ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

Dimash World Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына ұсынды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған жанкүйердің басын қосқан бұл концерт бірнеше континентте жалғасатын әлемдік турдың басталуына жол ашты.
Жаңа турдың шымылдығын түріп, көрермендерді сан қырлы шығармашылық әлеміне саяхат жасауға шақырған Димаш концертті ана тілінде орындалған «Dimensions» атты эпикалық туындысымен бастады.

Жаңа әлемдік турына арнайы көптеген жаңа туындыларды Димаштың өзі дайындаған. Олардың басым бөлігінің композиторы әншінің өзі болған.

Атап айтқанда, концерттің алғашқы бөлімінде ағылшын тіліндегі «Guilty of Your Light» және «Somebody Loves You» атты екі жаңа туындының тұсауы кесілді. Бағдарламаның бірінші бөлімі композитор Игорь Крутойдың «Olimpico» кантатасымен қорытындыланды.

Концерттің келесі бөлімі «Fire» әнімен басталып, ерекше сахналық қойылым барысында шынжырлар қолданылған әсерлі көрініс көрермен назарын сахнаға аударды. Одан әрі Димаш ағылшын тіліндегі «Drive On» және «Tell Me Why» әндерін, виртуоздық вокализді, сондай-ақ інісі Мансұр Құдайбергеннің авторлығымен жазылған «Release My Soul» композициясын алғаш рет орындады.

Концерт бойы жанкүйерлердің ерекше ықыласы мен қолдауы сезіліп тұрды. Олар концерт басталғанға дейін-ақ Димаштың әндерін бірге шырқап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Ал концерт барысында әрбір шығарманы зор қошеметпен қарсы алды. Дәстүрлі вокалдық жаттығу кезінде жанкүйерлер Димашқа «Мен сіздерді жақсы көремін» деген тіркестің поляк тіліндегі баламасын үйретіп, нәтижесінде әнші бұл сөздерді көрермендермен бірге ерекше ықыласпен әуенге қосты.

Қолындағы жарқын баннерімен әншінің назарын аударған молдовалық Тимур есімді бала Димаштың шақыруымен сахнаға көтерілді. Ол кеш иесінің қолдауымен өзінің сүйікті «Любовь уставших лебедей» және «S.O.S» әндерінен үзінділер орындады.

Шоудың үшінші бөлімінде экраннан бала күнгі Димаштың бейнесі көрсетіліп, ол әншінің өзі жазған «Omir» композициясын орындай бастады. Кейін сахнадағы Димаш әнді экранда бейнеленген өзінің егде жастағы нұсқасымен бірге жалғастырды.

Туған өлкенің музыкалық дәстүрлеріне арналған бөлімде «Aqerke», «Тау ішінде» және «Дүрдараз» халық әндері орындалды. Әрбір туынды өзіндік хореографиялық шешімімен ерекшеленіп, жеке сахналық қойылым ретінде ұсынылды.Домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыздың виртуоздық орындауындағы жеке музыкалық нөмірінен кейін Димаш сахнаға қайта оралып, «The Story of One Sky» композициясы арқылы бейбітшілікке үндеді. Одан кейін қобызшы Олжас Құрманбекпен бірге «Stranger» туындысын орындап, алдыңғы әлемдік тур мен жаңа шығармашылық кезеңнің арасындағы сабақтастықты айшықтағандай болды.

Бағдарламаның осы бөлімінде көрермендер қазақ тіліндегі жаңа «Moonlight» композициясын, өткен жылы тұсауы кесілген «Самғау» туындысын және «Любовь уставших лебедей» әнін тыңдады.

Шоудың қорытынды бөлімі әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер жатқа білетін «Ұмытылмас күн» әнімен басталды. Терең сезім мен махаббат тақырыбы түрік тілінде жақында ғана жарық көрген «Yazgi» композициясымен жалғасын тапты.

Концерттің соңында көрермендер «Give Me Your Love» және жаңа «Жаңа күн» әндерінің ырғағына қосылып, ерекше көңіл күйге бөленді.

Димаш Құдайберген барша жанкүйеріне олардың ықыласы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, алдағы концерттерде қайта қауышуға шақырады.

Әлемдік тур енді ғана басталды! Келесі кездескенше!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...