ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаш Құдайбергеннің концерті Латвиядағы ең үлкен концерттік алаңда өтеді

Димаш Құдайбергеннің концерті Латвиядағы ең үлкен концерттік алаңда өтеді

Басты жаңалық Димаш Құдайбергеннің концерті Латвиядағы ең үлкен концерттік алаңда өтеді

Димаш Құдайбергеннің концерті Латвиядағы ең үлкен концерттік алаңда өтеді

12 желтоқсанда Димаш Құдайберген Латвияның Xiaomi Arena атты ең танымал аренасында өзінің «Stranger» шоуын қояды.

Сондай-ақ аренада хоккей матчтары, баскетбол турнирлері, ауқымды фестивальдер мен ұлттық мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Дәл осы көпфункциялы спорт және концерт кешеніне 11–14 мың көрермен сыяды.

Арена 2006 жылы мұздағы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу мақсатында салынған.

2023 жылы дәл осы жерде Латвияның XXVII ән және XVII би фестивалінің ашылу салтанаты өткен.

Әлемдік деңгейдегі көптеген өнер жұлдыздары дәл осы әйгілі сахнада өнер көрсеткен. Мұнда Брайан Адамс, Deep Purple, Depeche Mode, Эд Ширан, Энрике Иглесиас, Эрос Рамаццотти, Кэти Перри, Ленни Кравиц, Линкин Парк сынды өзге де танымал топтар мен жеке орындаушылардың шоулары өткен.

12 желтоқсан күні қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің үлкен концерттік шоуы Xiaomi Arena сахнасында өтеді.

Қадірлі достар, қош келіпсіздер! Кездесуді асыға күтеміз!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...