ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш бірінші Орталық Азия медиафорумында сөз сөйледі

Димаш бірінші Орталық Азия медиафорумында сөз сөйледі

Dimash World Димаш бірінші Орталық Азия медиафорумында сөз сөйледі

Димаш бірінші Орталық Азия медиафорумында сөз сөйледі

Бүгін 20 желтоқсанда Астанада Орталық Азия елдері үшін бірыңғай медиа кеңістік құруға бағытталған алғашқы Орталық Азия Медиа форумы ашылды.

Іс-шараға әлемдік саясат, халықаралық журналистика, медиа сала және халықаралық ұйымдардың басшылығы саласында 100-ден астам шақырылған сарапшылар қатысады.

Димаш Құдайберген БҰҰ Бас Ассамблеясында бейбітшілік күнін бекіткен Бейбітшілік күні жаһандық жобасының негізін қалаушы Джереми Гиллимен бірге сөз сөйледі. Олар «Бейбітшілік этикасы» баяндамасын ұсынды.

Бейбітшілік туралы сөйлеген сөзінде Димаш аудиторияның назарын бейбітшілік пен ынтымақтастықтың маңызды кілті саяси дипломатия, адами қатынастар және мемлекеттер арасындағы құрмет екендігіне аударды.

Әртіс әлемнің көптеген елдеріне барып, әртүрлі халықтардың мәдениеттерімен танысқаннан кейін, жаман адам және жаман ұлт жоқ екендігімен бөлісті.

***

«Сен әлемді жаулап алма, өйткені ,онда сансыз қайғы-қасірет бар, сен одан да адамның жан дүниесін меңгер, ол жерде қанша әлем бар екенін көресің».
Мұхаммед Хайдар Дулати
«Бейбітшілік – адамзаттың ең ұлы, ең асыл құндылығы! Күллі әлемдегі тыныштықтың, бейбітшіліктің ең басты кілті «сары майдан қыл суырғандай» саяси дипломатия, адами қарым-қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі.
Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, соңғы мыңдаған жыл ішінде адам баласы жер бетінде 300 жылға жетер жетпес уақыт қана бейбіт өмір кешкен екен. Бұл өкінішті жәйт адамзат санасының бағзы замандардан бері көп өзгермегендігінің көрсеткіші…
Әлі күнге дейін талай елдер соғыс зардабын тартып, экономикасы, руханияты құлдырап жатыр. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шегуде. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығының айғағы. Соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Біз неліктен мыңдаған жылдар бойына тату ғұмыр кешуді үйрене алмай келеміз?
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жалпы адамзаттың ортақ мүддесі үшін неге біріге алмай келеміз?
Арандатып, үгіттеушілердің құйтырқы әрекеттері арқылы ел мен елдің арасына сызат түсіріп, жауластырып, өз амбицияларын жүзеге асыру мақсатында мыңдаған жандарды өлімге айдап жатқан соғысқұмарлықты қалай тоқтатамыз?
Адам өмірін адам өлімімен құтқару ол ешқандай да құтқару емес, жай ғана сылтау екендігі ақиқат.
Соның бәрін біле тұра, әлі күнге нәсілге бөлініп, дінаралық соғыс, ұлтаралық келіспеушіліктер белең алып тұрған заманда өмір сүріп келеміз.
Адамзат бұл өмірде жаратушының емтиханынан өтіп жатқандығын ұмытып, пенделік тірліктен, кеудемсоқ өркөкіректіктен арыла алмай келеді.
Шексіз амбициясымен соғыс бастап жүрген, өздерін ұлы санайтын кейбір мемлекет басшылары басқа мемлекеттің ішкі тірлігіне араласып, олардың қалай өмір сүруін неге шешуі керек?
Мен өнер саласында жүргендіктен әлемнің көптеген мемлекеттерінде болып, түрлі халықтардың мәдениетімен танысып жүрмін.
Осы уақыт аралығында түсінгенім – халықтың жаманы жоқ. Жаман ұлт жоқ,тек сол халықтың ойын бұрмалап, қанды ақшаға қол сұғып, соғысты жеке амбициясы үшін жүргізіп отырған мемлекет басшылары бар.
Мейірбандық, татулық, адамсүйгіштік, бейбітшілік сынды ұғымдарды ту ете отырып адамзаттың бірлігіне арналған «Бір аспан тағдыры» атты туындымды жарыққа шығарған болатынмын. Айтпағым, біз бәріміз нәсілге, ұлтқа, дінге, түрлі мемлекеттерге бөлінеміз, бірақ біз бәрімізге ортақ жер ананың баласымыз және бір аспан астында өмір сүріп жатырмыз.
Бірде-бір қасиетті кітап адамзатты жауыздыққа, соғысқа шақырмайды. Ересектердің қателігі үшін сәбилер зардап шекпеуі тиіс. Осы себепті біз дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Адамзат пен әлемнің ертеңі бүгінгі біздің қолымызда. Біз – бір үйдің, бір мекеннің, бір аспанның перзентіміз«, – деді Димаш.

Форумның финалында Димаштың адамзаттың бірлігі мен жақсылық, бейбітшілік және адамгершілік сияқты ұғымдарды құруға арналған «Бір аспан тарихы» атты авторлық композициясының бейнебаяны көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген мен Hunan TV телеарнасы 2026 жылдың ғаламат премьерасын ұсынады – «Voice Beyond Horizon» бірлескен жобасы

Сегіз жыл бұрын Ұлы Жібек жолының әндері күллі әлемге естілсе екен деген арманмен Димаш Қытай сахнасына алғаш шыққанда, өнердің...

Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамның 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars атты ең ірі...

Димаш Құдайберген Египетте өтетін «The Pyramids Echo» фестивалінде өнер көрсетеді

2025 жылдың 30 қарашасында Димаш Құдайберген Египеттегі Гиза қаласында орналасқан "Pyramids Panorama" алаңында өтетін "The Pyramids Echo" фестиваліне қатысады. Бұл...

Испаниялық жанкүйерлер Димаштың Барселонадағы концертіне арналған автобус жарнамасын іске қосты

8 қарашада Барселона қаласындағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай, Испаниядағы жанкүйерлері арнайы жарнамалық науқан ұйымдастырды. Қазіргі...

Димаш Құдайберген Мексика телеарнасына алғашқы сұхбатын берді

18 қазан күні TV Azteca телеарнасында көрсетілетін Hechos Sábado бағдарламасы аясында Димаш Құдайбергеннің Мексика телеарнасына берген алғашқы сұхбаты эфирге...