ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

Димаш Құдайберген Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

Dimash World Димаш Құдайберген Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

Димаш Құдайберген Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

30 қарашада Гиза қаласында өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Димаш Құдайберген екі сағаттық жеке концерт қояды. Мысырдағы жаңа елде, жаңа континентте өнер көрсетпес бұрын, қазақстандық өнерпаз фестиваль ұйымдастырушыларының сұрақтарына жауап берді.

Тарих пен бүгінгі күн, Қазақстан мен Мысыр арасындағы байланысты сезінесіз бе?

— Мен Қазақстаннан, Ақтөбе қаласынанмын. Мені тек ата-анам ғана емес, ата-әжем де тәрбиеледі. Бала кезімізден мен, қарындасым, інім үшеуміз халқымыздың дәстүрлері жайлы көптеген әңгімелер тыңдап өстік. Үлкендер бізге мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіріп, өткеннің даналығын ән-күй арқылы — домбыра, қобыз және ұлттық аспаптарда орындалатын дәстүрлі әндер мен күйлер арқылы үйретті.

Біздің еліміз де Мысыр сияқты көне тарихқа ие, бірақ заманауи әлеммен бірге ілгерілеп келеді. Сондықтан, иә, мен екі халық арасында ерекше рухани байланыс бар деп сезінемін. Өткеніміз болмаса, бүгініміз де болмас еді.

Пирамидалар туралы алғаш рет қашан естідіңіз?

— Алғаш рет пе? Әрине, өте ертеде — бәлкім, өткен ғасырда шығар! (күлді) Нақты есімде жоқ, бірақ Пирамидаларды алғаш мультфильмдер мен балалар кітаптарынан көрдім деп ойлаймын. Кейінірек мектепте Ежелгі Мысыр тарихын оқыдық.

Пирамидалар мен ежелгі мысыр өркениеті Сіз үшін нені білдіреді?

— Олар мен үшін мәдениет пен даналықтың нышаны. Олар Мысыр тарихының қаншалықты терең әрі бай екенін көрсетеді. Осындай тамаша мұраны сақтап, әлеммен бөлісіп отырғандарыңызға үлкен құрметпен қараймын.

Бұл Сіздің Мысырдағы алғашқы концертіңіз бе? Турист ретінде осы елге бұрын-соңды келіп пе едіңіз?

— Иә, Мысырға алғаш рет келуім. Өкінішке орай, бұған дейін турист ретінде де болмаған екенмін. Сондықтан дәл қазір осында болып, осы фестивальде еліміздің мәдениетін таныстырып отырғаныма өте қуаныштымын.

Сіздің ойыңызша, музыка халықтар мен мәдениеттерді жақындастыруда қандай рөл атқарады? Өнер мен мәдениет әлемдегі үйлесімділікті сақтауға көмектеседі деп ойлайсыз ба?

— Әлемнің кез келген жеріндегі — Қазақстандағы, Еуропадағы немесе Америкадағы болсын концерттерімнің біріне келсеңіз, әртүрлі елдерден жиналған адамдардың бірге отырғанын көресіз. Олар түрлі тілдерде ән айтады: қытайлық жанкүйерлер — орысша, испандықтар — французша, ал барлығы бірге — қазақша ән шырқап жатқанын көресіз. Менің ғажайып Dears жанкүйерлерім — музыканың сөзсіз-ақ қаншама жүректерді біріктіре алатынының ең жақсы дәлелі.

«Пирамидалар жаңғырығы» фестивалі жөніндегі әсеріңіз қандай? Бұл фестивальдің алғашқы шығарылымына қатысу Сізге қандай әсер сыйлайды?

— Дәл осы жаңа халықаралық жобаның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын. Бұл алғашқы фестиваль осынау көне тарихқа толы әсем өлкеде өтетін көптеген шаралардың бастауы болады деп үміттенемін.

Пирамидалар жанындағы концерттеріңізді асыға күтіп отырған мысырлық жанкүйерлеріңізге және Мысырда тұратын қазақ диаспорасына айтарыңыз бар ма?

— Мұнда өмір сүріп жатқан барлық қазақтарға және Қазақстан мәдениетіне қызығушылық танытатын, алыстағы елден келген барлық жанкүйерлеріме ең жылы сәлемімді жолдаймын. Маған жаңа континентте өз Отанымды таныстыру — зор мәртебе әрі үлкен қуаныш. Қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамын.

Билеттерді Tazkarti Events платформасынан сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

2026 жылдың 11 сәуірінде Қытайдың Макао қаласындағы Venetian Macao Arena алаңында «2026 Weibo Gala 微博文化交流之夜» атты салтанатты кештің ашылуында...

Бәйтерек жанындағы қойылымдар: Қазақстан астанасы Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon шоуын қарсы алды

Астана – болашақтың қаласы, әлемдегі ең жас астаналардың бірі. 2026 жылғы 9 сәуірде елорда Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon...

Қазақстанда өткен Димаш Құдайбергеннің жаңа сұхбаты

Freedom Inside форумы аясында Димаш Құдайберген Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиеваға сұхбат берді. Әңгіме басында алғашқы сұраққа жауап бере...

Димаш Кудайберген Freedom Inside форумына қатысты

2026 жылы 9 сәуірде Астанада алғаш рет Freedom Inside форумы өтті. Пікірталас алаңының жұмысына шақырылған амбассадор ретінде Қазақстанның Халық...

Бакир Тәжібаев: әндері халықтың үніне айналған ақын

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірі, 2026 жылғы Наурыз айы. Республика алаңында көпшілікке кеңінен танымал «Ақбұлақ» әні шырқалуда. Аталған туындыны...