ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі...

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды

Dimash World Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды

8 желтоқсанда Женевада өткен жыл сайынғы сессия барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді. Бұл тағайындау Димаштың ұзақ жылдар бойғы қиын жағдайларға тап болған адамдарды қолдау ісіне деген адал қызметін білдіреді.
2024 жылы Димаш ХКҰ-ның өңірлік Ілгілік Елшісі болып тағайындалған еді. Ол өзіне тиесілі жаһандық платформа арқылы мигранттардың мәселелеріне қоғам назарын аударып, олардың интеграциясына жәрдемдесіп, сондай-ақ қаражат жинау шараларына қатысып, ұйымның жұмысына қолдау көрсетіп отырды.

2024 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстанға сапары аясындағы кездесуде Димаш гуманитарлық қызметін өзінің өнері арқылы ілгерілету жөніндегі көзқарасын білдірген болатын.

2025 жылы Димаш ХКҰ-мен ынтымақтастығын кеңейтіп, бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырды. Ол Рамазан айына орай ХКҰ-ның ақпараттық науқанына қатысып, бүкіл әлемдегі миллиондаған оқырмандарына мейірім мен жанашырлыққа үндеген үндеулер жолдап, адам саудасы мәселесіне және осал топтарды қорғаудың маңыздылығына да назар аударған болатын. Сонымен қатар, ол ХКҰ-ның Бас директорымен кездесіп, гуманитарлық дағдарыстардан зардап шеккен адамдарды қолдауға деген шынайы пейілін білдірді.

«Stranger» әлемдік туры аясында Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларында өткен концерттерінде Димаш инклюзивтілік пен тұрақтылық идеяларын ілгерілетіп, көрермендерді ХКҰ-ның гуманитарлық қызметін қолдауға шақырды. Осы концерттер арқылы ол әлемнің 100 000-нан астам көрерменін қамтып, ХКҰ қызметінің танымал болуына және көпшіліктің назарын аударуға ықпал етті. Ең бастысы, оның еңбегі қиын жағдайда қалған адамдарға назар аудартуға мүмкіндік беріп, әрбір дағдарыстың артында өз өмірін қалпына келтіруге ұмтылған жандар тұрғанын еске салды.

2025 жылғы 8 желтоқсанда өткен сессия барысында Димаш ХКҰ-на мүше мемлекеттер делегациялары мен қызметкерлері қатысқан аудитория алдында өзінің «S.O.S d’un terrien en détresse» атты танымал туындысын орындады. Оның гуманитарлық қызметін бағалай отырып, ХКҰ Димашқа «Stranger» туры кезінде Ұйым миссиясын ілгерілетуге бағытталған қызметі, сондай-ақ қоныс аударған және осал топтармен ынтымақтастыққа шақырған үндеу-қаракеттері үшін алғысын білдірді.

«Димаш өз дауысын тек тыңдаушыларына ерекше әсер қалдыру үшін ғана емес, сонымен қатар қиындықтардан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, көмектесіп, сондай-ақ олардың мәдени ерекшелігін таныту үшін де пайдаланады», – деді ХКҰ бас директоры Эми Поуп.

«Оның музыкасы шекараларды бағындырса, ал қызметі назардан тыс қалатын адамдардың өміріне назар аудартады. Олардың өмірін халыққа таныстыра отырып, ол ХКҰ жұмысының негізіне айналған төзімділік пен инклюзивтілік рухын көрсетуге тырысады. Біз оны ХКҰ-ның жаһандық ізгілік елшісі ретінде көргенімізге қуаныштымыз, сондай-ақ, оның бұл іске ерекше үлес қосатынына сеніміміз мол».

Жоғары жиын алдында ХКҰ-ның жаһандық Ізгілік Елшісі Димаш Құдайберген былай деді:

«Құрметті Бас директор Эми Поуп ханым және бүгінгі кездесуге келген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Бүгін, дәл осы жерде сіздермен бірге болғаным үшін өте қуаныштымын және бұл мен үшін зор мәртебе.

2024 жылы ХКҰ-ның өңірлік Ізгілік елшісі ретінде қызметімді бастаған кезден бастап маған білдірген сенімдеріңіз үшін де өз ризашылығымды айтамын.

ХКҰ-мен жұмыс істеу – менің өмірім мен шығармашылық жолымдағы ең маңызды бағыттардың біріне айналды. Әрбір науқан, әрбір бастама, әрбір әңгіме барысында бұл ұйымның белгісіздікке, көші-қонға және түрлі қиындықтарға тап болған адамдар үшін аса маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздім.

Жаһандық Ізгілік елшісі атағын алу – ерекше құрмет. Бұл мәртебені үлкен кішіпейілділікпен әрі зор жауапкершілік сезімімен қабылдаймын.

Жаһандық елші ретінде мен мигранттардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қауіпсіз көші-қон туралы қоғамның хабардарлығын арттыруды жалғастырамын. Инклюзивтілік пен тұрақтылық құндылықтарын ілгерілетуге де күш саламын. Сондай-ақ қаражат жинау және төтенше жағдайларға ден қою бағытындағы жұмыстарыңызды да қолдауды жалғастырамын.

Сөзімді аяқтамас бұрын әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарыма – менің қымбатты Dears қауымына алғыс айтқым келеді. Олардың көпшілігі менің турым барысында өткен гуманитарлық бастамаларыма, соның ішінде ХКҰ миссиясына қатысты жобаларыма қолдау көрсеткен болатын. Олардың мейірімділігі мен өзгеге қолұшын беруге деген әзірлігі мені шынымен шабыттандырады.

Енді ана тілімде бір ауыз сөз қосқым келеді.
Мен үшін ХКҰ-ның жаһандық Ізгілік елшісі болу – ең алдымен үлкен жауапкершілік.

Алайда осы миссия арқылы қауіпсіз көші-қонды қолдай отырып, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, барлық қауымдастықтарды біріктіруге үлес қосқым келеді. Әрбір жүрек – бізді жақындастыратын жарық, сол жарық арқылы біз бір үлкен әлемді бірге құрып келеміз.

Тағы да осы зор құрмет үшін алғысымды білдіремін. Мен ХКҰ отбасының бір мүшесі болғанымды мақтан тұтамын және сіздермен бірге осы маңызды жолды әрі қарай жалғастыруға әрқашан дайынмын».

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...