ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

Dimash World Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

«STRANGER» концерттік бағдарламасы Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жүректерді біріктірді:
Алматы – Ереван – Анталья – Куала-Лумпур – Гонконг – Будапешт – Стамбұл – Астана – Прага – Дюссельдорф – Нью-Йорк – Мехико – Барселона – Лондон – Берлин – Рига.

Турдың қорытынды нүктесі Рига қаласы болды.

2025 жылғы 12 желтоқсанда Рига қаласындағы Xiaomi Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы бір мезгілде әрі үйдегідей жайлы, әрі толқынысқа толы атмосфера қалыптастырды. Ауқымды аренада өткен концерт көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, алдағы Рождество мен Жаңа жылдың жақындай түскенін сезіндірді.

Концерттің иесі ретінде Димаш бір уақытта концертті қазақ және ағылшын тілдеріндегі сәлемдесумен бастап, латыш тілінде былай деп тіл қатты:
«Қайырлы кеш! Бүгін осында болу мен үшін зор мәртебе! Шынайы ықыластарыңыз бен энергияларыңыз үшін рақмет! Бұл кешті ұмытылмастай етуге тырысамыз!».

Ұмытылмас күн туралы әнді орындау алдында Димаш көрермендермен ішкі сырын бөлісті:

«Бұл — біз туралы, мен туралы ән. Мен бұл туындыны 17–18 жасымда дәл осы сәтті армандап отырып жазған болатынмын. Міне, мен сіздерді, ал сіздер мені таптыңыздар».

Ортақ махаббат тарихына толықтай еніп кеткен көрермендер әншінің залға созған микрофонына қосылып, бірге ән шырқады.

Бұл кеште Димаштың жеке концерттерінде алғаш рет рояльда оның інісі — Әбілмансұр Құдайберген де өнер көрсетті.

«S.O.S.» композициясын орындаудың алдында Димаш сахнадан алғаш рет Халықаралық көші-қон ұйымының (БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі) жаһандық Ізгі ниет елшісі ретіндегі мәртебесінде көрермендерге үн қатты.

Концерт барысында Димаш тек ән шырқап, дауыс жаттығуларын өткізіп қана қоймай, би тобының мүшелерін де құттықтап та үлгерді: Салтанатты — үздік хореограф атанғаны үшін, ал Александраны — туған күнімен құттықтады. Бұл сәтте Dears жанкүйерлері ағылшын тілінде ғана емес, латыш тілінде де хормен қолдау көрсетті.

Бүкіл зал «Махаббат бер маған» әнін бірге шырқап жатқан сәтте, Димаш көрермендер арасынан қазақ тілінде ән салған харизмалық ер адамның дауысын естіп қалып, Польшадан келген жанкүйерін сахнаға шақырды. Ол өз ана тіліне деген құрметі үшін алғысын білдірді.

Концерттің финалында Димаш әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерін Қазақстанға қонаққа шақырып, жақын арада өзінің «Voice Beyond Horizon» атты продюсерлік жобасының тұсаукесері өтетін Hunan TV арнасының да атын атап өтті.

Сондай-ақ осы кеште, Рига қаласында, Димаш «Stranger» турының ресми түрде аяқталғанын жариялады. Бұл бағдарлама 2022 жылы Алматы қаласында басталып, үш жыл ішінде көптеген елдер мен қалаларды аралаған болатын.

Қымбатты достар, ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін зор алғыс! Алда бізді жаңа бағдарламалар, концерттер және біз бармаған қалалар күтіп тұр. Келесі кездескенше!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...