2025 жылдың 1 маусымында Барселонада Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы жеке концерті алдында
«D and Dears» атты баспасөз конференциясы өтті. Оған журналистер мен Димаштың жанкүйерлері шақырылды.
Әншінің Испания, Италия, Мексика, Германия, Латын Америкасы, Вьетнам, Ресей, Қазақстан және басқа елдерден келген 400-ге жуық көрермені Hyatt Regency Barcelona Tower ғимаратында жиналды.
Жиналған көрермендермен Димаш испан тілінде амандасты. Дәл осы жерде болғаны үшін қуанышында шек жоқ екенін және көрермендерге көрсетіп жатқан қолдаулары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Димаш қараша айында өтетін концертте испан тілінде ән айтуға тырысатынын атап өтті.
Қытай-Қазақстан жобасы туралы сұраққа жауап берген Димаш продюсер ретінде қатысатын жаңа байқаудың жай-жапсарын айтып берді:
«Бұл өте үлкен байқау болмақ. Менің ойымша, ғаламдық ауқымдағы концерт болатындай. Мұның барлығын қаншалықты жүзеге асыра алатынымызды, әрине, бір Құдай біледі. Қазір біз Hunan TV-мен соңғы келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Қытайлық достарымыздан маған жетекшілік ету туралы ұсыныс түсті. Нәтижесінде, тек Қазақстан мен Қытай арасындағы ғана емес, барлық елдермен достық қарым-қатынастың үлгісі ретінде бұл жоба Қазақстанда түсірілетін болып шешілді .
Біз әрдайым жобаға қатысатын музыканттарды өте мұқият таңдаймыз. Қазылар алқасының құрамында ұлы музыканттар мен атақты әртістердің болғанын қалаймын. Бұл менің вокалдық байқаудың продюсері ретінде дебютім, сол себепиі біз өте жақсы өнім шығаруға тырысамыз. Бұл жоба бұған дейінгі тележобалардан ерекше болады. Бізге жаңа әртістердің талантын ашатын күрделі жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берілді. Әрине, бұл жауапкершілігі мен қызығы мол күрделі жұмыс».
Әнші Қытайда алдағы уақытта өтетін кинофестивальге қатысатыны туралы кішігірім айтып өтті.
Әншімен қазан айында Madison Square Garden-де өтетін жеке концерті туралы сөз қозғай отырып, журналист Димаштан армандарының бірінен соң бірі орындалып жатқаны кішігірім қорқыныш тудырмайды ма екен, соны сұрады.
Өнер иесі ол үшін қай жерде, қандай сахнада ән шырқағаны маңызды еместігін, бастысы жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетіп, олардың қошеметіне ие болу екенін және бір Құдай мен Dears-тың арқасында ешнәрсенің қорқынышты еместігі туралы тілге тиек етті.
Димаш бейнебаян түсіру барысында не нәрсеге көбірек көңіл бөлетіні туралы былайша бөлісті:
«Бәрі қиын, бәрі қызық, бәрі жауапты. Мен бәріне мән беремін. Менімен бірге бір рет жұмыс істеген жігіттер, екінші рет жұмыс жасағысы келмейді (күлді).«When I’ve Got You», «Smoke», «Тау ішінде», «Киелі мекен», «Өмір» бейнебаяндарын түсірген де, контент жасаған адам да – Ғалым Асыловтың жұмысы. Ол біздің елімізде өте танымал режиссер. Біз бір-екі жыл бұрын танысып, сол таныстығымыз үлкен достыққа ұласып кетті. Сол кезден бастап біз бірге жұмыс істейміз, маған шыдап келе жатыр (күлді).
Жауапты сәттер өте көп. Тіпті бейнебаян дайындау кезінде, аранжировка жасағанда, яғни көптеген процесте, міндетті түрде қатысып отырамын. Оның қаншалықты жақсы- жаман екенін білмеймін. Қазір жағдайды суық ақылмен бағалай алмайтын шығармын, бірақ меніңше, кез келген шығармашыл адам өз туындысымен өзі айналысуы керек сияқты. Сондықтан менімен бірге 10 жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан Ғалым Асыловқа, Ерлан Бекчуринге үлкен құрмет.
Әрине, фильмдерге түсуге ұсыныстар әлі де түсіп жатыр. «Singer» бағдарламасы кезінде мені фильмдерге, оның ішінде басты рөлде ойнауға жиі шақырған болатын. Бірақ қазір менің бүкіл ақыл-ойым музыкаға бағытталған. Ал болашақта – жүре көреміз».
DimashAli шығармашылық орталығының жетекшісі Димаштың әкесі, ұлының жауабын толықтыоа келіп:
«Кейбір адамдар шоу жасағанда немесе ән таңдауда Димашқа басқа адамдар әсер етеді деп ойлайды екен, бірақ ол мүлдем олай емес. Димаш бәрін өзі жасайды. Бүкіл репертуарды өз талғамына сай таңдап, шоуды да өзінің қалағанындай жасап шыүады. Бейнебаяндардың барлығы оның бақылауында түсірілген, ол өзі режиссер ретінде де жұмыс жасайды. Сондықтан, оның туындысының бәрі – өзінің ақыл-ойынан шыққан дүние. Ол бәрін мұқият істегенді ұнатады, кейде бір нәрсе ойындағыдай болмай жатса, қашан ойындағы нәтижеге қолжеткізгенше ерінбей жасай береді.
Сол себепті, ол кейде: менімен бір рет жұмыс істегендер енді қайта жұмыс істегісі келмей қалады,- дейді (күлді). Әрине, ол сол сәтте ғана болатын дүние, кейін қайта бірге жұмыстарын жалғастырады ғой, себебі бәрі Димашты жақсы көреді».
Әнші Хосе Каррераспен бірге атқарған жұмысы туралы:
«Бірнеше күннен кейін маэстро Хосе Каррераспен, маэстро Пласидо Домингомен бірлескен премьерамыз болады – («My way» композициясы жақын арада «Virtuosos» жобасының YouTube каналында шығады). Шынын айтсам, бұл – естен кетпес ерекше сәттердің бірі болды. Түсірілім барысында, сол кісілерлің қасында тұрып қобалшығаным өтірік емес, бірақ қуаныш сезімі басым болды.
Димаштан бұрын орындаған каверлердің қайсысы көбірек ұнайтыны туралы сұрады.
«Бірнеше жылдан бері мен кавер орындампймын. «Singer» жобасынан кейін мен өз әндерімді орындай бастадым. Маған кімнің әнін орындайтыным маңызды емес. Себебі, бәрібір оның шығарылымымен, аранжировкасымен, жазылу стилімен өзім айналысамын. Мысалы, Игорь Крутойдың «Stranger», «Ave Maria», «Любовь, похожая на сон» сияқты мен орындайтын әндерінде менің продюсерлік еңбегім да бар.
Димаштан оның дауысы мұндай ауқымды концерттерге қалай төтеп беретіні туралы сұрады:
«Мен барлық дыбыстарды қолданамын (вокалдық сүйемелдеу – дауысты бақылаудың, оның күшін, тұрақтылығын және тембрін шамадан тыс күшейтусіз қамтамасыз етудің тәсілі), мен өзімнің дыбыстық байланыстарымда ешқандай ерекше қысымды сезінбеймін. Сол себепті, 4 сағаттық концерттерге төтеп беріп, тіпті, әртүрлі бағытта, әр түрлі тілде де ән орындауға шамам жетеді. Кейде концерттен кейін тағы бір концерт бергім келіп, күш-қуатым тасып кететін кездер де болады. Болашақта дауыс, тембр, әрине, өзгереді. Бірақ жалпы алғанда, дұрыс техникамен дауысты бір қалыпта ұзақ уақытқа сақтауға болады».
Қанат Айтбаев Димаштың көп жаттығатыны туралы айтты. Сахнада адам үлкен күйзеліске төтеп беруі үшін жаттығудың маңызы зор. Мәселен, Астанада өткен концертте сахнаның ені 85 метр болатын. 4 сағат бойы сол қашықтықта тоқтамастан жүгірсең, жүздеген шақырым болып шығады.
«Айтпақшы, концерт күні Димаштың қызуы 40 градус болды, бірақ концертті кейінге шегеру мүмкін болмады. Соның салдарынан сахнаның артында жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етіп, оған үнемі укол салып тұрды, әрине, бізді де қатты уайымға салды. Дегенмен, тыңдаушыларына деген үлкен махаббатының арқасында ол өзінің ауруы туралы да ұмытып кетті. Сондай кездерде, жанымды қоярға дер таппай кетемін. Алла осындай керемет кездерді өткізуге жүзден аса жылдар жазсын», – деп бөлісті Димаштың әкесі.
Жанкүйерлер кездесуінің атмосферасы өте тамаша болды. Әртіс жанкүйерлердің бірінің баласымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтап «Happy Birthday to you» әнін орындап берді. Әншінің 79 және 81 жастағы екі жанкүйері Димашқа сәттілік тілеп, алғыстарын айтып, жолына ақ батасын да берді. Ал сахнаға шақырылған кішкентай Dears-тың әншінің өзінің сүйікті әні сұрағына Димаш: «S.O.S», – деп жауап берді.
Жанкүйерлердің өтініші бойынша Димаш көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, испан тілінде ең танымал әндердің бірі «Bésame mucho» әнін, ал филиппиндік жанкүйермен бірге қазақтың «Дударай» әнін орындады. Мансұр Құдайберген фортепианода «Махаббат бер маған» әнін орындаса, ағасы Dears-пен бірге жас музыкантқа қолдау көрсетті.
Шара барысында «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаян мен «Stranger» әндері көрсетілді. Қазір Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатқан «STRANGER» музыкалық фильмінен «Olympico» и «Fire» де шырқалды.