ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген қазақтың «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсірді

Димаш Құдайберген қазақтың «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсірді

Dimash World Димаш Құдайберген қазақтың «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсірді

Димаш Құдайберген қазақтың «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсірді

2025 жылдың 15 мамырында Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті.

«Тау ішінде» премьерасы қарсаңында DimashNews редакциясы бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловтан және музыкалық фильмде басты рөлді сомдаған актриса Айым Сейітметовадан сұхбат алды.

Біз ең алдымен режиссер Ғалым Асыловқа әннің немесе сценарийдің, екі үлкен шығармашылық жұмыстың қайсысы бірінші орындалғаны жөнінде сауал қойдық. Сондай-ақ, қазақтың халық әнін заманауи сюжетпен үйлестіру идеясы қалай пайда болғанына да қызығушылық таныттық.

Әуелі, әрине, әнді орындап алдық. Біз сценарийді басқаша жазып, Димашты ерекше жанрда түсіріп, көрерменді таң қалдырғымыз келді. Әнші бұдан бұрын хоррор, экшн, ғарыштық фантастика жанрында бейнебаяндарға түсіп көрген, сол себепті бұл жолы комедия жанрында байқап көруді жөн көрдік.

Бейнебаянда әншінің айналасындағылардың барлығы қалай Димашқа «айналып кетті»? Түсірілімде ең қиын, қызықты және есте қалған қандай ерекше сәттер болды?

Димаштың бейнесін басқа кейіпкерлермен үйлестіру оңай іс емес еді, нәтижесі стандартқа сай келмеуі мүмкін, бірақ бәрі ойдағыдай болды деп ойлаймын.

Әсіресе, әкесі мен шешені болып ойнаған басты рөлдегі кейіпкерлердің ойыны, олардың кәсіби шеберлігі мені таң қалдырды. Бір қызығы, бейнебаянның алғашқы көріністеріндегі сөздерді түсірілім алаңындағы актерлар импровизациялаған.

Маңызды сұрақ: Димаш түсірілімнің соңында зардап шеккен жоқ па?

Жоқ (күлді). Керісінше, Димаштың өзі торттың соққысы шынайы болғанын қалады. Бірақ торттың үстінде шамдардың болғаны қауіптірек болды…
Димаш бейнебаянның тизерін шығарған сәтте көптеген жанкүйерлер өздерінің аккаунттарына басты кейіпкердің бойынан өздерінің бейнесін көргендерін айтып, әр түрлі видеолар сала бастады.

Біздің фильм, әрине, нақты бір жанкүйерлер туралы емес. Димаш өз жанкүйерлерін қатты жақсы көреді және құрметтейді, жанкүйерлерінің де әртіске деген ықыласы ерекше. Сценарий бойынша болып жатқан оқиғаның бәрі электр тогының әсерінің нәтижесінде пайда болған қиял мен күлкілі түс.

Басты рөлдерге актерлерді қалай таңдады?

Димаш бірден актерлік отбасыға ұсыныс жасады, бұл әрине, тамаша шешім болды. Ол отбасы Димашты бала кезінен біледі, яғни отбасылық достар.

***

Димаштың жаңа бейнебаянында ата-анасы, танымал әртістер Азат Сейітметов және Данагүл Темірсұлтановамен бірге қазақстандық актриса әрі блогер Айым Сейітметова түсті.

Айым ҚазҰӨУ-ді «Музыкалық театр әртісі» мамандығы бойынша бітірген. Актриса комедиялық және мелодрамалық сериалдар мен фильмдердегі рөлдерімен танымал. Ол: «Квартиранттар», «Той любой ценой», «Жібек», «Шекарасыз махаббат» және т.б. киноларда ойнаған.

Айым DimashNews редакциясымен бейнежазбаны түсіру жұмысының қалай басталғаны туралы біраз мәліметтермен бөлісті:

Маған анам хабарласып, Димаштың клипына түспекші болып жатқандарын және маған басты рөлде ойнауды ұсынғаны туралы айтты. Анам менің контактімді әншіге беріп қойғанын және олардың жақын арада маған қоңырау шалатыны туралы ескертті. Сценарийдің өте қызықты екенін және менің келісімімнің маңызды екенін айтты. Ата-анамды да клипке қатысуға шақырыпты.

Сценарий шынымен де өте қызықты екен. Мен бірден бұл жобаға қатысу туралы ұсынысты қуана қабылдадым.

Сіз тамаша комедиялық актриса ретінде танымалсыз және көптеген фильмдер мен телехикаяларда ойнадыңыз. Бұрын музыкалық бейнебаяндарға түсіп көрдіңіз бе? Ұзақ форматтағы фильмдерден айырмашылық бар ма?

Мен бұрын бейнебаянға түскенмін. Әрине, бейнебаянға түсу фильмге түсіруден оңай. Себебі бұл жерде сөйлеудің қажеті жоқ, бастысы – эмоцияларды мимика арқылы жеткізе алсаңыз болды.

Бейнебаянның сценарийі, «Димаш forever» стиліндегі реквизиттер ұнады ма?

Иә, сюжет шынымен де қызықты әрі ерекше. Ән де тамаша, заманауи. Димаштың керемет дауысы маған қатты ұнайды. Реквизиттен басты кейіпкердің жейдесін ерекше атап өткім келеді (күлді).

Сіз, өзіңіз қандай да бір өнер адамының жанкүйерісіз бе? Бөлмеңіздің қабырғасында постерлер ілінді ме? Сіздің өміріңізде бейнебаяндағы басты кейіпкердің басынан өткен оқиғалар болды ма?

Иә, мен 14-15 жасымда бір топтың жанкүйері болдым. Сүйікті әншімнің туған күніне торт пісіріп, қабырғаға оның суреттерін іліп қоятынмын. Бірақ бейнебаянның сюжеті әсірелеу мен күлкіліге толы болды. Әсіресе анамның татуировкасы мен әкемнің шаш үлгісін атап өткім келеді (күлді).

Ата-анаңызбен жұмыс істеу әріптестерден қарағанда оңай ма екен, әлде қиын ба екен?

Мен ата-анаммен бірге түсірілімдерге түскенді жақсы көремін. Олардың жанында өзімді ерекше жайлы сезінемін. Олар әрдайым қолдап, кеңестерін беруден аянбайлы. Әрине, олардың тәжірибесі де мол. Бір кадрға бірге түсу өте құнды дүние. Өйткені бұл да біздің отбасы тарихымыздың ұзақ жылдар бойына сақталатын естелігі.

Кинодағы ең алғашқы рөлімде әкеммен бірге түскен болатынмын. Ол сценарий бойынша маған әкемдей болған аға рөлін ойнаған болатын. Оның мені сол кездегі қолдауын ешқашан ұмытпаймын. Ата-анаммен бір кадрда ойнағаныма ерекше қуаныштымын.

Комедия жанрында түсірілген бейнебаянда түсірілім кезінде күлкілі жағдайларға тап болған сияқтысыздар? Оқырмандарымызбен бөліссеңіз.

Қызықты болғаны – би. Бастапқыда мені би сахнасында түсіру жоспарда жоқ болатын. Бірақ режиссер соңғы сәтте менің де биге қосылуым туралы шешім қабылдап, би оң нәтижесін берді. Жалпы, түсірілім жеңіл, тамаша көңіл-күйге толы, ерекше атмосферада өтті.

Димаш – юморды ерекше түсіне білетін адам. Сіз онымен алғаш рет түсірілім алаңында жұмыс істедіңіз. Алған әсерлеріңізбен бөліссеңіз.

Димаш – өте мұқият, қамқор жан, сондай-ақ, онымен әңгімелесу өте қызықты. Ол бәріне көңіл бөлуге тырысады. Осы үш күндік түсірілімде ұжыммен бірге өткізген аз ғана уақытымызда – қаншама эмоциялар, жылулық пен жақсы энергияға толы сәттер көп болды.

Димашпен және оның командасымен жұмыс істеу маған қатты ұнады. Ол көңілді, талантты және еңбекқор, сондай-ақ юморды ерекше түсінетін тамаша адам. Еліміздің нағыз мақтанышы! Осындай әншінің бейнебаянына түсу біз үшін үлкен мәртебе.

Бейнебаянның соңғы месседжі: армандарыңызға абай болыңыз, армандар орындалады. Армандар орындалатынына сенесіз бе? Сіздің арманыңыз не?

Бұл өте керемет месседж! Армандар шынымен орындалады. Армандаңыздар, бұл өте маңызды! Армандар сізді шабыттандырады, жігерлендіреді және алға ұмтылуға күш береді. Менің арманым көп. Мысалы: бизнесте жетістікке жеткім келеді, керемет рөлге ие болғым келеді, өз әлеуетімді одан әрі дамытқып, үлкен және ынтымағы берік отбасын құрғым келеді. Және, әрине, әлемде әрқашан бейбітшілік пен келісім болғанын қалаймын…

***

Достар!
Премьераның шығуына орай Димаш челлендж жариялады: трекке түсірілген ең қызықты және көп қаралған видео үлкен сыйлыққа ие болпды!

Челлендждің шарттары:
✔ Видео 30 секундқа дейін
✔ TikTok немесе Instagram
✔ Хэштег: #TauIshindeChallenge

Челлендж 25 мамырға дейін жалғасады. Жүлде – Димаштың өз қалауыңыз бойынша жеке концертіне жолдама (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшу және жатын орын жүлдеге кіреді.

Қорытындысы 26 мамырда Алматыда өтетін концертте/фан- кездесуде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген қазақтың «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсірді

2025 жылдың 15 мамырында Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің әніне...

“Dimash on the Road” жобасы Бразилияның жаңа қаласында жалғасуда

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай әртістің бразилиялық фан-клубы «Dimash on the Road» акциясын жалғастырды. Жоба аясында екінші...

Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа әніне челлендж жариялады

15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде “Тау ішінде” атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді! Премьераға орай...

Димаш Құдайберген «Астана Операда» Вьетнам делегациясының алдында өнер көрсетті

2025 жылдың 6 мамырында Димаш Құдайберген әртүрлі бағыттар мен салаларда белсенді дамып келе жатқан достық қарым-қатынастағы ел Вьетнамские представительствасына...

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

2025 жылдың 25 сәуірінде Virtuosos жобасының 10-шы мерейтойлық маусымының басты шығарылымы көрсетілді. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екінші рет...