ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің италиялық жанкүйерлері аутизмі бар балаларды қолдауға қаражат...

Димаш Құдайбергеннің италиялық жанкүйерлері аутизмі бар балаларды қолдауға қаражат жинады

Dears Димаш Құдайбергеннің италиялық жанкүйерлері аутизмі бар балаларды қолдауға қаражат жинады

Димаш Құдайбергеннің италиялық жанкүйерлері аутизмі бар балаларды қолдауға қаражат жинады

Италияда Димаш Құдайбергенге арналған мақала жарияланғаннан кейін аутизмі бар балалар мен жастарды қолдауға бағытталған қайырымдылық бастама қолға алынды. «Димаш Құдайберген дауысы және аутизм» атты материал Spazio Asperger платформасында жарық көріп, италиялық жанкүйерлер қауымдастығының назарын аударды.

Мақалада аутистік спектр бұзылысы бар адамның жеке куәлігі келтіріледі. Онда қазақстандық әншінің дауысы балалардың эмоционалдық тепе-теңдігін қалпына келтіруге және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа ашық болуына көмектескенін атап өткен. Бұл жарияланым ауқымды қоғамдық резонанс тудырып, италиялық Dears қауымдастығы арасында белсенді түрде талқыланды. Аталған оқиға жанкүйерлер үшін тек эмоционалдық қолдау білдірумен шектелмей, нақты әлеуметтік көмек көрсетуге түрткі болды.

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері өз бастамаларымен қаражат жинау акциясын ұйымдастырып, бірнеше күн ішінде шамамен 2350 еуро көлемінде қаражат жинады. Жиналған қаражат Аспергер синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге және олардың отбасыларына қолдау көрсететін Mondoabaut қауымдастығына аударылды.

Mondoabaut қауымдастығы Мара Навони тарапынан ұлына аутизм диагнозы қойылғаннан кейін құрылған. Ұйым аутизмі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған жеке бағдарламалар әзірлеп, білікті мамандармен бірлесе жұмыс жүргізеді. Жобалардың бірі – Ma’amul инклюзивті кондитерлік шеберханасы. Бұл жерде қатысушылар өмірге барынша жақын, бірақ қауіпсіз ортада практикалық дағдыларды меңгеріп, әлеуметтік өзара әрекет тәжірибесін қалыптастырады.

Аталған бастамаға пікір білдірген Мара Навони әртіс жанкүйерлері қауымдастығының қолдауының маңыздылығын атап өтіп, мұндай көмектің әлеуметтік жобалардың тұрақты түрде жүзеге асуына мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар қауымдастық өкілдері болашақта Димаш Құдайбергеннің есімімен байланысты жеке жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...