ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы "Шамдар фестивалінде" Джеки Чан...

Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы «Шамдар фестивалінде» Джеки Чан фильміне саундтрек орындады

Dimash World Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы "Шамдар фестивалінде" Джеки Чан фильміне саундтрек орындады

Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы «Шамдар фестивалінде» Джеки Чан фильміне саундтрек орындады

12 ақпанда, ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың 15-ші күні Шанхайда Қытайдың жаңа жылынан кейінгі Lantern Festival» / «Шамдар фестивалі» дәстүрлі мерекесіне орай түнгі шамдар жағылды. 

Dragon TV прайм-таймда Шанхай мәдениетінің дәстүрлері ежелгі шиыршық сияқты ашылып, көрерменді Шығыс эстетика әлеміне қызықты саяхатқа апарып, Қытай өркениетінің сұлулығын бүкіл әлемге тарататын қызықты мәдениетаралық бағдарламаны ұсынды.

Фестивальде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауында алғаш рет «这份爱 This love» / «Бұл махаббат» әні шырқалды. Джеки Чанның әйгілі композитор Нейтан Ванг жазған «Аңыз» саундтрегінің релизі 2024 жылдың 5 шілдесінде өтсе, 12 шілдеде кинофильмнің өзі жарыққа шықты. Димаштың әні киноның соңында қойылады.

Ерекше вокал мен үйлесімді баяндаудан тұратын музыка көрермендерді артефакт сияқты ежелгі уақытқа жетелеп, өткен мен болашақты байланыстырып, дәстүр мен қазіргі заманды біріктіреді.

DimashNews редакторлары Натан Вангпен байланысып, шамдар фестивалінде Димаштың «This Love» әнін орындауына қатысты пікірін білді.

Міне, оның бізбен бөліскені:

«Мен Димаштың осы әнді Шам фестивалінде орындап жатқанын мақтан тұтамын! Мен оны досым деп есептеймін және оған арнап жазған Джеки Чанның «Аңыз» фильміндегі әнді Димаштың өзі орындап жатқанына қуаныштымын. Димаштың «This Love» композициясын орындағанын әр естіген сайын, режиссер Стэнли Тонгтың композиторлар командасының бір бөлігі болғанымды, шыны керек, өзіме мақтаныш көремін. Ал Димаш бұл әнді орындай бастағанда, оның даусы асқақтап, тұла бойыңды шабытқа бөлейді! Мен үшін оның осындай ерекше фестивальде осы әнді орындап жатқаны ерекше бақыт».

Натан Ванг сонымен қатар бұл фестивальдің оның өзі үшін терең жеке мәні бар екенін айтты:

«Мен Лос-Анджелесте туып-өссем де, ата-анамның арқасында менің қытайдың бай мұраларына деген құрметім тереңдеді. Шамдар фестивалі туралы мен бастауыш сыныптан бері білемін. Бұл ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың 15-інде тойланатын ата-бабаларымыздың құрметіне арналған мереке. Әкем маған бұл фестиваль кешірімділік пен бейбітшілікті білдіреді деп үнемі айтып отыратын.
Біз бұл мерекені отбасымызбен тойлайтынбыз. Кешкі аста әкем ата-анасы, ата-әжесі, ата-бабалары туралы есте қалған естеліктері мен әңгімелерін айтып беретін. Менің анам да дәл солай істейтін. Осындай отбасылық дастархан басындағы жиындар мен үшін әрқашан жылы сәттерімен маңызы ерекше болатын. Сол себепті де, мен “Шамдар фестивалін” жыл сайын асыға күтемін».

Сондай-ақ, мерекеде Димаш тайваньдық әнші Питер Ченмен, «Опера елесі» атанған Қытай нұсқасының жұлдызы Пан Ханвэйдің және әлемнің түкпір-түкпірінен келген басқа әншілермен бірге Сун әулетінен (1142-1207) шыққан Синь Цицзидің «青玉案·元夕The Lantern Festival Night» / «Шам фестивалінің түні» қытай поэзиясын музыка арқылы қайта жандандырды.

Әнде ақын «Шам фестивалі» кезіндегі мереке кешінде жарқырап тұрған мыңдаған ағаштарды, жұлдыздардың жаңбыр сияқты аспаннан құйғыта жауған сәтін Шығыстан соғып тұрған жел деп сипаттайды.

Нефрит шамдарының жарығында түні бойы балықтар мен айдаһарлар билеп, әшекейленген арбалар асығады. Ал басты кейіпкер көлеңкеде, қарбаластан қалыс қалған адам  жан серігін жанұшыра іздейді…

Соңғы жаңалықтар

Мадридте Димаштың Love’s not over yet жаңа әнінің құрметіне билборд орнатылды

Наурыздың 18-і күні Мадридте, халық көп жүретін Legazpi метро станцияларының бірінде Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet жаңа әні...

Димаштың перулық жанкүйерлері әншінің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянының премьерасына арнап билборд ұйымдастырды

Перудің Лима қаласында Димаштың жанкүйерлері оның “Love's Not Over yet” жаңа әнінің премьерасын атап өтті. Мерекенің басты шарасы композицияға...

«Құрақтың құдіреті»: әлем әйелдерін шабыттандырған қолөнерші Аселина Батырдың хикаясы

Аселина Батыр құрақ көрпе жасайтын қолөнерші ғана емес, ол рух пен күрестің және қайта жаңғырудың символы. Аурудың азабын бастан...

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті – билеттердің ерте сатылымына тіркелу басталды

Құрметті достар! Бүгін, 14 наурызда Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концертіне билеттерді ертерек сатып алуға тіркелу басталды. Билеттерді алдын ала сатып...

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін ‘STRANGER’ жеке концерті

"ДимашАли" шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа концертін жариялайды. 2025 жылы 12 қарашада Лондондағы OVO ARENA WEMBLEY-де «STRANGER» шоуы өтеді. Димаш өзінің...