ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Dears Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жанкүйерлер тобы Dears International Group for Peace «Dimash in Latin America» жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты – Қазақстан мен Латын Америкасы арасында мәдени көпір құрып, сүйікті әртістерін өз континентіне шақыру.

Жобаның аясында әуелі бейнероликтер жарияланды. Онда әр ел өзінің пейзаждарын, туы мен дәстүрлерін әртістің музыкасына арнады. Бұл бастама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударып, бұл туралы бірнеше радиостанцияларда айтылып, Мексикада телебағдарламалар шығаруға дайындалып жатыр.

Жақын арада жоба ауқымды мәдени науқанға айналады. Қалалар мен мәдени орталықтарда әртістің музыкасы Латын Америкасы билерімен, аспаздық дәстүрлермен және қолөнермен үйлесім табатын «Димаш және әлем мәдениеті» атты фестивальдер жоспарлануда. Сонымен қатар, «Образға айналған дауыс» атты көркемсурет көрмесі өтеді.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты – Димашты Латын Америкасына шақыру ғана емес, елшіліктер, мәдени орталықтар және университеттермен ынтымақтастықты қамтитын бірегей мәдени алмасуды құру екенін атап көрсетті.

«Димаш әнді тек даусымен емес, ол жанын салып айтады. Ал Латын Америкасында оны бүкіл континент ерекше ықыласпен күтуде», — дейді бастама авторлары. Олар: «Димаш, Латын Америкасына кел! Сенің музыкаң біздің елге жайылып, осында өмір сүруін жалғастыруда», — деп соңғы манифестке ұқсайтын үндеуін жариялады.

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...