ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

Dears Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер көрсетуі Димаштың Польшадағы алғашқы концерті мен DIMENSIONS әлемдік турының ашылуы қарсаңындағы мерекелік бағдарламаның бір бөлігі болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от DimashNews (@dimash.news)

ICE Kraków конгресс орталығындағы бұл кездесу түрлі елден жиналған 400-ден астам Dears-тың басын қосты. Кештің арнайы қонақтары – әншінің ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, сондай-ақ Димаштың бэк-вокалисі Расул Усмановтар болды.

DiVoices хорын үш жыл бұрын польшалық Dimash Kudaibergen Fanclub Poland фан-клубы құрған болатын. Осы уақыт ішінде ұжым Димаштың әндеріне көпдауысты хорға арналған аранжировкалар негізінде көптеген кавер дайындады. Олардың хорға арналған өңдеулерін жанкүйерлер арасында Агнес есімімен танымал Агнешка Хлап әзірлейді. Ол шығармаларды хормен орындауға бейімдеп, әр дауысқа жеке партия жазып шығады.

Краковтағы кездесуде DiVoices «Тау ішінде» және «Махаббат бер маған» әндерін орындады. Кештің айрықша әсерлі сәттерінің бірі – Светлана Айтбаева мен Расул Усманов бірге шырқаған «Махаббат бер маған» әнінің орындалуы болды.

Хор мүшелерінің поляк тіліне аударып орындаған «Дурдараз» әні де музыкалық тартудың бірі болды. Ал «Любовь уставших лебедей» композициясы хорға арналған аранжировкада көпдауысты орындау арқылы жаңаша сипат алды.

Сонымен қатар осы кеште DiVoices хоры «Morskie Oko» гураль фольклорлық ансамблімен бірлесіп өнер көрсетіп, поляк халқының «Hej, bystra woda» атты халық әнін орындады. Осылайша бір концерттік бағдарлама аясында екі елдің музыкалық дәстүрлері тоғысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қарсы алған польшалық Dears қауымы оларды өз халқының мәдениетімен таныстырып қана қоймай, сүйікті әншілерінің ана тілінде ән шырқап, қазақ мәдениетіне деген ерекше ықыласы мен құрметін білдірді.

DiVoices ұжымының үш жылдық қызметі барысында Димаштың шығармашылығына деген сүйіспеншілік ортақ музыкалық бастамаға ұласты. Хорға арналған аранжировкалар, әндерді қазақ тілінде орындау және поляк тіліне аудару ұжым мүшелеріне таныс туындыларды өзіндік мәнермен жаңаша танытып, басқа жанкүйерлермен бөлісуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...