Басты бет Dimash World Димаш пен Бурак Йетердің «Weekend» әні неміс радиосының ТОП 100 әнінің қатарына...

Димаш пен Бурак Йетердің «Weekend» әні неміс радиосының ТОП 100 әнінің қатарына енді

Димаш пен Бурак Йетердің «Weekend» әні Солтүстік Германиядағы ең танымал Radio Hamburg радиостанциясының ТОП 100 «Пасха хит марафонының 835 әніне» енді.

4 апта бойына Dears мереке күндері радиостанцияда көрсетілетін тректердің ойнату тізіміне ену мақсатында «Weekend» әніне белсенді түрде дауыс берді. Орасан зор радио тыңдармандарының тілектерінің арасында қазақ орындаушысы жанкүйерлерінің қошеметі ерекше болды. Сөйтіп, барлық Dears-тың сүйіктісіне айналған «Weekend» әнімен Германияның солтүстік астанасының тыңдармандары да танысты.

«Weekend» композициясы алғаш рет 2023 жылдың мамыр айында Димаштың Анталиядағы жеке концертінде орындалған еді. Ол концертке Бурак шақырылған болатын. Тура бір жылдан кейін, 2024 жылдың 24 мамырында қазақстандық өнерпаз Stranger концерттік турын жалғастыру үшін Түркияға қайта оралады.

Билеттерді төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: https://www.passo.com.tr/kz/event/dimash-qudaibergen-besiktas-park-biletleri/6042324