдармен бөлісуді жалғастыруда.

Ал 23 мамырға фандомға арналған дәстүрлі Dears pre-party жоспарланып отыр.

Қазір көптеген түрік Dears фан-клубы Димаштың концертіне бейне-шақырулар дайындауға ұсынған акцияға қатысуда. Бұл жобаның мақсаты – әлемнің әр түкпіріндегі әншінің жанкүйерлеріне музыка мен өнерде шек жоқ екенін көрсету.

«Қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың алғыс! Сіздерсіз және сіздердің махаббаттарыңыз болмаса менің барлық атқарып жатқан істерімнің мәні болмас еді. Менің әрбір туындымды қолдағандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, Түркиядағы өнерге немқұрайлылық танытпайдын әрбір азамат пен алдағы концертті ұйымдастыруға атсалысып жатқан жандарға шын жүректен рахмет айтамын.
Біздің ұлтаралық достығымыз бен рухани байланысымыз нығая беруіне тілектеспін. Ең бастысы – жақсылық болсын. Сіздерді, менің игі ниетті және әппақ көңілді менің тыңдармандарым алдағы концертімде асыға күтемін. 24 мамырда естеріңізде мәңгі сақталатын жоғарғы деңгейдегі концерт өткізу үшін бар күшім мен өнерімді салуға дайынмын», – Димаш Құдайберген. 2024 жылғы 26 ақпанда Ыстамбұлдағы баспасөз мәслихаты.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайда өткен күз ортасы фестивалінде өнер көрсетті

17 қыркүйекте Қытайдың ірі телеарналары CCTV Mid-Autumn Festival Party - Қытайдағы ең маңызды мерекелердің бірі - Күз ортасы фестиваліне...

Dimash Qudaibergen Gave an Exclusive Interview to Euronews

On September 17, an exclusive interview with Dimash Qudaibergen aired on the European 24-hour news channel Euronews. https://www.youtube.com/watch?v=Z0c_oHI0hXQ&ab_channel=EuronewsCulture In a conversation...

«Magic of qobyz» – Елордада Олжас Құрманбектің алғашқы жеке концерті өтті

Қыркүйектің 15-і күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында қазақтың атақты қобызшысы Олжас Құрманбектің концерті өтті. Концертке қазақтың көне аспабын...

Елордадағы Stranger: Димаш Құдайбергеннің Астанадағы екі жеке концерті қалай өтті

13 және 14 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қазақстанның астанасында екі жеке концертін өткізді. Бастапқыда бір ғана концерт жоспарланған, бірақ билеттер...

Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

12 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Димаш: әлемді бағындырып» атты...