ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Балтық жағалауларынан бастап Қазақстанның ұлан-ғайыр даласына дейін - Ригада...

Балтық жағалауларынан бастап Қазақстанның ұлан-ғайыр даласына дейін — Ригада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

Dears Балтық жағалауларынан бастап Қазақстанның ұлан-ғайыр даласына дейін - Ригада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері...

Балтық жағалауларынан бастап Қазақстанның ұлан-ғайыр даласына дейін — Ригада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

11 желтоқсанда Рига қаласында, Димаштың жеке концерті қарсаңында, Dears қауымдастығының дәстүрлі халықаралық кездесуі өтті.

Музыка мен шабытқа және Қазақстан мен Латвияның ортақ мәдениеттеріне толы бұл кеш әртүрлі елдерден келген көптеген тыңдармандарды біріктірді.

Қабылдаушы елдің дәстүрлерімен танысу ұлттық латыш аспабы – кокленің әуезінен басталды. Бұған дейін, яғни Димашты әуежайда қарсы алу кезінде, латвиялық фан-клуб өкілдері әншіге осындай аспап тарту еткен еді. Осы жолы шебер Дзинтарс Липорстың орындауындағы кокле әуені тыңдарманды Латвияның рухани кеңістігіне бөледі.

Кеш қонақтары белгілі «Dzeguzīte» ансамблінің өнерімен де танысу мүмкіндігіне ие болды. 1953 жылдан бастап шығармашылық жолын жалғастырып келе жатқан бұл ұжым талай жылдар бойы латыш мәдениетін әлемге танытып келеді.

Танымал ұжымның орындауында әйгілі композитор Раймонд Паулстың «Dāvāja Māriņa» және «Circenīša Ziemassvētki» шығармалары ұсынылды. Ал бағдарламаның соңында орындалған көпшілікке белгілі «Атасының жанындағы әжесі» әні тыңдармандарды бақытты балалық шағына жетеледі.

Қазақстан мәдениетінің басты аспаптық символы – домбра бұл кеште Чилиден келген Димаштың жанкүйері Андреаның орындауында үн қосты.

Қазақстанның бай мәдениетін таныстыруды отандық әртістердің әндері мен билері жалғастырды. Олар туған өлкенің музыкасына тән ерекше сұлулық пен рухани жанын ашып көрсетті.

Димаштың көпұлтты жанкүйерлер қауымдастығының айрықша болмысын айқындау мақсатында пре-пати барысында Латвия–Қытай қоғамының өкілдері де өнер көрсетті.

«Riga Symphony» фестивалінің жас жұлдыздары бірнеше тілде шығармалар орындады: Валерия Кучма «Любовь настала» және «Crazy» әндерін, Рафаэла Мария Кастелуччи итальян тіліндегі «E la mia vita» композициясын, ал латвиялық Марта Граве «Something’s Got a Hold on Me» әнін шырқады.

Қырғызстандық әртіс Ильяс Құтманов Димаш репертуарындағы культтік шығарма – «S.O.S. d’un terrien en détresse» туындысын орындады.

Қазақстандық әнші, «Бақытты бала 2022» және «Riga Symphony 2024» байқауларының жеңімпазы Жанерке Абдрахманова кеш қонақтарына «Your Love» және «Қорқыт қобыз» туындыларын орындап берді.

Сосын барлық қатысушылар – жергілікті тұрғындар мен әр елден келген қонақтар – Димаштың авторлық әні «Ұмытылмас күнді» бірге шырқады.

Бұл кештің есте қаларлық болуына құрметті қонақтар – Димаш командасының мүшелері және оның ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар да өз үлестерін қосты. Оларды қазақтың дәстүрлі шашуымен қарсы алды.

Қанат аға бүкіл отбасы атынан ригалықтар мен сырттан келген қонақтарға керемет қарсы алулары мен ұзақ жылғы қолдаулары үшін шынайы алғысын білдірді.

Бүгін, 12 желтоқсанда, Димаш пен оның командасы барша жанкүйерлерін Xiaomi Arena сахнасында өтетін «Stranger» шоуында күтеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...