ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Қараторғай мен Феникс – Димаш Құдаберген мен Гун Линның...

Қараторғай мен Феникс – Димаш Құдаберген мен Гун Линның орындауындағы мәдениеттердің бірігуі

Dimash World Қараторғай мен Феникс – Димаш Құдаберген мен Гун Линның орындауындағы мәдениеттердің бірігуі

Қараторғай мен Феникс – Димаш Құдаберген мен Гун Линның орындауындағы мәдениеттердің бірігуі

15 ақпанда қытайлық BRTV телеарнасында Димаш Құдайберген мен қытайлық әнші Гун Линнің қатысуымен «最美中轴线 Singing for the Central Axis of Beijing» жобасы эфирге шықты.

Бағдарламаның жазбасы 2024 жылдың соңында жазылды. DimashNews Пекиндегі Жер ғибадатханасы мен Чжэньичи Бейжің опера театрына жасаған әншілердің экскурсиясы туралы айтып берді.

Димаш пен Гун Линн өздерінің мәдениетаралық саяхатының финалында ерекше вокалдық эксперимент жасады. Олар қытай және қазақ тілдеріндегі «Феникс» пен «Қараторғай» әндерін бірге орындап, бұрын соңды болмаған музыкадағы үйлесімділіктің сырын ашқандай болды.

Қазақтың дәстүрлі аспабы Қобыз мен қытайлық Шэннің (ерін органы) сүйемелдеуімен тангу барабандарының кенепімен әртістер өз елдерінің аңызға айналған тарихын баяндады.

Ежелгі қытай мәтіндері негізінде жазылған Гун Линның репертуарындағы қытайлық «凤皇 Phoenix» әні император Феникстің өмірін баяндайды.

Аңыз бойынша, ежелгі дәуірде Император Феникс өмір сүріпті. Ол қазіргі Мьянма территориясынан «Дан үңгірі» тауына дейін 500 миль қашықтықты жүріп өткен, түрлі-түсті қауырсындары мен жұмбақ жазулары бар бір алып құс екен. Ежелгі адамдар бұл құсты «Фэн Хуан» деп атап, оны «Құстардың патшасы» деп санаған екен.

Құстардың патшасы ретінде ол әдетте жерден алшақ айшылық алыс тауларда тыныш өмірін сүріп, ән айтып, өз ритмінде би билейді екен. Ал егер ол жер әлеміне ұшып келген жағдайда, ол өзімен бірге бейбітшілік пен қолайлы ауа-райын (құрғақшылықтан құтылады) бірге әкеледі екен.

Қауырсынмен жабылған басымен билейтін император-феникстің биі – жұлдыздарға табыну биі болып саналады екен. Осылайша, ежелден бері Фен Хуанг бейбітшіліктің пен береке-баршылықтың символы және сондай-ақ, көркем бидің құдайы ретінде құрметтеледі.

Феникс – ежелгі Қытайдағы аңызға айналған құстардың патшасы. Ол айдаһар сияқты қытай ұлтының рухани тотемі болып саналады. Өткен заманда жерде бейбітшілік пен өркениет орнаған кезде феникс ұшып келеді деп сенген.

Феникстің бейнесі қораздың басымен, қарлығаштың өңешімен, жыланның мойнымен, тасбақаның тасымен, балықтың құйрығымен және айдаһардың денесіндегі өрнектерімен сипатталады. Құстың денесіндегі боялған өрнектер жақсылық, әділдік, тақуалық, мейірімділік, сенім сияқты бес түрлі ізгілікті спаттайды.

Феникске арналған 凤凰 сөзі еркек мағынадағы 凤 және әйел мағынадағы 凰 екі иероглифтен тұрады. Қытай тілінде ерлі-зайыптыларға бақыт тілеу үшін қолданылатын осы таңбалармен берілетін сөз тіркестері бар.

Зоологиялық классификация бойынша «Қараторғай» – торғайлар отрядындағы қарапайым қара торғай. Алайда, шын мәнінде, «Қараторғай» әні – осы әннің авторы Ақан сері «Қараторғай» деп ат беріп, балапан кезінен асырап баққан бүркіт туралы.

Аң мен құстың білгірі болып саналған сегіз қырлы бір сырлы Ақан сері жылқының, тазының, құстың ең жақсысын таңдап, өзі баққан. Ол Әлібек батырдың үйінде бүркіттің балапанын көріп, оны қалап алады.

Көптеген жылдар бойы епті Қараторғай олжасын бір демде ұстап мергендігін талай дәлелдейді. Алайда уақыт өз орнында тұрмайтыны белгілі. Ол қартайып, әлсірейді. Құйрығындағы қауырсындары да сиреп, бұрынғыша жерге сенімді түрде түсу қиынға соғады. Өмірінің соңында қыран құс ең соңғы рет мына әлеммен қоштасқандай аспанды айналып, қалықтап ұшып барып жерге құлап түседі. Дәл солай Қараторғай қартайды, солды, өмірден кете барды…

Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып?

Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.

Ертістің аржағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қоңып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай.

 

Соңғы жаңалықтар

Мадридте Димаштың Love’s not over yet жаңа әнінің құрметіне билборд орнатылды

Наурыздың 18-і күні Мадридте, халық көп жүретін Legazpi метро станцияларының бірінде Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet жаңа әні...

Димаштың перулық жанкүйерлері әншінің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянының премьерасына арнап билборд ұйымдастырды

Перудің Лима қаласында Димаштың жанкүйерлері оның “Love's Not Over yet” жаңа әнінің премьерасын атап өтті. Мерекенің басты шарасы композицияға...

«Құрақтың құдіреті»: әлем әйелдерін шабыттандырған қолөнерші Аселина Батырдың хикаясы

Аселина Батыр құрақ көрпе жасайтын қолөнерші ғана емес, ол рух пен күрестің және қайта жаңғырудың символы. Аурудың азабын бастан...

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті – билеттердің ерте сатылымына тіркелу басталды

Құрметті достар! Бүгін, 14 наурызда Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концертіне билеттерді ертерек сатып алуға тіркелу басталды. Билеттерді алдын ала сатып...

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін ‘STRANGER’ жеке концерті

"ДимашАли" шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа концертін жариялайды. 2025 жылы 12 қарашада Лондондағы OVO ARENA WEMBLEY-де «STRANGER» шоуы өтеді. Димаш өзінің...