ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My...

Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My Way» әні «Virtuosos» жобасында

Dimash World Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My Way» әні «Virtuosos»...

Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайбергеннің «My Way» әні «Virtuosos» жобасында

2025 жылғы 6 маусымда қайталанбас ерекше квартеттің премьерасы өтті. «Virtuosos» жас аспапшылардың 10-мерейтойлық байқауының екінші финалында қазылар алқасының мүшелері Хосе Каррерас, Пласидо Доминго, Хаузер және Димаш Құдайберген «My Way» атты аңызға айналған композицияны орындады.

Үш тенордың әсем де терең дауыстары мен виолончельдің әуені сахнада өмірдің терең картинасын ұсынды.

Әлемдік хитке айналған бұл әнді 1968 жылы 53 жасында Фрэнк Синатра жазған еді. Ал 1994 жылы (Димаштың туған жылында) үш ұлы тенор – Доминго, Каррерас және Паваротти Фрэнк Синатраның 79 жасқа толуына сыйлық ретінде әйгілі «The Three Tenors in Concert» концертінде «My Way» композициясын орындаған болатын.

Ондаған жылдар өткен соң, «Virtuosos» жобасының сахнасында дәл осы әнді қазылар алқасының мүшелері – маэстро Каррерас пен маэстро Доминго ұсынып, шығармашылық өмірдің шексіз әлем екенін көрсетті. Олармен бірге квартеттің құрамына жас болса да әлемге танымал музыканттар – Димаш пен Хаузер қосылды. Олар ұлы музыканттардың туындысын жас ұрпаққа жеткізу мақсатында музыканттардың баға жетпес тәжірибесін ризашылықпен қабылдады.

«Маэстро Домингомен, сондай-ақ маэстро Хосе Каррераспен бірге жұмыс істеу менің арманым болатын. Егер сіздер біздің баспасөз конференциямызды қараған болсаңыздар, онда мен фанат ретінде, жас жанкүйер ретінде сөз сөйлеген болатынмын. Өйткені олардың алдында шешім қабылдау оңай емес.

Ал олар үшін, маэстролар үшін мен де жас ұрпақтың өкілімін. Сондықтан сол кезде мен қатты қобалжып, бірақ соған қарамастан керемет шабыт алдым. Олар әлі де еңбектеніп, әлі де керемет ән айтады. Мен олардың қойылымдарын асыға күтемін. 20 жылдан кейін, мүмкін 30 жылдан кейін – Құдай оларды қолдап, ұзақ өмір берсін!

Маэстро Домингомен алғаш кездескен сәтімде, мен ерекше қобалжыған болатынмын… Мен оған: «Маэстро, мен сіздің арқаңызда музыкант болдым, әнші болдым. Сіз менің өмірімде үлкен рөл атқардыңыз», – дедім. Ол: «Маған да сенің өнерің, дауысың, музыкаң өте ұнайды», – деп жауап берді. Бұл мен үшін керемет күн болды.

Мен көптеген әлемдік жұлдыздармен, соның ішінде Джеки Чанмен, Андреа Бочеллимен және басқалармен кездестім. Осындай тамаша мүмкіндіктер үшін әуелі Құдайға, сосын «Virtuosos» жобасына рахмет айтқым келеді. Осы таңғажайып бағдарламаны ойлап тауып, жүзеге асырып жатқан  барлық кісілерге Құдай жар болсын», – деп Димаш өз әсерімен бөлісті.

Virtuosos_Talent_Show YouTube арнасынан Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногорияның ең талантты жас музыканттары қатысатын қызықты және жоғары кәсіби байқаудың шығарылымдарын жіберіп алмаңыздар.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жаңа туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуде: «Мейірімге толы қолдар, бұйымдар мен жылы сезімдер»

Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында Астанадағы DQ Dears Astana жанкүйерлері мен Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фан-клубы және Dimash Ukraine Dears...

Димаштың әніне қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен испаниялық гимнаст турнирде жүлдеге ие болды

1 мамыр күні Овьедода (Испания) өткен Liga de las Estrellas халықаралық турнирінде Димаш Құдайбергеннің музыкасына қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері Патагония ормандарын қалпына келтіруге арналған 46 көшет сыйға тартты

Аргентина, Уругвай, Венесуэла және Мексика елдеріндегі Димаштың Together for Dimash халықаралық фан-қоғамдастығы Аргентинаның Патагония өңіріндегі орман алқаптарын қалпына келтіруге...

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері мектепке музыкалық аспаптар тарту етіп, өнерпаздың атымен кабинет ашты

Аргентинадағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері музыкалық аспаптарға мұқтаж білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған жаңа қайырымдылық бастаманы іске қосты. Жобаның мақсаты...

Димаш Құдайберген Бейжіңде өткен шығармашылық семинарға қатысып, «Voice Beyond Horizon» жобасының көрермендері мен командасына өз алғысын жеткізді

2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығында Қытай–Қазақстан бірлескен «Voice Beyond Horizon» жобасына арналған шығармашылық семинар өтті. Іс-шара...