ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға...

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты

Dears Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты

Димаш Құдайбергенге Латвия мәдени канонына енген музыкалық аспапты сыйға тартты

2025 жылғы 9 желтоқсанда Димаш Құдайберген «Stranger» жеке концерті өтетін Рига қаласына келді.

Димаштың жанкүйерлері әдеттегідей әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, оған латыштардың дәстүрлі музыкалық аспабы – коклені сыйға тартты.

Кокле – ежелгі музыкалық аспап. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, оның пайда болуы балтық тайпалары кезеңіне дейін барады. XIII ғасырдың өзінде-ақ осы аспапта кәсіби деңгейде ойнаған музыканттар тобы болған екен.

Аспаптың құрылысы қуыс трапеция пішінді денеден және жұқа ағаш тақтайшадан тұрады. Жіңішке металл өзекке 6-дан 9-ға дейін, қазіргі заманда 20-ға дейін жететін ішектерді бекітетін ағаш түйреуіштер орнатылады. Бұл аспапқа қатысты көптеген аңыздар бар. Оның аты халық ертегілері мен жырларында жиі аталады. Кокле сондай-ақ, Латвияның мәдени канонына да енгізілген.

Латвиядағы Димаш фан-клубының өкілдері халықтың бұл музыкалық аспапқа ерекше ілтипатпен қарайтынын және коклені сыйға тартқанда, әдетте оны тоқыма жылы көрпеге орап беру дәстүрге айналғанын айта кетті.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...