ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Dears Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Димаштың 31 жылдығына орай Dears DiVoices хоры құттықтау ретінде қазақтың «Daididau» әнін жазды. Хорда Польша мен Жапониядан келген әртістің жанкүйерлері бар.

«Димаш – қазақ мәдениетінің әлемдегі ең үздік елшісі. Қазақстанның тілі мен мәдениеті ол үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз. Біз әнді әншінің ана тілінде орындай отырып, осындай ұлы әртіс пен мейірімді адамды тәрбиелеген қазақ халқына құрмет көрсеткіміз келді», — дейді Димаштың поляк фан-клубының әкімшісі Тереза Какол.
«Біз кәсіпқой емеспіз, бірақ әнді жан-тәнімізбен орындаймыз. Біздің музыкалық сыйлығымыз Димашқа ерекше көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеміз. Біз оған әдемі музыкасы үшін, Dears -тен тапқан достарымыз үшін және мүмкін деп ойламаған нәрсені жасауға шабыт сыйлағаны үшін алғыс айтамыз», — деп хордың негізін қалаушы Агнешка Хлап өз әсерімен бөлісті.

«Daididau» – DiVoices хорымен орындалған Димаштың репертуарындағы алтыншы ән. Олар бұған дейін «Mahabbat ber magan», «Marigolds», «Ikanaide», «Autumn Strong» және «Unforgettable Day» композицияларының нұсқаларын ұсынған болатын. Төрт дауысты хорға арналған барлық әндердің аранжировкаларын пианист Ольга Попова дайындады.

Хордың қойылымдарын Димаштың поляк фан-клубының YouTube арнасынан тыңдауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...