ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың дауысы Ригадан естіліп тұр

Димаштың дауысы Ригадан естіліп тұр

Dears Димаштың дауысы Ригадан естіліп тұр

Димаштың дауысы Ригадан естіліп тұр

7 наурыз күні сағат 19: 00-де Латвия астанасында Димаш Құдайбергеннің концерті басталды. Жанкүйерлер әншіні зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Ригадан dimashnews.com тілшісі.

Бүгін әншінің әлемнің 30-дан астам елінен келген жанкүйерлері аты аңызға айналған «Рига-Арена» стадионында бас қосты.

Спорт сарайында ине шаншар орын жоқ. Залдағы атмосфера таңдай қақтырады, ондағы көрерменнің барлығы көтеріңкі көңіл-күйде. Мұны олардың жүздеріндегі қуаныштан байқауға болады.

Әртүрлі елдерден жиылған жанкүйерлердің тілектері бір арнада тоғысып, керемет күй кешуде. Олар бір үлкен отбасы сияқты, сүйікті әншілеріне шынайы ықыластарымен құрмет білдіруде.

Көпшіліктің қолында жалаулар желбірейді, Димашты қолдайтын ұрандар жазылған плакаттар бар. Олар маңдайына «DEARS» деген жазуы бар баскиімдер киіп, жүрек түріндегі үлкен ашықхаттар ұстап алған.

Оқырман назарына Димаштың ARNAU әлемдік гастролі аясындағы жетінші концерті қалай басталып, қалай өтіп жатқандығын көрсететін бірнеше фотосуретті ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...

Virtuosos жобасының жас музыканттары Димаштың «Өмір» әнінің аспаптық нұсқасын жазды

Димаш Құдайберген екі жыл қатарынан қазылар алқасының мүшесі болған «Virtuosos» жас музыканттар байқауының көрнекті қатысушыларының камералық оркестрі Димаштың «Өмір»...

Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсетті

21 маусымда Қытайда 27th Shanghai International Film Festival (27-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің) жабылу салтанаты өтті. https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=-jNQcsFYk9Y&fbclid=PAQ0xDSwLGHNxleHRuA2FlbQIxMAABp3TvfUOSPoqFJvZEz-WNKpD8-pm5KWjblslkTOyytTJzKrKCA9z10E1as0-E_aem_TIaXtkG49OXCDZHcpOSf2w Шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш...

Димаш Құдайберген Қытайдағы «人民日报 People’s Daily» басылымына сұхбат берді

  19 маусымда Қытайдың ең беделді басылымдарының бірі «人民日报 People's Daily» / «Жэньминь жибао» қысқаша бейне сұхбатын жариялады. Онда Димаш...

Димаш Құдайберген «Орталық Азия – Қытай» саммитінің іс-шараларына қатысты

16-17 маусымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының мемлекет басшысы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына сапармен келді. 17...