ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Лара Фабианның Лондондағы концертіне арнайы қонақ ретінде...

Димаш Құдайберген Лара Фабианның Лондондағы концертіне арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген Лара Фабианның Лондондағы концертіне арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Лара Фабианның Лондондағы концертіне арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті

3 маусымда Лондонның әйгілі OVO Arena Wembley алаңында әлемдік музыканың аңызына айналған Лара Фабианның «Voices» әлемдік турнесінің аясында жеке концерті өтті.

Әншінің көрермендердің сүйіктісіне айналған шығармалары кешті әсемдікке, сұлулыққа және жарқын эмоцияларға бөледі.
«Adagio» атты бүкіл әлемге танымал әйгілі әндердің бірін Лара қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірге орындады.

«Өмірімде естіген ең әсерлі, алып, күшті дауыстардың бірі. Оның бүгін бізбен бірге ең қиын әндердің бірін орындауы бізге жасаған нағыз сый-сияпат болды», – деп Лара Димашты таныстырды.

Димаш Лараны керемет концертімен құттықтап, үлкен қызыл раушан гүл шоғын сыйға тартты.

«Осында, сіздердің алдарыңызда тарихтың ең ұлы әншісі Лара Фабианмен бірге өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе», – деп Димаш қойылымнан кейін кеш иесіне алғысын білдірді.

Димаш пен Лара Фабианның серіктестігі – қытайлық «Singer» жобасында Димаштың «Adagio» әнін орындаған сәтінен басталған болатын. Ол осы турда 1-ші орынмен қатар көптеген көрермендердің алғысына ие болған еді. 2017 жылы Димаштың сол өнерінен кейін Лара Фабиан: «Adagio» құрлықтардың төрт бұрышые аралап жүр… «Singer» телевизиялық байқауында өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенді шын жүректен құттықтаймыз”,- деген еді.

Әртістердің ортақ шығармашылық жолының жалғасы ретінде композитор Игорь Яковлевич Крутойдың «Любовь уставших лебедей», «Знай», «Мадмуазель Хайд». әндері болды.

4 маусымда Hilton London Wembley ғимаратында Димаштың жанкүйерлерімен фан-кездесуі өтеді.
«D & Dears» кездесуінде Димаш Лара Фабианның концертіне арнайы қонақ ретінде қатысудан алған әсерімен бөліседі; Stranger шоуының дайындығы туралы әңгіме-дүкен құрып, көрермендердің әр түрлі сұрақтарына жауап береді. Кеш бағдарламасында концерттік және музыкалық бейнероликтер көрсетіледі.
Билеттер

Димаштың Лондондағы «Stranger» жеке концерті 2025 жылдың 12 қарашасында OVO ARENA WEMBLEY-де өтеді.
Билеттер

Соңғы жаңалықтар

Латын Америкасы елдеріндегі жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің әнін қазақ тілінде орындады

Латын Америкасы елдеріндегі Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері «Unforgettable Day – Faithful Love, One Voice, One Dear Family» атты музыкалық...

Димаштың мексикалық жанкүйерлері Dears күніне орай қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өткізді

31 қаңтар күні Димаш Құдайбергеннің мексикандық фан-клубы қазақстандық өнерпаздың жанкүйерлер қауымдастығының тоғыз жылдығына арналған Dears күні аясында бірқатар іс-шаралар...

Димаш Құдайберген жанкүйерлерін «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы шығарылымын бірлесіп тамашалауға шақырды

5 ақпан күні Hunan TV және Mango TV телеарналарында «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының тұсаукесері өтеді. Жобаның атқарушы продюсері...

Жібек жолы жастар хоры – Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» жаңа жобасының қатысушылары

«Voice Beyond Horizon» шоуының бастамашысы әрі атқарушы продюсері Димаш Құдайберген жобаның эфирге шығуы қарсаңында оның қатысушыларын таныстырды: «Тоғыз жыл бұрын...

Бесінші ақпанда Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» продюсерлік жобасының тұсаукесері өтеді

5 ақпан күні Қытайдың Hunan TV телеарнасында және Mango TV платформасында «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық реалити-шоуы әлемдік эфирге...