ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

Dears Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер кездесуі өтті. Польшалық фан-клуб ұйымдастырған PreParty кешіне түрлі елден 400-ден астам адам жиналды.

Краковқа Қазақстан, Қырғызстан, Чехия, Словакия, Румыния, Германия, Украина, Норвегия, Финляндия, Италия, Франция, Аустрия, Испания, Канада, Беларусь, Колумбия және өзге де елдерден Dears келді. Концерт қарсаңында олар достарымен жүздесіп, пікірлес жандармен танысып, поляк халқының қонақжайлығын сезініп, кешті бірге өткізу мүмкіндігіне ие болды.

Польшалық фан-клубтың негізін қалаушылар Тереза Какол мен Моника Василевская қатысушыларға құттықтау сөз арнады. Ал әншінің ата-анасы Қанат және Светлана Айтбаевтар мерекелік кештің арнайы қонақтары болды.

Кеш ұйымдастырушылары қонақтарды Польшаның музыка және би дәстүрлерімен таныстыратын бағдарлама әзірледі. Krakus ұжымы залға полонез әуенімен кірді. Мерекелік бағдарлама халық билері мен әзіл-сықақ қойылымдарына ұласып, кейін көрермендер өнерпаздармен суретке түсіп, бірге ән шырқады. Сондай-ақ кездесу қатысушылары Краковтың танымал нышандарының бірі — Лайконикпен де жүздесті.

Бағдарламада бірнеше жылдан бері Димаштың әндерін кавермен ұсынып жүрген польшалық фан-клубтың DiVoices хорының өнеріне ерекше орын берілді. Бұл кеште әр түрлі тілде, соның ішінде қазақ тіліндегі әндер да шырқалды. «Махаббат бер маған» әнін орындау кезінде хорға Светлана Айтбаева мен Расул Усманов қосылды.

Кеш Польшаның таулы өңірлеріндегі халық мәдениетін танытатын «Morskie Oko» гураль ансамблінің өнерімен жалғасты. Ұжым сахнаға шыққан сәтте DiVoices хорының мүшелері ансамбльмен бірге «Hej, bystra woda» әнін орындады.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...