ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Астанадағы музыкалық кеш: Temirlan & Yernat және Мансұр Құдайбергеннің...

Астанадағы музыкалық кеш: Temirlan & Yernat және Мансұр Құдайбергеннің концерті

Dimash World Астанадағы музыкалық кеш: Temirlan & Yernat және Мансұр Құдайбергеннің концерті

Астанадағы музыкалық кеш: Temirlan & Yernat және Мансұр Құдайбергеннің концерті

18 мамырда Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында атақты домбырашылар дуэті Temirlan & Yernat жас аспапшы Мансұр Құдайбергенмен бірге тамаша сазды кеш өткізді.

Көптеген халықаралық байқаулардың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаттары Ернат Наурыз бен Темірлан Олжабай халық арасында ең сүйікті музыкалық аспап – домбыраның сүйемелдеуімен көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі бүкіл тарихты қамтитын сахналық картиналар жасады.

Кеште музыканттар көренмендерге арнап классикалық музыка, қазақ күйлері мен жаңа туындылар орындады. «Bastau», «Vivaldi», трибьют «Jackson», «Жұмыр Қылыш», «Аманат», трибьют «Ерке сылқым», «Әке», «Путь», «Азия Микс», «Алем» шығармалары шырқалды.

Виртуоздық күй тартысының финалында Ернат пен Темірланға «Мұрагер» қазақ халық аспаптар ансамблінің 25 домбырашысы қосылып, тамаша туындылар орындады.

Концертті мульти-аспапшы Мансұр Құдайберген Ренат Гайсиннің әуенімен бастап, одан кейін ағасы Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы шығармалардың аспаптық нұсқаларын орындап, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.

Сахнада алғаш рет Димаштың «When I’ve Got You» әні Зарина Божакова, Расул Усманов және Диана Тұржанованың орындауындағы бэк-вокал электрогитараның тамаша үнімен тыңдарманға ұсынылды.

Пернетақтада Мансұр өзінің «Together» атты авторлық туындысын ойнады. Одан кейін – Димаштың барша Dears сүйіп тыңдайтын «Махаббат бер маған» және «Ұмытылмас күн» әндерін көрермендер хормен шырқады.

Кеш соңында Ернат пен Темірланмен бірге Мансұр да қолына домбыра алып «Адай» күйін орындап, концерт залын жандандыра түсті.

Концерт барысында атақты «Бірлік» және «Гүлдер» ұжымдарының әсем хореографиялық қойылымдары нөмірлерге ерекше сән берді.

Сондай-ақ музыканттардың көптен бергі досы әрі бірлескен автор, қобызшы Олжас Құрманбек қонақта болып, «Гладиатор» культтік фильмінің саундтрек нұсқасын орындаса, ал Ернат пен Темірланмен бірлесіп «Заман» атты туындысын қойды.

Концерттің вокалдық бөлігін белгілі әнші, «Славян базары-2021» фестивалінің Гран-при иегері Рухия Байдукенова шырқады. Ол көрермендерге «All By Myself» және «Махаббат Ғарыш» әндерін тарту етті.

Саунд-продюсер, әртістердің жақын досы Ерлан Бекчуринмен бірлескен домбырашылар дуэті концерттің атап айтуға тұрарлық бөлігіне айналды. Олардың орындауындағы «Кәусар сезім» композициясы залға нәзік сезім сыйлады.

Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ренат Гайсин, Қанат және Светлана Айтбаевтар қатысып, шараның жоғары деңгейде өткенін, жас таланттарды мемлекеттік және кәсіби сахнада қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

DimashAli шығармашылық орталығы ұйымдастыратын бірегей музыкалық кештердің форматы 26 мамырда «D and Dears» концерт/фан-кездесуінде жалғасады.
Димаш Құдайберген барша жанкүйерлерін өзінің әсем әндерімен Almaty Arena стадионында күтеді. Алматыда кездескенше достар!

https://ticketon.kz/astana/event/dimash-kudaybergen-fan-meeting

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...