ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Мысырда Димаш Құдайбергеннің Пирамидалар жанындағы концертіне қатысты аналитикалық мақала...

Мысырда Димаш Құдайбергеннің Пирамидалар жанындағы концертіне қатысты аналитикалық мақала жарық көрді

Dimash World Мысырда Димаш Құдайбергеннің Пирамидалар жанындағы концертіне қатысты аналитикалық мақала жарық көрді

Мысырда Димаш Құдайбергеннің Пирамидалар жанындағы концертіне қатысты аналитикалық мақала жарық көрді

30 қарашада «Пирамидалардың жаңғырығы» фестивалі аясында Димаш Құдайберген Гиза пирамидаларының жанында ұйымдастырған концерті жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ғана емес, мысырлық зерттеушілер тарапынан да елеулі қызығушылық тудырды.

Азия зерттеулері мен аударма орталығының директоры әрі негізін қалаушы, д-р Ахмед Мұстафа өзінің «Мыңжылдықтарды жалғаған музыкалық көпір: Димаш Құдайбергеннің пирамидалар жанындағы өнері Қазақстан мен Мысырды біріктіреді» атты аналитикалық мақаласында Димаш феноменін және оның шығармашылығының мәдениетаралық байланыстардағы ықпалын талдайды.

Гиза жазығы, Мысыр

2025 жылдың 30 қарашасы, жексенбі кешінде Гиза ұлы пирамидаларындп өзгеше бір құбылыс орын алды. «Алтыншы мұхит» деп аталатын, дауыс ауқымының шексіздігімен әлемге танылған қазақстандық вокалдық феномен Димаш Құдайберген өзінің ерекше форматтағы концертін халыққа ұсынды. Ашық аспан астында өткен бұл көрсетілім өнердің биік үлгісі мен мәдени дипломатияның синтезін танытқан символдық іс-шараға айналды. Концерт ежелгі Ніл өркениеті мен қазақ даласының кең тынысты көшпелі рухын жалғаған алтын көпір ретінде ойластырылған еді.

Тарихтың өзі айқындаған сахна

Концерт орнының таңдалуы кездейсоқ емес болатын. Ежелгі әлемнің сәулет ескерткіштерінің алдында өнер көрсету – баршаға бұйырмайтын мәртебе, ал Димаш үшін бұл көптен бергі арманның орындалуы еді. Концерт алдындағы сөзінде 31 жастағы әнші бұл кештің жеке гастрольдік сапар аясынан әлдеқайда терең мәнге ие екенін айтты.
«Пирамидалар алдында ән айту – тарихтың өзіне арнап ән айту», – деді ол. – «Ұлан-ғайыр даласы мен қыран рухымен ерекшеленетін Қазақстан да, адамзат өркениетінің бесігі болып саналатын Мысыр да бай көне даналыққа ие. Географиялық қашықтыққа қарамастан, біздің мәдениеттерімізді табандылық, асқақтық және ата-бабаға деген терең құрмет біріктіреді. Менің дауысым – сол байланысты жеткізетін құрал ғана».

Дниені тоғыстырған ерекше дауыс

Азия зерттеулері мен аударма орталығының директоры әрі еуразиялық мәселелер бойынша жетекші сарапшы ретінде мен ұзақ уақыт бойына Димаш Құдайбергеннен сұхбат алуды жоспарлаған келдім, себебі ол – дүниежүзілік сахнада Майкл Джексон немесе Джордж Майкл дәуірінен бері кездесе қоймаған мәдени құбылыс. Оның таланты аталған музыканттардан кем түспейді, тек табиғаты өзгеше – өзіндік мәдени мұраға негізделген және сол мұраны әлемге шебер жеткізе алады. Ол – қазіргі Қазақстанның мәдени экспортының ең жарқын өкілі.

Өнер көрсету: музыкалық алхимияға толы түн

Күн батып, пирамидалардың асқақ тұлғасы қараңғылықта айқындала түскен шақта алғашқы әуендер Гиза жазығына тарай бастады. Димаштың концерттік бағдарламасы – бірлік туралы музыкалық баяндауды мақсат еткен, мұқият ойластырылған сапар іспетті болды.
Қазақ әндерін орындау кезінде оның дауысы даланың жусанды желін, жүйріктің дүбірін, алтын қыранның қалықтаған үнін – Қазақстанның ұлттық символын – бейнелеп тұрғандай әсер қалдырды. Отандық әуендер мысырлық түн аспанында әрі көне, әрі заманауи реңкпен үйлесім тапты.

Концерттің бағдарламасына оның көптеген төл шығармалары, сондай-ақ опера мен поп-музыканың элементтерін тоғыстырған композициялар енді. Әнші қазақ, орыс, қытай, ағылшын және француз тілдерінде ән орындап, көптілді шеберлігін паш етті.

Музыкадан да асып түсетін – дипломатиялық және мәдени символ

Концерттің ықпалы бірнеше қырынан көрінді:

1. Мәдени позициялау: Қазақстан үшін бұл іс-шара «Мәдени мұраны жаңғырту» атты кең ауқымды бастаманың маңызды бөлігі саналады. Заманауи өнердің ең танымал қазақстандық өкілін әлемнің жеті кереметінің бірімен ұштастыру арқылы Қазақстан өзін тарихы бай Мысырмен тең дәрежеде әлемдік мәдени кеңістікке лайық мемлекет ретінде танытады.

2. Екіжақты қатынастарды нығайту: Халықаралық байланыстардың негізі ресми келісімдер мен дипломатиялық кездесулерге сүйенетін болса, олардың шынайы мәні мәдени алмасуларда көрінеді. Мұндай іс-шаралар халықтар арасында оң қабылдау мен эмоционалдық жақындастық қалыптастырады.

3. Универсалды тіл: Ғаламдық бытыраңқылық күшейген заманда Димаштың өнері ортақ адамзаттық болмысты еске салды. Орталық Азия даласының әні Африка пирамидаларының етегінде тыңдарман жүрегінен орын алуы – махаббат, мұң, қуаныш сияқты эмоциялардың бәріне ортақ екенін дәлелдейді. Өнер тілдік кедергілерді, саяси айырмашылықтар мен тарихи алшақтықтарды еңсеретін ерекше күшке ие.

Димаштың соңғы әуені шөлді далаға сіңіп жоғалғанда, көрермендердің қошеметіне қана қоймай, тарихи сәтке куә болғандай күй кешті. Бұл жай ғана концерт емес, ұлы екі өркениеттің өткенін дәріптеп, бір дарынды өнер иесінің даусы арқылы болашаққа бағытталған үйлесімді көпір салған салтанатты рәсім болды.

Мақаланы сілтеме арқылы оқи аласыздар:
https://intellecto.wordpress.com/2025/12/02/a-sonic-bridge-across-millennia-dimash-qudaibergens-pyramids-performance-unites-kazakhstan-and-egypt/

Соңғы жаңалықтар

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентинаның Эсейса қаласында жүзеге асырылған ерекше білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениетімен танысып, өз елінің тарихын зерделеп,...

«Aqerke»: Димаш Құдайберген халықтық классиканың заманауи үлгісін ұсынды

2026 жылы 31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні «Aqerke» шығармасының заманауи нұсқасын...

Италиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбедегі балалар үйлеріне арнап қайырымдылық қорын өткізді

Италиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбе қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Игі бастама үшін жиналған...

Kiryu FM Димаш шығармашылығына арналған кезекті арнайы эфирін ұсынады

30 шілде күні Жапониядағы Kiryu FM радиостанциясы Қазақстан мен Қырғызстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының...

Димаштың Италиядағы жанкүйерлері мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

22 шілде күні Димаш Құдайбергеннің Италиядағы Italian Dears фан-клубының мүшелері Колоньо-Монцезеде (Италия) Caritas қайырымдылық орталығына барып, өмірлік қиын жағдайға...