ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

Dimash World Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

Димаш Құдайберген «Grammy Global Spin» халықаралық жобасына қатысты

2025 жылдың 4 желтоқсанында америкалық музыка марапаттардың бірі — «Grammy» сыйлығының ресми сайтын мен YouTube арнасында Димаш Құдайбергеннің өз авторлық «Fire» композициясымен орындаған жаңа бейнежазбасының премьерасы өтті.

Қазан айында ол Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында қазақ мәдениетін жоғары деңгейде таныстырып, зор табысқа жеткенінен кейін, Димаш Америка Құрама Штаттарындағы ең беделді музыкалық институттардың бірі — Grammy.com платформасымен және Американдық Ұлттық дыбыс жазу өнері мен ғылымы академиясымен шығармашылық байланыс орнатты.

«Global Spin» жобасы 2021 жылдың қыркүйегінде әлемдік музыкалық қауымдастықты қолдау және дамыту мақсатында іске қосылған. Жоба аясында бүгінге дейін K-pop жанрының мегажұлдыздарынан бастап, нигериялық хип-хоп және шотланд фолк орындаушыларына дейін көптеген танымал халықаралық әртістер өнер көрсетті. Әрбір шығарылым белгілі бір орындаушының ғана емес, сондай-ақ оның Отанын да дәріптейтін эксклюзивті тікелей орындаудан тұрады.

Дыбыс жазу академиясы АҚШ-тың орындаушыларының, ән авторларының, продюсерлерінің, дыбыс режиссерлерінің және басқа да музыкалық мамандарының мүдделерін қорғай отырып, сондай-ақ әлемдегі ең беделді музыкалық марапат — «Grammy» сыйлығын да ұйымдастырады.

Мұндай жоғары беделді ұйым тарапынан мойындалу — әлемдік мәдени кеңістікте өз елін таныстырып жүрген әртіс үшін маңызды қадам болып саналады.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...