ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Берлин телеарнасына сұхбат берді

Димаш Құдайберген Берлин телеарнасына сұхбат берді

Dimash World Димаш Құдайберген Берлин телеарнасына сұхбат берді

Димаш Құдайберген Берлин телеарнасына сұхбат берді

14 қарашада Берлиндегі жеке концерті аяқталғаннан кейін Димаш Құдайберген TV Berlin телеарнасына сұхбат берді.

Осы ғаламат концерт үшін мың алғыс. Берлинге қош келдіңіз! Берлинде болудың сіз үшін маңызы қандай?

Көп рақмет. Мұнда болғаныма қатты толқып, зор қуаныш сезімінде тұрмын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық неміс жанкүйерлеріме және, әрине, Еуропадағы барлық тыңдармандарыма шын жүректен алғыс айтқым келеді.

Шабыттың көзін көбіне қайдан аласыз?

Шабытты жанкүйерлерімнен, олардың қолдауы мен сүйіспеншілігінен аламын. Сонымен қатар… Көп жыл бұрын халықаралық мансабымды жаңа бастап жүрген кезде өзіме бір миссия жүктеген едім: өзімді, елімді, мәдениетімді, халқымыздың дәстүрлерін әлемге таныту. Сол миссия мені алға жетелеп, жұмысымды жалғастыруға себеп болып келеді.

Өзіңіздің мәдениетіңізді музыкаңызға енгізу сіз үшін қаншалықты маңызды?

Әрине, өте маңызды. Өйткені айтып өткенімдей, бұл – осы бағыттағы қызметімнің негізгі себебі. Менің командамдағы барлық мүшелер де осы арманыма ортақ жандар. Біз үшін мәдениеттер арасындағы алмасу аса маңызды. Сондықтан қазақ мәдениетімен таныс емес жандар болса, менің концерттеріме қош келдіңіздер дегім келеді.

Сіз тыңдармандарыңызға сонша сүйіспеншілік сыйлайсыз, әрі БҰҰ-ның елшісісіз. Осы елшілік қызметіңіз туралы айтып берсеңіз.

Әрине, бұл – зор мәртебе. БҰҰ аясында мен әлі де жаңадан қызмет бастап келемін. Менің негізгі миссиям – көші-қон агенттігімен байланысты жұмыстарға үлес қосу. Бұл бағытта жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларым көп.

Алдағы сапарыңыз қайда болмақ?

Бірнеше аптадан кейін Египетте өнер көрсетеміз. Бұл да алғаш рет… Египетке бұрын-соңды барып көрмеппін. Сондықтан аздап демалып, сапарымызды жалғастырамыз.

Телеарна тілшісі сондай-ақ Димаштың Германия, Польша, Италия және өзге елдерден келген жанкүйерлерімен де сұхбаттасты. Сүйікті әртістерінің ең әсерлі қыры қандай деген сұраққа Dears қауымы әншінің ерекше даусы мен дара талантын ғана емес, жанкүйерлерді бір аспан астында біріктіретін оның тұлға ретіндегі ерекшелігі әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген жүректерді баурайтынын атап өтті.

Димаштың репортажы мен сұхбатын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар:

Соңғы жаңалықтар

Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

2026 жылдың 11 сәуірінде Қытайдың Макао қаласындағы Venetian Macao Arena алаңында «2026 Weibo Gala 微博文化交流之夜» атты салтанатты кештің ашылуында...

Бәйтерек жанындағы қойылымдар: Қазақстан астанасы Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon шоуын қарсы алды

Астана – болашақтың қаласы, әлемдегі ең жас астаналардың бірі. 2026 жылғы 9 сәуірде елорда Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon...

Қазақстанда өткен Димаш Құдайбергеннің жаңа сұхбаты

Freedom Inside форумы аясында Димаш Құдайберген Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиеваға сұхбат берді. Әңгіме басында алғашқы сұраққа жауап бере...

Димаш Кудайберген Freedom Inside форумына қатысты

2026 жылы 9 сәуірде Астанада алғаш рет Freedom Inside форумы өтті. Пікірталас алаңының жұмысына шақырылған амбассадор ретінде Қазақстанның Халық...

Бакир Тәжібаев: әндері халықтың үніне айналған ақын

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірі, 2026 жылғы Наурыз айы. Республика алаңында көпшілікке кеңінен танымал «Ақбұлақ» әні шырқалуда. Аталған туындыны...