ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Орталық Азия – Қытай» саммитінің іс-шараларына қатысты

Димаш Құдайберген «Орталық Азия – Қытай» саммитінің іс-шараларына қатысты

Dimash World Димаш Құдайберген «Орталық Азия – Қытай» саммитінің іс-шараларына қатысты

Димаш Құдайберген «Орталық Азия – Қытай» саммитінің іс-шараларына қатысты

16-17 маусымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының мемлекет басшысы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына сапармен келді. 17 маусымда Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» атты екінші саммиті өтеді.

Салтанатты кеште Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген қабылдаушы елдің мәдени өкілі ретінде жиында өзінің репертуарындағы қытай тіліндегі ең әдемі лирикалық әндердің бірі – «荆棘王冠» / «The Crown» әнін орындады.

Бұл ән қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың 2017 жылы Астанада өткен жеке концертінде алғаш рет орындаған «Кім екен» шығармасының қытайлық нұсқасы.

Іс – шараларға дайындық аясында қытайлық CGTN телеарнасы Димашты Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Nazarbayev University-де түсірілген «Идеялар өзгереді» атты тақырыптық дәрістер жобасына «Қытай – Орталық Азия, мәдени диалог» тақырыбында сөз сөйлеуге шақырды.

«Құрметті жерлестер, Астана тұрғындары және CGTN арнасының көрермендері! Бүгін біз Қытай мен Орталық Азия туралы айтатын боламыз. Өздеріңізбен мәдени өкіл ретінде кездескеніме өте қуаныштымын. Біз тағдырдың өзі қосқан көршілерміз. Ең бастысы, көршілер, бауырлас халықтар мен әлемнің барлық елдері арасында бірлік, келісім мен амандық болуы керек.

 

Қытайға сапар жасамастан бұрын, жас кезімде мен Қытай мәдениетін Джеки Чанмен, Брюс Лимен, кунг-фумен байланыстырған болатынмын. Бірақ мен жұмыс сапарыммен барып, Қытайда өмір сүрген кезімде менің бұл елге деген қабылдауым өзгерді. Мен қытай халқының қонақжайлылығы мен еңбекқорлығына ерекше таң қалдым.

Азия елдерінің өкілдері болғандықтан біздің дәстүріміз бен тәрбиемізде ұқсасытықтар бар. Мысалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты түсініктер – бізді жақындастырады. Сондай-ақ, бізді білімге, мәдениет пен ғылымға деген ұмтылыс біріктіреді.

2017 жылы Бейжіңде түсірілімдерге түсіп, іс-шараларға қатысып жүргенімде шақырту алдым. Олар Си Цзиньпин мырзаның Астанаға келетіні жіне біздің құрметті қонағымыз болатыны туралы айтты. Сөйтіп, менің қазақша, қытайша 1-2 ән орындап беруімді өтінді.

Әрине, біз өз еліміздің мәдениетін танытушы өкіл ретінде Қытай халқының қолдауын ескере отырып, шығармашылық сыйымызды бір емес, бірнеше рет ұсындық. «Жасмин» әні Қытай мәдениетінде ерекше орын алатындықтан, оны кез-келген адам  орындай алмайды. Бұл әнді орындаудың өзі үлкен мәртебе болып саналады. Сондықтан ұйымдастырушылар дәл сол әнді ұсынған болатын. Мен оны барынша жоғары деңгейде орындауға тырыстым.

Қойылымнан кейін Си Цзиньпин мырза қасыма келіп, қолымды қысып, алғысын білдіріп, Қытайдағы да, шетелдегі де жетістіктеріммен құттықтап: «Әрдайым табыс тілеймін», – деген жылы лебізін білдірді.

Содан бері өнерімді жоғары бағалайды. Маған әйелі екеуі және бүкіл отбасымен менің өнерімді ерекше құрметтейтінін айтып, шынайы лебізін білдірді. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік.

Әнші ретінде менің өнерге қосқан үлесім – шығармашылық. Халық игілігі үшін, мемлекетаралық мәдени байланыстарды нығайту жолында өнерімді көрсетуге әрқашан дайынмын. Сондықтан Си Цзиньпин мырзаның командасының шақыруын қабыл алып, Сианьдағы тамаша кеште өнер көрсеттім.

Менің есімде қалғаны сол кезде Лос-Анджелесте тұрғаным. Біз концертке бағдарламаны бірнеше күн қалғанда бекіттік. Ұзақ ойланып, мәдениетіміз бен тарихымызды көрсететін туынды іздедік, өйткені біздің қонақжай халық екенімізді бүкіл әлем біледі ғой. Сондықтан, өнерімізді жоғары деңгейде көрсетуге тырыстық.

Си Цзиньпин мырзаға қазақ мәдениетіне және қазақ тіліндегі әндерге деген құрметі үшін алғысымды білдіргім келеді. Ең маңыздысы, әрине, екі елдің достығының беріктігі. Сонымен қатар, қазақта: «Шақырып отырған шаңыраққа қарап көсіл» деген сөз бар. Қабылдаушы елге деген құрметім ретінде қытай тілінде бір ән орындадым.

Редакциядан:
2023 жылы Димаш Қытайдың Сиань қаласында өткен бірінші Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысқан болатын. Фуронг қаласында өткен Қытай-Орталық Азия халық мәдениеті мен өнері жылының және Қытай-Орталық Азия жастар өнері фестивалінің ашылу салтанатында Димаш қытай тіліндегі «
万里梦同心» / «Thousands of Miles, a Common Dream» композициясын және қазақтың халық әні «Дүрдараз» әнін орындады.

«Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамып, одан әрі тереңдей беруін тілеймін. Әрбір қолайы келген сәтте көпшіліктің алдында айтып қалуға тырысамын: әлемде бірлік, келісім, теңдік болсын. Ең бастысы – бейбітшілік.

Ешқандай бүлдіршіннің көз жасы төгілмесін. Қай ұлттың өкілі болсын, мейлі грузин, итальян, француз, орыс, қазақ, американдық болсын… ұлттың жаманы жоқ. Мен көптеген елдерде болдым, сол себепті сенімді түрде айта аламын: нашар ұлт жоқ.  Сондықтан даналыққа ұмтылып, адамдардың жақсылығын көре алуымыз керек. Айналамызға нұр шашып, бір-бірімізге қолдау көрсетейік».

 

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...